«Шыпан»
жалпы орта мектебі.
Күзгі
демалыс кезінде қашықтықтан өткізілген
«Дұрыс тамақтану –Денсаулық кепілі»
сабақ жоспары.
Сынып
жетекші:Абдугаппарова Наима.
Сынып
сағаты (қашықтықтан )
Сабақтың
тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық
кепілі
Сабақтың
мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану, уақытылы
тамақтану туралы түсінік қалыптастыру;
оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты
өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Сабақтың
әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақтың
көнекілігі: слайд
Сабақтың
барысы: І. Кіріспе бөлім:
Мұғалімнің
сөзі:
-
Балалар, сендерге қазіргі кезде не үшін
сабаққа бармай қашықтықтан оқып
жатқанымыз белгілі,себебі елімізде
санитарлық эпидемиологиялық ахуал орын
алған сол үшін біз білім алуды бірқатар
іс шараларды қашықтықтан ұйымдастырып
отырмыз .Кәзірге кезде біз күзгң демалысқа
шықтық,Балалар :сендер демалыс екен деп
көп ойнауға болмайды себебі біз қосымша
сабақтар жасап білімімізді одан әрі
шынықтыруымыз керек. Данышпан атай хат
арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол
жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі
басты байлықтың не екенін түсінесіңдер
және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың
жауабымен тығыз байланысты.
Оны
күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін
білген жарандар,
Байлық осы
деседі. (денсаулық)
Адамның
ең үлкен байлығы – денсаулық.
Ал денсаулықты, ағзаның күшін
нығайтудың басты кепілі – дұрыс
тамақтану. Адам ағзасы үшін
сыртқы ортаның кері әсерлеріне
үнемі қорек тұруға тырысады.
Тамақтану – адам ағзасы үшін аса
маңызды қажеттілік. Біздің
денсаулығымыз көбінесе қалай
тамақтануымызға байланысты.
Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.
Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне
көп күш-қуат жұмсалады.
Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік
заттарды біз ішер астан
аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда
осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз.
Сынып сағатына қош келдіңіздер. Сынып
сағатының тақырыбын қане оқып білелік.
Дұрыс
тамақтану- денсаулық кепілі.
ІІ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ.
Негізгі бөлім
Мұғалім
түсіндірмесі.
Дұрыс
тамақтану – денсаулық кепілі, яғни
дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы
жақсы болады. «Ас адамның арқауы» деп
халық бекер айтпаған. Дұрыс тамақтанбаған
адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы
төмендейді.Балалар
бүгін біз дұрыс тамақтану жайлы эссе
жазамыз. Сұрақ жауаптарға қатысып
отырамыз.
Қазір «Ашық
микрофонға»
шығып, өз білімімізбен бөліселік:
Дұрыс
тамақтанудың жөнін білетін адамдар
былай дейді:
-Дұрыс
тамақтанудың екі түрлі шарты бар.Ол
уақытында тамақтану және тамақты
түрлендіріп жеу қажет дейді.
-Уақытында
тамақтану дегенмен келісесіздер ме?
Егер келіссеңіздер, неге?
-Тамақты
түрлендіру қажет пе? Не
үшін?
Слайдты
тамашалаңыздар.
Бақшасында
атамның
Көкөністер
көп екен
Теріп,
жинап аламыз
Себеттерге
саламыз
Пияз,
картоп, қызылша
қарбыз,
сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ
қиярлар
Шалқан
болса тағы бар.
Денсаулық
әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам
баласына табиғат сыйлаған басты байлық.
Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына
келтіру қиын.
Күніне
3-4 рет уақытында тамақтану қажет.
Тағамды
3-4 сағаттан соң қабылдау керек
Тамақтанып
отырған кезде қатты сөйлеме, қолды
сермеме
Тамақты
шайнамай жұта сал
Тамақ
ішер алдында қолыңды сабындап жу
Ұйықтар
алдында тойып тамақ іш
Тамақтан
бұрын тәттілерді көп же
Тамақты
асықпай, жақсылап шайнап жеу керек
Сүт,
жемістер мен көкөністер біздіә
денсаулығымызды құртады
Тамақ
ішіп болған соң «рахмет» айт
Есіңе
сақта:
Денсаулықтың
негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды
сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3.
Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп
отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет
оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6.
Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды
шай, қолыңды жу.
«Тамақты
шын көңілмен сүйсініп ішу керек»
И.
П. Павлов
Жалпы
дұрыс тамақтану деген сөзге толығырақ
тоқталсақ:
Уақтылы
тамақтану.
Яғни
тамақты белгілі бір уақытта ішуге
тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян.
Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа
тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді.
Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы,
асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына
зиянды.
Тамақты
дұрыс ішіп-жеу.
Тамақ
жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып,
дұрыс шайнамай жеу де зиян.
Пайдалы
дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер
жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне
өте пайдалы.
Ет,
сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам
денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге
дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да
жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды
сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді
жуып жеу керек.
Қорыту: Адам
баласы өмірде екі нәрсенің қадірін
білмейді. Біріншісі - денсаулық
болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай
кезден адам баласы пайдалы тамақтармен,
түрлі дәрумендермен уақытылы
тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы
мықты әрі күшті, ой-өрісі кең
болады.
Балалар
карантин талаптарын сақтаңдар үйден
шықпаңдар,ойын сауық орталықтарына
бармаңдар.Далаға шығарда маска тағындар
қолдарыңды мұқият сабынмен
жуындар.Көкеністерді жуып жеңдер.
Тазалық-денсаулық кепілі!