Материалдар / Сынып сағаты «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге қажет. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
903
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!

(КинорежиссерАяған Шәжімбаевтың туған күні)







Тақырыбы: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»

Мақсаты:

1. КинорежиссерАяған Шәжімбаевтың өмірбаянымен таныстыру.

2. Шығармаларымен таныстыру.

3.Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, презентация

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.

1.КинорежиссерАяған Шәжімбаевтың өмір жолына шолу жасау. Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев

Қазақ кино өнерінің көрнекті қайраткері, режиссер, актер, сценарийші Аяған Шәжімбаев 1952 жылы 25 қарашада солтүстік Қазақстан облысы Есіл Ауданының Қаратал ауылында туған . Әкесі - Қуандық, анасы- Мәдина. Отбасының үшінші перзенті болып дүниеге келді. Есімін әжесі Бәдиша Сандыбайқызы қойған. Әкесі –майдангер, анасы –тыл ардагері.

Аяған Қуандықұлы 1959 жылы туған ауылындағы бастауыш, кейін Бірлік орталау мектебін, 1970 жылы Петропавл қаласындағы №2 облыстық қазақ мектеп-интернаттты ( қазіргі Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернат) бітірді.

Сол жылы еңбек жолын бұрыңғы «Ленин туы» (қазіргі « Солтүстік Қазақстан») газетінің редакциясында кшкі әдеби қызметкер болып бастады. 1971 жылдың көктемінде әскерге алынып, бір жыл «Байқоңыр» ғарыш айлағында әскери борышын өтеді.

1972-1974 жылдары алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы акдемиялық драма театрының актерлік студиясында оқыды. 1973 жылдың жазында Мәскеуде бір айлық гастрольде болып, белгілі театр өнері майталмандарынан тәлім-тәрбие алды.

1974-76 жылдары Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында актерлік қызмет атқарып, сахналық өнер шеберлігін шыңдады.

1976-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында «Транссібір экспресі» көркемсуретті фильмінде актер, режиссердің ассистенті болды. Кейін 20 шақты фильмді түсіруге екінші режиссер және актер ретінде ат салысты. Сол жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Бүкілодақтық кинематография институтының «ВГИК» жоғары курсын тамамдады.

Аяған Шәжімбаев өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен «Бәйтерек», «Барбол», «Толғау», «АЛЖИР», «Актер Әнуарбек Молдабеков», «Режиссер Жұмат Шанин», «Домбыра үні», «Алтынбектің әндері» т.б деректі фильмдерін түсірді. Саяси қуғын- сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» (1989 ж.) фильмі бар.


2.Топтық жұмыс. Аяған Шәжімбаев туралы түсінгендерін топтық жұмыста талдап, кластер құрастыру.

3.Жазғандарын қорғау.

Қорытынды:

-А.Шәжімбаев кім екен?

-Ол туралы не білдік?

-Тағы А.Шәжімбаев туралы не білгілерін келеді?


Стикерге жазып, тілек ағашына жапсыру.







































Анықтама

Күні: 22.11.2017

Мақсаты:

1. КинорежиссерАяған Шәжімбаевтың өмірбаянымен таныстыру.

2. Шығармаларымен таныстыру.

3.Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, презентация



Қатысқандар: 2 «Б»сынып оқушылары


Қорытынды: КинорежиссерАяған Шәжімбаевтың өмірбаяны және шығармаларымен танысты. Білімге деген ынталары , құлшыныстары артып, өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті. 





















Picture 1

Picture 2

Picture 3





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!