Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сынып сағаты: "Ақылдылар мен көңілділер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Көңілділер мен ақылдылар сайысы»
8-9 сынып оқушылары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ой-өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру.Оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы ой-өрісін кеңейту.Тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдық тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс- сабақ
Сабықтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар
Қолданылған нақыл сөздер:
1.Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
2. Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Армысыздар білім мен ғылымға құштар шәкірттер!
Бүгінгі сабағымыз «Көңілділер мен ақылдылар сайысы» тақырыбында жарыс түрінде өткізіледі. Мақсатымыз белсенділік танытып, білімді екенімізді көрсете білу. Бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанама?
Білім мен өнер жырысып,
Тәрбие – білім табар мін.
Кім жүйрік қойға, солайда – дегендей, бұл сайыста екі топ жарысқа түседі.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
Әділқазылар / оқушылар/ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
І. Таныстыру(аты, ұраны, эмблемасы)
ІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» (топ сайысы)
ІІІ. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)
ІV. « Сергіту сәті» (көрермендер ойыны)
V. «Ойымды жалғастыр» ( топ басшылар сайысы)
VІ. « Кім жылдам?» (топ белсенділер сайысы)
VII.Қорытынды
Талай жырлап сан ғасырдың дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ күн
Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,
Талай ғылым сеннен алды бастауын
Сол ғылымның жолын қуған қызықты
Тұр тапқырлар күтіп ойын бастауын!
І.Таныстыру(аты, ұраны, эмблема)
Әр топ өз топтарын таныстырады, эмблемасын қорғайды.
1-топ: «Көңілділер»
Дайын біздің команда, шығыңдар кәне жарысқа
Кімдер ептіі, кім алғыр, озып шығар сайыста
2-топ: «Ақылдылар»
Сұрақтың да саны бар ғой қойылатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамды керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді.
І-топ
-
Сіздің анаңыз балаңызға кім болады? (нағашы әже)
-
Әйелдер мерекесін қай күні тойлайды? (8наурыз)
-
«Күйеу» сөзінің баламасы (жұбайы, отағасы)
-
Екі қыздың баласы бір – біріне кім болады (бөле)
-
1км неше метр бар (1000м)
-
Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады (жарысқазан!
-
Өз атын қаайталайтын құс (көкек)
-
«Тақиялы періште» фильмінің басты кейіпкері кім (Тайлақ)
-
Төлегеннің сүйіктісі (Жібек)
-
Тышқанның жауы (мысық)
ІІ-топ
-
Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады? (нағашы ата)
-
Күйеуіңнің шешесі саған кім болады? (ене)
-
Құрт неден жасалады? (сүт)
-
Қозы Көрпештің сүйіктісі ( Баян Сұлу)
-
Енеңіздің есімі кім?
-
1 тоннада неше кг бар? (1000кг)
-
«Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкері кім? ( Жібек)
-
Қантқа қайнатылған жеміс-жидек (тосап)
-
Пингвиннің Отаны (Антарктида)
-
Алғашқы мүшел жас (13жас)
ІІІ. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)
-
Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн – жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лақ қалған? (6 лақ)
-
Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол. Ешкім «2» алған жоқ, бірақ бағаларың әр түрлі. Тоқтар «3» алған жоқ, Ержанның бағасы «3» те, «5»те емес, - деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат-3, Ержан-4, Тоқтар – 5)
-
Егер екі кірпіштің салмағы 8кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
-
Егер тнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? (болады)
-
Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болады.?
1.қазақ тілі
2. тарих
3.математика
-
Бір кісі қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы алдынан шықты. Қанша адам қалаға барады?
ІV. «Ойымды жалғастыр» (топбасшылар сайысы)
1-топ
-
Сөз анасы – құлақ, (су анасы – бұлақ)
-
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
-
Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
-
Ек жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
-
Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
2-топ
-
Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
-
Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
-
Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
-
Білгеннің бір тоғыз, (білмегенің тосан тоғыз)
-
Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
V. «Сергіту сәті» (көрермендер сайысы)
1-топ. Дене тәрбиесі деген жазу оқушыға көрсетіледі, математика деген жазу 2 –топқа көрсетіледі.
-
Осы пәнді ұнатасың ба?
-
Сабақтың немен айналысасыңдар?
-
Олимпиада, жарыстарға қатысасыңдарма?
-
Үйге қандай топсырма береді?
-
Барлық балалар жақсы көредіма пәнді?\
-
Қандай ұсыныс айтар едіңЮ
-
Бұл пәнге арнайы киім киесіңдерма?
-
Құралдар пайдаланасыңдарма? Ол андай құралдар?
2-топ. Кітап деген жазу оқушыға, ұялы телефон деген жазу 1- топқа көрсетіледі
-
Сенде ол зат бар ма?
-
Ол заттың көмегімен сен не істейсің?
-
Осы заттан мұғалімдер үй тапсырмасын береме?
-
Оны мектепке әкелесің бе?
-
Оны үнемі қолданған пайдалыма?
-
Қандай күтімді қажет етеді?
-
Сенде сол заттың нешеуі бар?
-
Мектептен тегін берілеме?
VII. кім жылдам?
Бір жақ үстелге кішкентай шарлар мен шырын ішетін таяшалар беріледі. Екінші жақ үстелдің үстіне стакандар қойылады. Таяқшалар арқылы кішкентай шарларды стаканға салу керек. Әр бір салған ыдысқа 2 ұпайдан беріледі. Кімде ұпай көп сөл топ жеңіске жетеді.
VII. Қорытынды
Ендігі кезегін әділ қазылар алқасына береміз
Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!
«Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
Сынып сағаты
Тақырыбы: «Көңілділер мен ақылдылар сайысы»
2019-2020 оқу жылы