Материалдар / Сынып сағаты: “Еріктілер деген кім?”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты: “Еріктілер деген кім?”

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты Тәрбие бағыты: Адамгершілік бағыт Тақырыбы: Еріктілер деген кім? Мақсаты: Оқушыларда волонтерлік қозғалыс, оның негізгі бағыттары және қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Міндеттері: Тағдыр тәлкегіне түскен адамдарға деген мейірімділік пен жанашырлық сезімін ояту; Ерікті қызметке қатысуға қызығушылық танытуға ықпал ету; Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, түрлі түсті қағаздар, сөз жұмбақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2023
1438
24 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты

Тәрбие бағыты: Адамгершілік бағыт

Тақырыбы: Еріктілер деген кім?

Мақсаты: Оқушыларда волонтерлік қозғалыс, оның негізгі бағыттары және қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

Тағдыр тәлкегіне түскен адамдарға деген мейірімділік пен жанашырлық сезімін ояту; Ерікті қызметке қатысуға қызығушылық танытуға ықпал ету;

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, түрлі түсті қағаздар, сөз жұмбақ.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ма балалар! Қалдарыныз қалай? Сабақты бастамай тұрып шаттық шеңберіне тұрайық. Шеңберде мұғалім көрсеткендей бір-бірімізбен сәлемдесеміз.

Енді балалар назарымызды экранға аударайық.(Экранда еріктілерге қатысты суреттер көрсетіледі). Балалар бұл суреттерден не көріп тұрсындар? Иә, бұл суретте еріктілер және олардын жасап жатқан қайырымдылық жұмыстары көрсетілген. Сонымен бүгінгі сынып сағатымыздын тақырыбы «Еріктілер деген кім?».

  1. Негізгі бөлім

Балалар еріктілер деген кімдер деп ойлайсыздар?

Алдымен ерікті (волонтер) деген терминге тоқтала кетсек, ол латынның «voluntarius» деген сөзінен шыққан. Ерікті – тегін жұмыс істей отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуға ұмтылатын адам. Ол волонтерлік қызмет қағидаларына негізделген қызметті жүзеге асыруға үлес қосатын кез келген жеке тұлға, оның ішінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да болуы мүмкін.

Еріктілер немен айналысады?

Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгеншекөмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады.

Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.

Біз «Волонтер» деп айтқан немесе естіген кезде, біз олардың осы қағидаларды қатаң ұстанатын адамдар екенін нақты түсінуіміз керек:

1. Ерікті түрде –яғни, бұл менің не істейтінімді өзім таңдайтынымды білдіреді! Бұл менің тілегім, менің еркім!

Сондықтан «біреу мәжбүрлеген», «біреу жұмсаған» немесе «біреу сеніп тапсырылған» адамдардың барлығын волонтерлер деп атауға болмайды. Мүмкін, бұл адамдар да жақсы және пайдалы іс жасап жүрген шығар – бірақ бұл волонтерлік емес.

2. Ақысыз – бұл менің жұмысым үшін ақы, сыйақы күтпейтінімді білдіреді. Бұл ақы үшін жұмыс емес. Бұл - менің риясыз үлесім! Өз қызметі үшін кез-келген үлгіде және мөлшерде ақы алатындардың бәрі волонтер емес бұл жалдамалы немесе штаттық қызметкерлер.

Қызметті жүзеге асыру үшін волонтерлерге берілетін ресурстар немесе

керек-жарақтар (күректер, тырмалар, майкалар, қалпақтар, байланыс үшін берілетін бірліктер және т. б.) төлем болып табылмайды

3. Қоғамның игілігі үшін – яғни, бұл менің әлеуметтік жағдайды өз ісіммен жақсартып жатқанымды білдіреді. Менің ісім басқа адамдарға пайдалы! Менің туыстарым, достарым немесе менің бағынатын адамдарым үшін тегін жұмыс жасау,әлеуметтік мазмұны жоқ ойын-сауық, саяси, спорттық іс-шараларға қатысу арқылы мен жақсы және қызықты шаралар өткіземін, бірақ бұл волонтерлік ЕМЕС.

4. Қызмет –яғни, тек нақты амалдар мен іс-әрекеттер волонтерлік бо- лып табылады. Егер адам немесе адамдар тобы қоғам үшін пайда туралы өз еркімен және ақысыз талқылайтын болса – бұл волонтерлік емес. Нақты істер маңызды! Волонтерлер. Олар кімдер?

Сонымен, еріктілер – бұл, қоршаған өмірді жақсартуда ақысыз, саналы түрде және жауапкершілікпен өз уақытын қиып, бар күш-жігерін саламын деген таңдау жасаған тәуелсіз, психологиялық тұрғыдан жетілген адам!

Волонтерліктің пайдасы неде?

Қоғам үшін пайдалы:

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек

Экологиялық жағдайдың жақсаруы

Қиын жағдайларда халықты қолдау

Жануарларға көмек

Әлеуметтік қиын мәселелерде

Волонтердің өзіне пайдасы:

Өзінің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін жүзеге асыру мүмкіндігі

Қызметтің әртүрлі салаларында даму және өзін сынау

Жан-жақты тәжірибе алу және қолдану

Жаңа қызықты және пайдалы адамдармен танысу

Оқуға түсу немесе жұмысқа орналасу кезіндегі бәсекеге қабілеттілік •

Саяхаттау мүмкіндігі

Кез-келген жаста сұранысқа ие болу және ұнамды іспен айналысу

Өзін-өзі көрсету, өзін-өзі таныту, қабілетін іске асыру және т. б. мүмкіндіктері

Ал енды балалар экранға назар аударайық ( бейнеролик көрсетіледі )

Балалар видеода не түсіндіңіздер? (Балалар өз түсінгендерін айтады)

Қазір ойын ойнайық ойынның аты «Қателескен мұғалім»

Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.

Керемет балалар, барлықтарыңыз дұрыс жауап бердіңіздер! Енді қазір назарымызды экранға аударайық (экранда сөзжұмбақ көрсетіледі), бірге осы сөзжұмбақты шешейік.

  1. Қорытынды бөлім

Сынып сағатымыздың соңына да жетіп қалдық. Бүгінгі сынып сағатымыз ұнап, ұнамағаның білу үшін сіздерге үш түрлі түсті қағаздар таратылады: қызыл, сары, жасыл. Қызыл түс сабақта түсініксіз жайттар болды дегенді білдіреді. Сары түс сабақ жақсы өтті дегенді білдіреді. Ал жасыл түс сынып сағаты өте қызықты, әрі көп жаңа ақпарат алдық дегенді білдіреді. Осы қағаздарды көтеріп, баға бересіздер.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе мұқтаж жандарға қол ұшын беру керек. «Басына іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер» деп қазақ атамыз аитып кеткен. Біреудін өміріне күліп жүретін жаманның қатарынан емес, әрдайым мұқтаж жандарға көмек беретін жақсылардын қатарынан болайық.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!