400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сынып сағаты Амал келді,Жыл келді!

Материал туралы қысқаша түсінік
көпшілік қауымды Амал күнімен құттықтау.Наурыз мерекесінің қазақ халқының салт –дәстүрін, әдет ғұрпын, мәдениетін жаңғыртып қастерлейтін күн екенін түсіндіріп жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Жаукенова Гулнара Жаугаштиевна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебі музыка пәні мұғалімі

Сынып сағаты

Амал келді! Жыл келді!

Мақсаты: көпшілік қауымды Амал күнімен құттықтау.Наурыз мерекесінің қазақ халқының салт –дәстүрін, әдет ғұрпын, мәдениетін жаңғыртып қастерлейтін күн екенін түсіндіріп жеткізу.

Мектеп фойесін мерекеге сай безендіру.

Барысы:

1-жүргізуші:

-Естімеген естіңдер!

Тыңдамаған тыңдаңдар!

Амал келді! Жыл келді!

2-жүргізуші:

-Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда.

Қызықтан тыс қалмаңдар,

Амал тойы басталды!

1-жүргізуші:

-Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,

Жолықсын қариялар жас күнімен.

Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық,

Ежелгі ата- баба дәстүрімен.

Ақынның шарықтасын асқақ әні,

Көтеріп жұрт көңілін тастағалы.

Ағайын жолыменен бұрынғының,

Отырмыз Амал тойын бастағалы.

2-жүргізуші:

-Жаңа ағытқан қозыдай, жамырасып өрістен,

Амал күні кәрі –жас ,құшақтасып көріскен.

Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Наурыз құтты болсын , дендеріңіз сау, мықты болсын!

Ән: Наурыз –думан

1-жүргізуші:

-Көріңдер, көңіл бөліңдер,

Ақ әжелер ыдысқа

Ақ құяды, көріңдер,

Наурыз, саған жол болсын,

Тілегім анық сол болсын.

Деген ырым жақсы ғой:

«Халықта ақ мол болсын!»

(келген қонақтарды дастархан басына шақыру)

2-жүргізуші:

-Жарасады міне енді,

Нағыз тойдан қашпасақ.

Кел, ортаға, би биле,

Тартынбашы, жас қазақ!

11-сынып оқушыларының орындауында «Қаражорға» биі

1-жүргізуші:

-Қариялар батасын береді екен,

Бата деген ақ тілеу керек екен.

Жақсы дәстүр, жақсы сөз , игі тілек,

Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.

Ниет, ықылас білдіру –

Әр адамға аманат.

Ата –баба дәстүрі

Батаны біл, жамағат.

(кезекті батаға беру)

2-жүргізуші:

Наурыз мерекесі әр шаңыраққа бақ –береке , қуаныш, шаттық сыйлай берсін деп «Амал келді! Жыл келді!» атты мерекелік шарамыз бүгінгі күннен бастап өз жалғасын таба береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі