400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты ,Білім кітапта 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 3 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты. Бұл жұмыс оларға кітап оның маңыздылығы,оны кңтудің маңыздылығын түсінуге септігін тигізеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:01.10.2018

Тақырыбы: Білім-кітапта

Мақсаты: Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру. Білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.Кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кітаптар.

Барысы:

  • Кітап деген не?

  • Неше түрі бар?

  • Кітап оқу ұнай ма?Неліктен?

Кітап – қарым- қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған . Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Топтық жұмыс:

1-топ:Кітапты қалай ұстау керек?

2-топ:Кітап сөзіне синквин құрастыру.

3- топ:Кітапқа байланысты мақал-мәтел жазу.

Жұмыстарын қорғау.

Кітап туралы ережелер:

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.

2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.

3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.

4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.

5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.

6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.



Ұқыпты оқушы.

Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,

Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын

Таза болсын беттері - сызылмасын.

Көрген кісі кітабы кір демесін.



Жұмбақтар:

Қабат - қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. / кітап /





Мақал - мәтел

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.



Артық ғылым кітабы

Ерінбей оқып көруге.



Кітап білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.



Нақыл сөздер.

1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.

2. Кітап - құдіретті қару.

3. Кітап- ғалым тілсіз мұғалім.

4. Кітап - өмір ұстазы.

Қорыту:

-Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітап асып таспайтын асыл досымыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.04.2019
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі