400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты: Дұрыс тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сынып сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Журкина Күльмира Амамбаевна

Мақсаты: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету.

Барысы: Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.

1.топтастыру.Балалар дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер

Shape1

Shape4 Shape3 Shape2 Дұрыс тамақтану





Мұғалім:Балалар,жаңа сіздер жеміс-жидектер,көкөністер жеу керек дедіңдер.

Неге жеміс-жидектер,көкөністерді жеу керек? Өйткені құрамында дәрумендер бар

-Дұрыс айтасыңдар,балалар. Жеміс-жидектердің,көкөністердің құрамында

көптеген дәрумендер бар.(слайд көрсету)

Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А – қажет көзіңе,
В — жүйкені тоғайтар,
С – дан микроб безінер.
Д – сүйекті нығайтар.

Мұғалім:
1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?(жуу керек)

2. Тамақтану алдында не істеу керек?(қол жуу керек)

-Дұрыс айтасыздар,балалар!

Айша мен Аружанның дайындаған көрінісін көрейік.

Автор :Әсел сабақтан кейін дүкенге барып кола,чипсы,құрт,шоколад,печенье сатып алды да үйге келіп бәрін жеп алды.Біраздаң соң іші ауыра бастады.осы кезде анасы келді


Әсел: Анашым ішім ауырып тұр

Анасы: Қызым ау,саған не болды екен? Не жедің бүгін сен?

Әсел: Мен дүкенге барып кола,чипсы,құрт,шоколад,печенье сатып алдым,үйге келіп соларды жеп едім.

Анасы: Әселжан,енді түсіндім неге сенің ішің ауыратынын.Сен ащыны да, тәттіні да,газдалған сусынды да,чипсы бәрін жеп ішіңді ауырттың.олай болмайды. Дұрыс тамақтана білу керек.

Мұғалім: «Дұрыс тамақтану ережелері»видеоролигін қарап шығайық.. Оқушылар көргендерін баяндайды. Мұғаліммен бірге ой бөлісіп, түсінгендерін айтады.


Жұмбақтар шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)


2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)


3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)


4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)


5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)


6,Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)


7.Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)

Мұғалім:Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.

«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»

Денсаулық – спортпен шұғылдану
Денсаулық - дұрыс тамақтану.
Денсаулық - тәулігіне 8 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық - тазалық сақтау.
Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Осы кезде мектеп дәрігерінің шағын дәрісін тыңдау.(Денің сау болсың десе)

Ойын:(Кім көп біледі?) жалғасымен жауабын кім шешеді. 1Дана көптен шығады....... (дәрі шөптен шығады) 2Бірінші байлық -.............(денсаулық) 3Ауырып ем іздегенше......... (Ауырмайтын жолын ізде) 4......... қара шашынды тара.(Айна) 5Дені саудың.......(жаны сау) 6........... денсаулық кепілі.(Тазалық) 7Ішің ауырса аузыңды тый. Көзің ауырса......(қолыңды тый) 8Шынықсаң........(шымыр боласың) 9Денсаулық......(зор байлық) 10…..... адамның арқауы.(Ас) 11Ауру батпандап кіреді.... (мысқылдап шығады) Оқушы: Денсаулық - ол шыныққан Барлық денең мүшесі Денсаулық - тыққан Жүйке тамыр жүйесі

Мұғалім:Міне ,осы ережелерді сақтасаңдар деңдерің сау ,мықты ,еңбекқор, ақылды боласыңдар.Деніміз сау болсын десеңдер, таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2022
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі