400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сынып сағаты Жолда жүру тәртібі

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Мақсаты:

1.Жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту;

2.Көше тәртібін әрдайым сақтауға,қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрену,құқықтық тәрбие беру;

3.Оқушылардың ой-өрістерін ,білімін кеңейту;

Күтілетін нәтиже

А) Көшеде жүру ережесін біледі;

Ә)Жол белгілерін бір-бірінен ажырата біледі;

Керекті жабдықтар:

Бағдаршам макеті,сигналдық белгілер,жол белгілері, ойыншық машиналар, жол бойындағы адамдар макеті

Барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу

Мұғалім

Қай көше қай қалаға барсаңызда

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол орта, үлкен-кіші баршамызға

«Сұрақ менен, жауап сізден» әдісі

1.-Балалар жолда жүру ережесін білу бізге не үшін қажет?

2.-Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам

Ол кім?

3.Бйырмапты бас та,ауыз да,құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақ та

4.Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім









1.Өмір қауіпсіздігіміз үшін, жолда апаттар болмас үшін,қаладағы жолдардан дұрыс өту үшін;

2.Жол реттеушу;


3.Бағдаршам



4.Жол

Тұсаукесер

Бағдаршам, жол белгілері макеттерін таққан балдар

Ән. «Жол ережелері әлемінде»

Қызықты мәліметтер

Тарихқа көз жүгіртер болсақ,жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде болған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында теміржол бағадаршамы орнатылды. Онда қолмен алмастыратын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді.

1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.

Ал Ресейде 1920 жылы үш түрдегі бағдаршам іске қосыла бастады. Бертін келе оны автоматты жүйе арқылы басқару ойластыра бастады.

Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған.

Ән. «Жол ережелері әлемінде»

Әуені: Ертегілер әніне

Ғажайыпқа келдің

Таң ата сіз бүгін,

Жол ережелері әлемінің қызығында жүріп,

Нұрына шомыласың бүгін,

Жол белгілері көркем

Әдемі бұл неткен!

Бағдаршамы сөйлейді

Белгілері тербейді,

Қандай ғажап ,міне неткен!

Қайырмасы

Жол белгілер,жол белгілер,

Неткен ғажап ,көркемсіңдер.

Әлемге бүгін ережені

Үйретесіңдер сендер!

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс

Жол белгілері туралы айту

1-топ Ескерту белгісі

2-топ Тыйым салу

3-топ Анықтама белгісі

4- топ Көрсеткіш белгісі

Қорытынды

Ойын: «Үйге апарар жол»

Мақсаты: үйге барар жолдағы жол белгілерін білу,бағдаршам нұсқасына көңіл аудару,жолдан өту езінде жол ережелерін есте сақтау

Ән: Сақшы

Әуені: Коргодил Гена

Үлгі алып сақшылардан

Ол бізге басты қорған.

Балалар кане, алға бастайық,

Ереже есте болса,

Бастысы ойға қонса,

Жүргінші ешқашан саспайық,

Қайырмасы:

Сақшы болған қандай жақсы,

Үлес қосар тәртіпке.

Батылданып, өжеттеніп,

Үйренеміз тез тіпті

Кері байланыс

Басталар әр қадамың аттауменен

Жолда жүру ережесін сақтауменен

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі