400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты: «Ғарыш әлемі» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, ғарышкер, зымыран жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағатының тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

Өткізілген күні: 12.01.2021

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Журкина Күльмира Амамбаевна

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, ғарышкер, зымыран жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, зымыран, ғарышкерлер суреттері

Әдіс-тәсіл: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме,ойын, «Гүл сыйлау» әдісі

Барысы:

Шаттық шеңбері: «Гүл сыйлау»әдісі арқылы оқушылар бір біріне гүл сыйлап, жақсы тілектерін айтып шығады.

Мұғалім:Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Күміс қанат сұңқары

Көкке еркін сүңгиді

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?  (ғарышкер)


2 топқа

Зер, зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем. (Жер)

Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?

Ғарышқа немен ұшады?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, ғаламшарларды, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
/Слайд /
Сендер білесіңдер ме, ең алғаш ғарышқа ұшқан Белка және Стрелка есімді иттер екен.(Бейнерөлик көрсету)

Содан кейін, сәуір айының 12-сі күні ғарышқа ұшқан – Юрий Алексеевич –Гагарин.

Ал қазақ елінің қандай ғарышкерлерін білесіңдер? (слайд көрсету)

Қазақ халында тұнғыш рет ғарышқа ұшқан – Тоқтар Әубәкіров.

екінші болып ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері ол Талған Мұсабаев. Үшінші болып ғарышқа ұшқан – Айдын Айымқұлов.

Ғарышкерлер қай жерден ұшады?

Олар ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшқан.Ол Қызылорда облысында орналасқан.

- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?

- Жер ғаламшарында.

- Біздің төбемізде не бар?

- Ғарыш әлемі бар.

- Ал ғарыш әлемінде не бар?Ғарыш денелерін атап шығыңдар.

(жұлдыздар,ғаламшарлар,күн,ай,серіктер)

Ғарыш-космос-space

Ғаламшар-планета-planet

Күн қандай дене?(Жұлдыз)Жер ше?(Ғаламшар)

күн-солнце-sun

жер-земля-earth

- Ғаламшарда ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Оны «Скафандр» деп атаймыз. Ғарышкерлерге арналған бұл киім арнайы жабдықталған, бұл киімнен ыстық та, суық та өтпейді және арнайы сөйлесу үшін жабдықталған.- Ал сендер ғарышқа ұшқыларын келе ме?

-Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?- иә, ғарышқа кез келген адам ұшыра бермейді. Ол үшін жақсы оқу керек, ақылды болу керек, білімді, денсаулықтарың мықты болу керек.

Слайд көрсету

-Балалар қараңдаршы ғарыш әлемі қандай керемет! Мұнда не көріп тұрсыңдар? Қандай ғаламшарлар көріп тұрсыңдар?

- Жарайсыңдар балалар!

Ал енді сабағымызды көркем еңбек сабағымызбен байланыстырып сурет саламыз

Қорытындылау.
- Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері ?
- Скафандр деген не?
- Зымыран деген не?
- Ғарышқа қайдан ұшады?
- Балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті жақсы салып, жақсы қатыстыңдар! Керемет!Осымен сынып сағатымыз аяқталды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.01.2022
3683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі