Сынып сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу. 3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

   Шаттық шеңберіне тұру.

   Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.

Олай болса,  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»  атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол үшін не істеуіміз керек?

 ІІІ. Негізгі бөлім:

  1.   Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

       -  жол бойында қалай болса солай жүріп,

       -  доп қуалайтыны,

       -  ролик тебетіні,

       - жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

       -  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

2. Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді  күзеткен,  
Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)               

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)  

3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің  қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік  жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»

Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп...
- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.
- Қоян,  жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
- Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.

Бейнеролик тамашалау.

 IV.  Қорытындылау

1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

  Ал енді сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен, көрейік.

  - Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

  - Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің  ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

  - Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

V. Кері байланыс








Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!»

Мақсаты.
1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін еске түсіру, жинақтау.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауғақұқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: суретті тест, слайдтар, жол жүру ережелері
І. Ұйымдастыру. Зал шарлармен, көшеде жүруге байланысты стенд, суреттер, нақыл сөздермен безендірілген.
ІІ. Кіріспе
Сұрақ – жауап.
- Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Бағдаршам туралы не білесіңдер?

Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.
Қызыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”

Сары көзі
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды

Жасыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.

Бағдаршам

Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?

ІІІ Топқа бөлу.
Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.
1 - топ – «Қызыл»
2 - топ – «Сары»
3 - топ -«Жасыл»
ІV Сайыс кезеңдері.
1 – сайыс “Кім шапшаң?”
Суретті тест тапсырмаларға жауап береді. Топ оқушылары кезекпен жауап береді.
2 – сайыс Блиц - турнир сұрақтары


Топ оқушылары үш сұраққа бірден жауап беруі керек.
Қызыл
1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
3. Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?
жасыл 
1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
2. Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т. б. көлік түрлерінің қай
жағынан өтуге болады?
3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?
сары 
1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
2. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?
3. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?
3 – сайыс “Жол белгілерін сақтайық” суретті лото ойыны
Әр топқа лото ойыны таратылады. Жол белгілерін дұрыс тапса, жол ережесіне байланысты мазмұнды сурет құрастырылады. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру, шатастырмауға үйрету.
А) Ескерту белгісі
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.
Ә) Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Б) Нұсқау белгісі
Баратын жерінің бағыты тұрағым,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
4 – сайыс “Кім жылдам?” Сөзжұмбақ сайысы
Әр топқа сөзжұмбақ жазылған үлестірмелі материал таратылады. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «Бағдаршам» деген сөз шығады. 
Қорыту, марапаттау.
Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңіске жеткен топты марапаттайды





























Сынып сағатының талдауы


Мұғалім: Ишамбаева Асылзат Қадыржанқызы

Сынып: 1«Ә»

1.Сыныпқа мінездеме, оның оқуға деген мүмкіндіктері

1«Ә» сыныбында 24 оқушы бар .Оның ішіндегі 16-ы қыз бала,8-і ұл бала. Сыныптан тыс сағатына оқушылардың барлығы толық қатысты.

2.Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

3.(білімділік,дамытушылық,тәрбиелік)?

Мақсаты: 1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

4.Сабақтың тиімділігін негіздеу.

Сабақтың құрылымы балалардың жас ерекшелігіне сай құрылды.

Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды . Оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың «жаңа » әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым –қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.

Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық жағдайының дамытылуы. Оқу бөлмесін алдын-ала дайындалып қойылды.Оқу бөлмесі талапқа сай, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді.

Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық адамгершілік

жағдайының дамтылуы. Балалардың сабақ кезінде берілген тапсырмалар.

бойынша жұмыс қабілеттері өте жақсы болды.

5.Жоспар түгелдей орындалды ма?сынып сағттының жоспары толық орындалды.









Сынып сағатының талдауы


Мұғалім: Ишамбаева Асылзат Қадыржанқызы

Сынып: 4«А»

1.Сыныпқа мінездеме, оның оқуға деген мүмкіндіктері

4«А» сыныбында 23 оқушы бар .Оның ішіндегі 10-ы қыз бала,13-і ұл бала. Сыныптан тыс сағатына оқушылардың барлығы толық қатысты.

2.Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!»

3.(білімділік,дамытушылық,тәрбиелік)?

Мақсаты:

1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін еске түсіру, жинақтау.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауғақұқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: суретті тест, слайдтар, жол жүру ережелері

4.Сабақтың тиімділігін негіздеу.

Сабақтың құрылымы балалардың жас ерекшелігіне сай құрылды.

Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды . Оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың «жаңа » әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым –қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.

Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық жағдайының дамытылуы. Оқу бөлмесін алдын-ала дайындалып қойылды.Оқу бөлмесі талапқа сай, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді.

Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық адамгершілік

жағдайының дамтылуы. Балалардың сабақ кезінде берілген тапсырмалар.

бойынша жұмыс қабілеттері өте жақсы болды.

5.Жоспар түгелдей орындалды ма?сынып сағттының жоспары толық орындалды.














Алматы облысы Алматинская область

Қаратал ауданы Каратальский район

Үштөбе қаласы город Уштобе










«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сынып сағатты

1 «Ә» сынып



Мұғалім: Ишамбаева А.К.
























2018-2019 оқу жылы

2018-2019 учебный год

Алматы облысы Алматинская область

Қаратал ауданы Каратальский район

Үштөбе қаласы город Уштобе










«Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!»

Сынып сағатты

4 «А» сынып



Мұғалім: Ишамбаева А.К.
























2018-2019 оқу жылы

2018-2019 учебный год




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
16398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі