400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Достық –бірлік пен ынтымақ негізі»

Әлеуметтік педагог: Жүсіпова Күлпан

Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резервінің

мамандандырылған мектеп-интернат –колледжі



Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру;
Оқушылардың достық туралы ой - пікірлерін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу.
Сабақтың әдісі: Пікір - талас
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.
«Жақсы адам - тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң, бір жақсыға ілесе аларсың» дейді екен халық даналығы дегендей бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. («Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)













Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Әлішер- алғырмын
Қайрат-қайраттымын
Дінмұхаммед- иманды баламын
Томирис-тіл алғыш
Ән: «Қайдасыңдар, достарым»









Жүргізуші:- Достық деген не?
Дос деп кімдерді айтамыз?

Достарды қайдан кездестіруге болады?

Дос болу үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар?

Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
Шын досың сырттан әр ісіңе тілектес болып жүреді. Қиын қыстау күндерде сенімді ақтар дос бар да, дос қадіріне жетіп, достықты кіршіксіз сақтай алу бар. Адал дос мінін айтқанға арланбай ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу керек.
Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Екінші, жалған дос/амал дос/. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.
Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.
Жүргізуші: Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.   

Біз бүгін « 9а» сынып оқушылары арасында «Достық – бірлік пен ынтымақ негізі» деген тақырыпта пікірлесу сабағын ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз кешегі шәкірттеріміз – бүгінгі студенттер мен бүгінгі шәкірттеріміз – ертеңгі студенттердің достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.





Жүргізуші: Енді «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»- дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.

О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші:
Қандай адамдар досқа лайық?
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек, медет болуынан, қам - қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын - қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.

Көрініс:
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді

Мінездеме беру
Өздеріңнің қолдарыңның суретін саласыңдар. Әр саусақтың бұрышына бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. Досың туралы әңгімелейсің.

ІІІ. Өлең жолдары
- Енді, балалар, өлеңдеріңді тыңдап көрелік.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,Соларменен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым, ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос жүректер өсекке бағынбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

YІ. Мақалды жалғастыр

1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».

Жүргізуші:
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі! Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адам тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем - сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?

Т а л д а у

Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.
Махамбет Өтемісұлы айтпақшы:

Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Жан - Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?





































Қорытындылау.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.


Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.



















Северо-Казахстанская областная специализированная

школа- интернат- колледж

олимпийского резерва

Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резервіні

мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі


Shape1











г.Петропавловск

2018-2019 учебный год.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі