400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты: «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 «А» сыныбы.Алматы қаласы, № 73 мектеп-гимназия

Сынып жетекшісі:Шалаказакова Рахима

Сынып сағатының тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік»

Мақсаты: 

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер
Әдісі:  сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі
: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Хор: Әнұран. 
- Кәне балалар Отан деген не? 
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады? 
- Біздің - Отанымыз Қазақстан. 
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

– Отанымыз Қазақстан
– Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, гимн.
– Елордамыз Астана қаласы.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды. Осы 26 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды, тарихымызда ХХ ғасырдың маңызы зор.
Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт өкілдері еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, демалуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысын, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтың құқықтарына нұқсан келтірмейді.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің жүзеге асыруына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді.
1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР – ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 4 маусымда ҚР – ның Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік рәміздерді қабылданды.
1992 жылы 1 наурызда – ҚР – ның азаматтық заңы қабылданды.
1992 жылы 15 қарашада ұлттың валюта төл теңге дүниеге келді.
1998 жылы 20 мамырда ҚР – ның астанасы – Астана қаласы болып бекітілді.

1 - оқушы: Арыстандай айбаттым. 
Жолбарыстай қайраттым, 
Аспандаған байрақтың 
Қанша жұлдыз жайнаттың. 
Қанша бұлбұл сайраттың, 
Қазақстан ардақтым. 

2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран, 
Аясында қалқыған. 
Аспан түсті туым бар, 
Көк теңіздей шалқыған. 
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам әлемге танылды анық. 
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен, 
Арманым ата заңым қабылданып. 
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда, 
От пен ауа, суың да. 
Жаса Қазақстаным, 
Белді бекем буында. 
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам 
Өркен жая бастаған 
Болашақтың есігін 
өз қолыңмен аш маған. 
6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді 
Тартылмасын өрісің 
Биік ұстау туымды 
Қасиетті борышым. 
7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, 
Екпіндеген қыран құсты үні бар. 
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай, 
Қазағымның желбіреген туы бар 
8 - оқушы: Отан деген атамекен 
Отан деген туған жер. 
Отан ана, Отан үлкен 
Қазақстан туған ел. 

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 
1 - оқушы: Отан от басынан басталады. 
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық. 
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, 

IV. Д. к. Жаңа білімді бақылау. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне сұрақ белгілеп, жауап береді)
V. Д. к. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім – көңілге түйгенім.
- Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік? Ал енді кластер құрастырайық. (дәптерге жазу)
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
- Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.
VI. Д. к. Үй тапсырмасын түсіндіру. Алғаныңды тиянақты.
1. Тірек - сызба бойынша әңгімелеу.

ҚР – ның әрбір салауатты азаматы өздері өмір сүріп отырған Отанын сүйіп, құрметтеп, сыйлауы тиіс. Себебі олардың толыққанды өмір сүруіне республикамызда барлық жағдай жасалған.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі