400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты Елін сүйген -Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты 2 сынып Елін сүйген -Елбасы атты сынып сағатымды тәжірибе алмасу ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Ы.Харес


Сыныбы: 2 а

Уақыты:29.12.2021ж

Сынып жетекшісі: Г.Салыкова

Сынып сағатының тақырыбы:

Елі сүйген Елбасы

Сынып сағатының
мақсаты:

Болашақ ұрпаққа елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағұлмат беру

Елбасы өмірін,еңбек жолын үлгі ету арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сынып сағатының
міндеті

Ел Президентін құрметтеуге,Қазақстанның болашақ патриоттарын қалыптастыру

Сынып сағатының түрі:

Ашық тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым,айтылым.оқылым

Ресурстар:

Слайдтар,30 жетістік Менің Президентім,шарлар,суреттер,рәміздер,жалаушалар




Жүру барысын алдын
ала үйлестіру




Алғашқы сөз (кезең)









































Ортаңғы кезең































































































Соңы (бекіту)







Ұйымдастыру

Сынып бөлмесін әзірлеу

Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай мектебіміз бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылады. Сөйтіп, біз де өз сыныбымызда «Елін сүйген, елі  сүйген  Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. 
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе, «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Әнұран

I бастаушы:
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2 бастаушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. 
Ән: «Елім менің»

1-Әмина:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2- Диас:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
3- Халима:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұр ағамыз биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
4-Айкерім:
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

1-слайд «Балалық шағы»

• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-слайд «Жұмысшы Нұрсұлтан»
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-слайд: Президенттің саяси өмірбаянының бастауы 
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

4-слайд«Ғылыми атақтары» 
Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары 
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төрағасы

5-слайд «Елбасы отбасымен»
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; 
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; 
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

6-Мұратхан
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағамның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

7-Тахир:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
8-Азиз:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ән Тәуелсіз ел ұланы


9-Нұрислам

Ел бағына туылған

Ұлтқа ұран,ту болған

Халқы патша сайлаған

Нұрлы сұлтан-Нұрсұлтан

10-Көркем

Елі үшін қала салып қиырдан

Қашпаған еш ауыртпалық қиырдан

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған


Топпен жұмыс «Менің рәміздерім»

Күн күлтелерінен «Менің Президентім» құрастыру

Қорытынды






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі