400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты Бастауышым -балбұлағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге кажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бастауыш пен қоштасу мерекесі

«Бастауышым-балбұлағым»

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен ,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздар мен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлымен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздермен тақырып,шар.

Кіріспе сөз:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.



Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған

«Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға,

Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!



Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

4 «а» сыныбын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.

Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!

Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақжаулықты аналар, ардақты әкелер!

Барлығы: Қошкеліпсіздер, құрметті қонақтар!

Мұғалім сөзі: Мұғалім:

Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.

(Экранға назар аударыңыздар-слайд)

Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Жапабаев Ермұхан Темірғалиұлына беріледі.

1 номер: .4 «ә» сынып қыздарынын орындауында ән қарсы алыныздар.

Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Жасұлан: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Жансая: Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Жасұлан: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер,

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Жансая:Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Жасұлан: Ия, мектебімізге қандай жыр арнасан да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1.оқушы:(Сания)Мектеп деген білім кені , жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2. оқушы:(Амина)

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған



3. оқушы:(Жасұлан)

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ержетіп сенде сөзім, арттысанам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтседағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай біржүрекбұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

4.оқушы:(Наргүл)

Алтын ұя мектебім аялаған

Бар балаға білім беріп сая болған

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін

Жаманға да жақсығада пана болған!

5. оқушы:(Қыран)

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

6. оқушы:(Гүлназ)

Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Бараржергетезжетеміз.

Төртжылалғанбілімнәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

2 номер: Ән мектебім қабыл алыңыздар.

Жансая: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Бақдаулет?

Жасұлан: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Жансая: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

1. оқушы:(Алғатай)

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып ,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2. оқушы:( Толқын)

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

3. оқушы: Гүлназ

Ұстаздың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны – бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы

4.оқушы: Али

Ұстазым бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген

5. оқушы: Жансая

Мектебім менің аяулым

5 – ші сыныпқа таядым

Ұстазым менің Лаззат

Білімін оның ақтаймын

Айтқанынан қайтпаймын

Мен ұстазымды тыңдаймын

Ұстазым

Ұстазым менің арайлым

Жанымда болдың әрдайым

Білім беріп өсірдің

Біліміңді ақтаймын

Мектепті мен бітіріп

Сіздің жолынызды қуйын

Серік болып білімге

Арманыма самғаймын.

6.оқушы:Солтан

Қиынға төзуге

Жамандықтан безуге

Жақсылық жасауға

Үйреткен қашанда

Мұғалім ол біздің

7 оқушы Амина

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,

Әр балаға сіз ана-әкедейсіз.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.

8-оқушы: Сания

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.



9-оқушы: Жасұлан

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

10- оқушы: Наргул

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқтанған.



11- оқушы: Қыран

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

12-оқушы Ильяс

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Ән: «Ұстаз-Ана!»

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс отты мына жүректерден.

Жасұлан:

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталды жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.

3 номер.4 «Ә» сыныбының орындауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар.

Жансая бүгін міне бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?

Толқын:

Бастауышта шырқалмаған жыр барма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Амина: Бастауышым – бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Гульназ:Бастауышым – балбұлағым,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.







Ильяс: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол былғаймын.

Жасұлан:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

4 номер:Ортага «Ұстазым » әні.

Жансая:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

Жасұлан: «Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,

Үлпілдетіп балапандай самғатты.

Мейірімімен мәпелеген біздерді,

Ата - аналар аманбысыз ардақты.

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.







Жансая: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.

Жасұлан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

:5 номер:Ән: «Қос бәйтерегім»

Жасая:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөзбар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей алмайсын» деген.Алайда ардақты анамыздың ақсүтін ақтай білгенгене жетсін!



Жасұлан:Иә, дұрыс айтасынАқмарал!Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емеспе?

Ақ сүт беріп аялаған,

Бізден бәрін аямаған.

Жанашырым саялаған, Ол кім?

Бәрі: аяулы анамыз.

Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына қандай әсем әндерін арнайды екен.

6 номер.Ән: «Әке-Ана» 4 «Ә» сыныбының орындауында.

Мұғалім: Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған,

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған

- дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Абдрасимова Рая Елеукеновнаға беріледі.

7 номер.Сіздің құрметіңізге ән «Ұстазға мың тағзым».

Мұғалім: Мұғалім:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Ал ата-аналарға айтарым:

Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын.

Тек биікке самғасын!

Ал түлектерге айтарым:

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар!

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген – бір мұрат.

Алдына түсіп ананаң,

Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өзбаласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.

(Ата-аналарға сөз беру)

8 номер «.Мың алғыс саған ұстазым» әні



Жансая: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде!

Сіздерге арнап айтатын тілегін де — дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!













Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,

Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.

Бастауыштан алған нұрлы білімді,

Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін, бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.

Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез – келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін!

.

Мұғалім: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.

Жансая: Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі

Пана болған, дана болған біз үшін,

Жанымыздан артық дер ек біз сізді.











9 номер .Ән «Қош бол Ұстазым»

Осымен Бастауышым балбұлағым атты қоштасуымыз өз мәресіне жетті.Қош – сау болыңыздар

«Бастауыш мектеппен қоштасу» әні





















































































Мақсаты:

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;

3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Видеоролик «Шуақты 4 жыл …»

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз , енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4-сыныптың «Қош бол, бастауыш» атты мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген — бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген — бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! (Оқушылар ортаға шығады)

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп отырайық,

4-сынып оқушылары ортамызда!

Мұғалім:

Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

(Музыка «Жазамын жүрегімнен»)

1 — жүргізуші: Р

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2 — жүргізуші: А

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

1 — жүргізуші: Р

Армысыздар, әжелер мен аналар!

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

2 — жүргізуші: А

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

1 — жүргізуші: Р

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр-алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

2 — жүргізуші: А

Дұрыс айтасың Расул! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді, міне мен де мектептен тәлім алудамын.

1 — жүргізуші: Р

«Мектеп — білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Ғалымжан Серікбайұлына

Сөз кезегін береміз.

Мектеп директорының құттықтау сөзі

2 — жүргізуші: А

Құрметті Индира әпкей, қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

1 — жүргізуші: Р

— Балалар, айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар, өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді.

1-оқушы: 4 сыныпты 8 бала бітіргелі отыр (Сая)

2-оқушы: Сыныптың орта жасы – 9 жас (Абзал)

3-оқушы: Бойлары – 130 см, 4 жылда әр бала 15 см-ге өсті (Инабат)

4-оқушы: Салмақтары — 30 кг, 4 жылда әр бала 4 кг-нан салмақ қосты. (Ерзат)

5-оқушы: Сынып оқушылары мейірімді, ақкөңіл, алғыр (Балнұр)

6-оқушы: Сыныпта 3 оқу озаты мен 2 екпінді бар (Ерасыл)

1-жүргізуші: — 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқыдық.

2-жүргізуші: — ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.

1-жүргізуші: — басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып, ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр

2-жүргізуші: — үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде, мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.

1-жүргізуші: — 6560 дәптер жазып тастаппыз

2-жүргізуші: — қосымша парақтарды айтсаңшы

1-жүргізуші: — 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4 жыл еңбектендік.

2-жүргізуші: — Ал ол дегеніміз — 2 904 сабақ

1-жүргізуші: — 102 сынып сағаты

2-жүргізуші: — 2 433 шулы да, көңілді үзілістер

1-жүргізуші: — тау-тау оқылған кітап беттері

2-жүргізуші: — реніштер мен қуаныштар, қызықты оқиғалар.

Оқушылар хормен: Бұған тек әлділер ғана шыдайды.

1-жүргізуші: Десек те, біздің сыныпта ешкім де, екінші жылға оқуға қалған жоқ қой.

2-жүргізуші: Әрине, барлығымыз бәйгеге қосқан тұлпардай жүйткіп келеміз!

1-жүргізуші: Ия, Ақмаржан мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.

2-жүргізуші: Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларына кезек берейік.

1 — оқушы: Ерзат

Мектeп деген – білім кені жыр кені,

Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.

Мeктеп деген – тәрбиеші адамға,

Мектeп деген – даналардың мекені.

2 — оқушы: Балнұр

Мектебім білім берер алтын ұям,

Бой жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3-оқушы: Ерасыл

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі,

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

4-оқушы: Сая

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы: Инабат

Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

6-оқушы: Абзал

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған,

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

1-жүргізуші: Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ақмаржан?

2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой. «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

1-жүргізуші: Ия, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Расул, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі — бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

1-жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де — ұстаз өсіреді» деген екен.

2-жүргізуші: Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстазымызға арнаймыз!

1-оқушы: Ерзат

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

2-оқушы: Балнұр

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,

Әр балаға сіз ана-әкедейсіз.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.

3-оқушы: Инабат

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

4-оқушы: Ерасыл

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

5-оқушы: Сая

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

6- оқушы: Абзал

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқтанған.

7- оқушы: Расул

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: «Ұстаз-Ана!» Балнұр

1-жүргізуші: Р

Қағылды, міне, әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау.

Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен

Шындық па осы, япыр-ау !

2-жүргізуші: А

Расында да, 4 жыл деген 4 күндей боп өте шықты ғой. Олай болса, мына бізге білім берген ұстаздарға деген шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар!

1-оқушы: Ақмаржан

Байсалды мінезіңіз бірқалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Роза әпкей неткен мықты төзімдісіз,

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.

2-оқушы: Сая

Үйреткен сөз өнердің қыр-сырларын,

Гүлденткен үлес қосып бала бағын.

Жансая әпкейге шексіз алғыс,

Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

3-оқушы: Ерзат

Орыс тілді оқытып,

Тілімізді ширатқан.

Сыныпқа кіріп келгенде,

Қимылдамас еш пенде.

Айгүл апай тәртіпті,

Ұғындырған біздерге

4- оқушы: Ерасыл

Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Құралай апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

5-оқушы: Балнұр

Ұстаздардың арқасында шаттандық,

Сөзін ту ғып, болашаққа аттандық.

Еңбек пәні мұғалімі Күлпаш әпкей

Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

6-оқушы: Инабат

Музыка атты пәніміз,

Айтылар онда әніміз.

Еркінбек ағай үйретсе

Шырқатамыз бәріміз.

1-жүргізуші: Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы бүлдіршін едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз.

2-жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

1-жүргізуші: Иә, міне, сағымдай боп өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

2-жүргізуші: Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!

1-оқушы: Сая

Бастауышым – бал бұлағым,

Лаулап жанған шам-шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

2-оқушы: Ерасыл

Бастауышым- бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

3- оқушы: Балнұр

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

4— оқушы: Ерзат

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

5-оқушы: Инабат

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?

Бастaуышта алған білім, жырларым,

Азық болар , әлі талай жылдарға.

6-оқушы: Абзал

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті, міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді» Ақмаржан

1-жүргізуші: Расул

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

1-оқушы: Балнұр

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым

2-оқушы: Расул

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

3- оқушы: Ақмаржан

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

4-оқушы: Абзал

Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бәрі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

5-оқушы: Ерасыл

Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып, ән айтып,

Шаттанамыз қалыспай.

Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу»

1-жүргізуші: Расул

Біздердің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

2-жүргізуші: Ақмаржан

Олай болса келесі жыр шумақтары аяулы ата-аналарымызға арналады. Қабыл алыңыздар!

1-оқушы: Абзал

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

2-оқушы: Ерасыл

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

1-жүргізуші: Әр ана өз баласын жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Расул! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?!

1-оқушы: Сая

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

2-оқушы: Балнұр

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Хормен: Ата-ана сізге мың алғыс!

Ата-аналарға алғыс хаттарды табыс ету

Видео ролик

2-жүргізуші: А

Соңымыздан еріп келе жатқан мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндеріне бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.

1-жүргізуші: Р

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,

Бәрі біздей азамат болғалы тұр.

Біріншіге келетін балаларға

Тапсырамыз білімнің кілтін біз.

2-жүргізуші: А

Осыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!

1-жүргізуші: Расул

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,

Бүлдіршінді аяласын күн нұры.

Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,

Бүгін соңғы қоңыраудың сыңғыры.

2-жүргізуші:

Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!

Ән: «Қимай тұрмын бастауышты» Расул

1 — жүргізуші: Ақмаржан

Жетекші боп жүрдіңіз түлектерге,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де — дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,

Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.

Бастауыштан алған нұрлы білімді,

Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін, бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.

Мұғалім: «Қоштасу әні»

Ұстаздың қоштасу әні

Ақ жол тілеп түлектерді шығарып салады

Мұғалім:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Ал ата-аналарға айтарым:

Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын.

Тек биікке самғасын!

Ал түлектерге айтарым:

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар!

Арман-тілектерін айтып, әуе шарларын аспанға ұшыру





Бастауыш сыныппен қоштасу



Жүргізушілер:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!



Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...



Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға,

Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!



Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

4 «А» сыныбын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.



Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.



Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.



Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер,

Бүгін міне бастауышпен қоштасар,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.



: Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.



Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.



Мектеп деген білім кені жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.



Мектебім білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.



4.Білімнің кілтіндей

“Әліппе” ұстатқан

Оқуға іркілмей

Тоқуға ұстартқан.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.



5. Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда,

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.



6.Шыңдап күнде мен енді

Шынықтырам денемді

Сүйемін ән-күй сабағын

Суретті сәндеп саламын







Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.



! Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.





11.-Үлкендерді сыйлауды,

Құнды кітап жинауды



12.-Адалдарды сүюді,

Тентектерді тыюды,



13.-Оқуды ауыр көрме! – деп,

Ылғи да алға өрле! – деп,



14.-Жақсы істерді құп ал! – деп,

Досың үшін қуан деп.



15.-Санамай жылдың күн, айын,

Баулыдыңыз ұдайы



16.- Ұсындыңыз қол үшін:

Рақмет Сізге сол үшін!





Сонымен қатар бізге пән мұғалімдері де сабақ берді, ол мұғалімдерге де айтар алғысымыз көп.



Алтынай Сланбековнаға

Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде

Секір, жүгір шымыр болар денең деп

Салауатты өмір салтын уағыздап

Денемізді шынықтырған бар күш сап

Алтынай апайға мың алғыс!



Айгүл Сериковнаға



Орыс тілін үйренеміз,

Әр сөзін біз меңгереміз.

Мың алғыс айта отырып,

Айгүл апайға бас иеміз!



Гүнәр Океновнаға

Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі

Шет тілімен шәкірттерін қашан да

Гүлнәр апай сусындатып жүреді







Гүлнәр Жумашевнаға

Гүлнәр апай саналады жеке-дара

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Әніңізді жаттаған әрбір бала







Мадина Карпковнаға

Өзін-өзі тану сабағы

Біздерге қатты ұнады

Мадина апай көп рахмет

Үйреткен бізге жақсыны



Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.



Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.



Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңа,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың



Алғқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап,

Шәкірттерін жиі еске алатын.



Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталды жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.



Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс отты мына жүректерден.



Бастауышта шырқалмаған жыр барма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.



Бастауышым – бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.







Бастауышым – балбұлағым,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.



Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол былғаймын.



Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.



«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,

Үлпілдетіп балапандай самғатты.

Мейірімімен мәпелеген біздерді,

Ата - аналар аманбысыз ардақты.

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.



Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.



Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.





Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!



Иә, дұрыс айтасын Айжан! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?



















Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз ,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз ,

Әдебиетпен достасамыз.



Ойланып есеп шығартып,

Төрт амалды білдірген.

Ғылымдардың патшасы ,

Математика данасы.



: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын ,

Етістіктің шақтарын ,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадық

5 – сыныпқа барған соң,

Тіл мамандары бағалар.



Ой жіберсең бәріне,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер ,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.





: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?

Бастауышта алған білім, жырларым ,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.



Өтті сенде қызық шағым ,

Бастауышым – бал бұлағым .

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.















Көрініс: «Пәндер айтысы»

Математика: Достар, жүріңдер. Ғылымға барып ақыл – кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық.

Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?

Математика (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып):

- Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.

Ғылым: Ендеше, баяндаңдар.

Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т. б. ғалымдар есебін қалай есептей алады.

Ана тілі: Жоқ, Мәртебелі Ғылым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.

Қазақ тілі (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында):

- Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Ағылшын тілі:

- Тоқтаныз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемде үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады.

Орыс тілі (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса, қалайша ол үш түрлі тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінің аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?

Дүниетану:

- Ал, мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?

Дене тәрбиесі (спорттық қимыл көрсетіп):

- Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға калдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой.

Ғылым: Өнер, сен неге үнсіз қалдың?

Өнер: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды қалаймын.

Ғылым: Барлығынның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендерінді ескертемін. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық, достар.















Ата - аналарға сөз.

«Орта буын» хандығының патшасына сөз берейік:

Бұйрық. 2017жыл. 4 «А» сынып балдырғандары бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын. Қабылданбас бұрын дәстүрге байланысты ант берілсін!

1. Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға.

(Ант етеміз – хормен бірге)

2. Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға.

(Ант етеміз – хормен бірге)

3. Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға.

(Ант етеміз – хормен бірге)

4. Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге.

( Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз) – 3 рет ақырғысын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі