Сынып сағаты: Аяулы анашым 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты: Аяулы анашым 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға құрмет көрсетуді арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 1

Өткізген :Журкина Күлмира Амамбаевна

Сынып сағатының тақырыбы: Аяулы анашым

Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға құрмет көрсетуді арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: слайд, аналар жайлы нақыл сөздер,шарлар


Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,оқушылар! «Аяулы анашым» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Көктем мерекесі 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Көктемнің алғашқы төл мерекесі – Аналар мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,амандық тілеймін жүздеріңнен күлкі кетпесін!

Аналар – ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім
Сенің арқаң мына өмірге келгенім


Айшаның орындауында «Анашым» әні

Мұғалім: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,

сәбилердің бақыты.


Оқушылардың тақпақтарын тыңдау


Мақал-мәтелдің жалғасын табу:

1) Отан-.............анасы (елдің)

Ел-.................анасы(ердің)

2) Ананың көңілі............................(балада)

Баланың көңілі...........................(далада)

3) Баланың бас ұстазы-.....................(ата-ана)

4) ата-ананың қадірін ...................болғанда білерсін(балалы)

5) Ананың сүті-...............(бал),баланың тілі-...................(бал)



Мұғалім:Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызарда ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма
Борышты оған небір дархан дана да
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Одан берік, одан нәзік жан бар ма?
-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Дарияның орындауындағы «Милая мамочка» атты әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім.Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қыздардың орындауындағы «Қолшатыр» биіне береміз.


Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ұлдардың «Флешмоб» биі


Ән: «Асыл әжем », орындайтын Жанару,Аружан,Мейрамгүл


Мұғалім:Көз алдыңа қыз десең гүл келеді,
Гүлсіз дала әлбетте сұр келеді,
Табиғаттың оларсыз еш сәні жоқ,
Гүлмен ғана дала әсем түрге енеді.
Көз алдыңа қыз десең, гүл келеді,
Жайқалады жер үсті, күллі әлемі
Соларменен қызықты мынау өмір
Лықсып - лықсып жүрекке жыр келеді.
Құрметті оқушылар ,біздің «Аяулы анашым» атты сынып сағатымызды осымен аяқтаймыз.Сау-саламатта болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2022
888
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі