Материалдар / Сынып сағаты "Алғыс айту-парызым!"

Сынып сағаты "Алғыс айту-парызым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты "Алғыс айту-парызым!" 3-сынып Материал бастауыш сынып мұғалімдері мен практиканттарға 1-наурыз алғыс айту күніне сынып сағатын өткізуге көмегін тигізеді
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,сандықша, шарлар және т.б.

Барысы:

1-о Бекарыс

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

2-о Ару

Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!

3-о Аділет

Қазақ — деген аты бар,
Өзгермейтін салты бар.
Туғаны бар, жаты бар.

Отаныма мың алғыс!

4-о Алихан

Түннің сәнін келтірер,
Көңілге күй шертілер.
Арнайы сый етілер.

Ай-жұлдызға мың алғыс!
5-о Кәусар

Арайлы таң ататын,
Қызаратын, бататын.
Күлімдеп үн қататын.

Күн нұрына мың алғыс!

1-ата-ана: Бекарыс мама

Балаларым-бақытым да байлығым,
Сендер барда ұмыт болар қайғы-мұң.
Алғыс айтып Жаратқаннан тілеймін,
Жүректерім көрмесе екен қайғы-мұң.

2-ата-ана Қарақат мама

Өздеріне қаратар,
Қуанышын таратар.
Бақытына балатар.

Балаларға мың алғыс!
6-о Диас

Немересін ойнатар,
Сәл нәрсені тойлатар.
Көңілдерді жайлатар!

Ата-әжеге мың алғыс,
7-о Айкерім

Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!
8-о Жаннат

Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!
9-о Муслим

Жүректері мейрімді,
Нұрлы етер үйімді.
Түсінетін күйімді.

Аналарға мың алғыс!

10-о Арай

Құрбы-құрдас, достарым,
Аман болсын бастарың.
Баршаңызға мың алғыс,
Ашық болсын аспаның!
6-о Айназ

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім,

Басқарған Асқар ағайға

Шәкірттер басын иеді
7-о Сымбат

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту еткен,
Дина апайға басымызды иеміз!

8-о Гүлжаз

Орындық, шкаф, парта деп,

Соның бәрін табатын.

Шаршамайтын күлетін.

Зыр жүгіріп жүретін,

Завхоз апайларға мың алғыс!

9-о Индира
Қызуымызды өлшейтін,

Дәрісін берген қолымен.

Дәрігер апай сіздерге,

Алғыс айтып қоямыз!

10-о Абдулмансұр

Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Гүлбану мен Камиладай,
Ұстаздарға мың алғыс!

11-о Дінмұхамбет

«good morning, teacher» деп бастаймыз,

Олардың әрбір сабағын.
Бақылаймыз кейде біраз,

Түйіп келген қабағын.
Айгерім мен Маржан апай

Сіздерге алғыс айтамыз!

12-о Сәуірбек

Ұстаздың – сөзі асыл баға жетпес,
Əр сөзі мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!
Ән «Алғыс»



ЖИ арқылы жасау
03 Наурыз 2022
1016
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі