400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сынып сағаты "Алғысым шексіз Анама"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халқы 2016 жылдан бері Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. - Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Алғысым шексіз Анама!


Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: сынып сағатының тақырыбы,таратпа қағаз, суреттер

Барысы:

1. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.


2.Кіріспе сөз.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...Айтпақшы, РАХМЕТ!!!


3.Әңгімелесу

Ризашылық дегеніміз не?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


4.1-Наурыз –Алғыс айту күні

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.


5.Миға шабуыл:

Ал сіз кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз?

Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.

Мысалы:

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін... т.б.


6. Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінін оқу


7.Эссе жазу:

«Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!» хат жазу.

Оқушылар аналарына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу.



8.Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

Оқушы ойлары тыңдалады.


9. Қорытындылау

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Алғыс айтам...» Оқушылар кімге алғыс айтатынын жазып тақтаға іледі.

Жүректен жүрекке:     Біздің тілек.   Ғ. Жұмабаев

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.02.2019
1408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі