Материалдар / Сынып сағаты жоспары мен хаттамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты жоспары мен хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатының жоспары мен хаттамалары барлығы бар. 8-сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2024
979
15 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2023-2024 оқу жылында жүргізілетін сынып жиналыстары


Күні


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер



Жауапты

07.09.2023ж

1.Мектеп ережесімен танысу.

2. Оқулық,оқу формасы.

3.Сынып белсенділерін сайлау.

Сынып жетекші

12.10.2023ж

1. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

2.Жалпы тазалық, жеке бас гигиенасы.

Сынып жетекші

26.10.2023ж

1- тоқсанының қорытындысы

2.Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері.

Сынып жетекші

16.11.2023ж

1. Сыныптағы тәртіп

2. «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»


Сынып жетекші

25.12.2023ж

  1. II-оқу тоқсанының қорытындысы.

  2. Демалыс уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру

Сынып жетекші

12.01.2024ж

1.«Аурудың алдын алу»

2.Тұмаудан сақ бол!

Сынып жетекші

15.02.2024ж

«Көркем мінез-баға жетпес байлық» Тәртіпсіздік қайдан шығады?

2.Қауіпсіздік ережелері

Сынып жетекші

14.03.2024ж

1. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

2.Сыныпта сабақ үстінде тәртіпті сақтау.

Сынып жетекші

11.04.2024ж

«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»

«Ақыл айтпа, жол көрсет»

Сынып жетекші

16.05.2024ж

ІV тоқсан қорытынды есебі.

Жазғы демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережесі

Сынып жетекші
























Х А Т Т А М А № 1

« 07» қыркүйек 2023 жыл

А.Назарбеков атындағы 87 орта мектептің 8 «б» сыныбында сынып жиналысы өткізілді

Барлығы - 25 оқушы

Қатысқаны - 24 оқушы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.Мектеп ережесімен танысу.

2. Оқулық,оқу формасы.

3.Сынып белсенділерін сайлау.


Тыңдалды:


2023 жылдың 9- қыркүйек күні 8 «Б» сыныбында бірінші сынып жиналысы болды. Сынып жетекші С. Тұрмаханбетова күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектептің ішкі тәртіп ережесі таныстырылды.

Сабаққа кешікпей келу, сабақтан қалмау, егер келеңсіз мәселе туындаса бірден сынып жетекшіге хабар беру. Тағы айта кетер мәселе оқушыларға тиім салынатын мәселелер:

4.1.Мектепке суық қару, от қауіпті және жарылғыш қауіптілігі бар және адам өміріне зиян келтіретін заттарды әкелуге, таратуға және қолдануға, спирттік ішімдіктер қолдануға, темекі шегуге;

4.2.Қарым-қатынасты анықтауға, қорқыту, бір-бірін жәбірлеп, ақша сұрау, қоқан-лоқы көрсету арқылы күш көрсетуге;

4.3.Қоршаған орта үшін қауіпті саналатын кез-келген іс-әрекет қолдануға;

4.4.Жалған анықтамалар, ата-аналар атынан жазбалар және басқа да құжаттар ұсынуға, журналдағы бағаларын және басқа да құжаттарын түзетуге;

4.5.Мектепте сабақ уақытында ұялы телефон (смартфон) ұстауға, бағалы әшекей бұйымдар тағуға;

4.6.Басқа мектептің оқушыларын мектепке шақырып, кездесуге;

4.7.Мектептің мүлкіне зиян келтіруге, ауласын ластауға;

4.8. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады;


Екінші мәселе бойынша оқушылар ға мектеп формасы арнайы таныстырылды. Оқушыларға сектеп формасын сақтау қатаң талап етілетінін ескертілді. Оқу формасы – қыздар ақ кофта,қара юбка,ал ұлдар ақ жейде,қара шалбар.Форманы таза,өтектеулі болатынын ескертілді.

Келесі мәселе оқулық туралы болды.Барлық оқушы толық оқулықпен қамтылды.Кітапты күтіп-ұстау ережелері қайта еске түсірілді.Оқулықты нашар ұстайтын оқушыларға ескерту жасалды.

Үшінші мәселе-сынып белсенділерін сайлау. Сынып белсенділерін 8 «Б» сынып ұжымымен ойласа отырып,тағайындадық:

Топ басшысы - Полатбек Каусар.

Сынып белсенділерімен жұмысты ұйымдастырады және сыныпты барлық істерге бастайды;

Уақытша ауырып қалған мүшенің қызметін атқарады;

Сынып намысын, беделін қорғап жүреді;

Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға шабыттандырады;

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптайды және сынып сағаттарында баяндайды.


Оқу секторы—Қалдарова Балауса

Сынып жетекшісіне оқу процесінде көмек көрсетеді;

Сабақ кестесіндегі өзгерістерді оқушыларға хабарлайды;

Сынып жетекшісі, пән мұғалімімен келісіп, сыныпта білім сайыстарын өткізеді;

Сынып жетекшісіне тоқсан, жыл аяғында табель толтыруға, күнделік соңына оқушы бағасын қоюға көмектеседі;

Үлгірмеуші сыныптастарына көмек ұйымдастырады.


Мәдениет секторы – Жандарбек Ұлдай

Сынып жетекшісіне сыныптағы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі;

Мектептің тәрбие жоспарымен танысады, соларды өз жұмыс жоспарына енгізеді;

Сыныптың мектепішілік іс-шараларға қаысуына атсалысады;

Сыныптастарды, мұғалімдерді құттықтау мерекелерін ұйымдастырады;

Қызықты кештер, диспуттар, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сынып сағаттарында хабарлайды.


Спорт секторы-Мейірбек Нурислам

Мектепішілік жарыстарға қатысатын команда құрайды;

Дене-шынықтыру пәні мұғалімімен байланыста болады;

Жарыстарға қатысу үшін іс-қағаздарды толтырады;

Сынып жетекшісімен бірігіп, сынып ішінде кіші спартакиада өткізеді;

Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды.

Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.

  2. 4.Оқулықты ұқыпты ұстау,жеке бас гигиенасын сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.

  3. Сынып белсенділері қызметін атқару сынып белсенділеріне міндеттелсін.

Сынып жетекшісі: _____________ Тұрмаханбетова С

Хатшы: ---------------------- К.Полатбек





Х А Т Т А М А № 2

«12» қазан 2023 жыл

А.Назарбеков атындағы 87 орта мектептің 8 «б» сыныбында сынып жиналысы өткізілді

Барлығы - 25 оқушы

Қатысқаны - 25 оқушы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

2.Жалпы тазалық, жеке бас гигиенасы.

Тыңдалды:

2023 жылдың 12- қазан күні 8 «Б» сыныбында екінші сынып жиналысы болды. Сынып жетекші С. Тұрмаханбетова күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Бірінші мәселе бойынша оқушыларға «Жол тәртібін білейік, аман - есен жұрейік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар бағдаршам және жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды. Және балалар өз өмір қауіпсіздіктерін қатаң сақтайтынын айтты. Жол айрықтан өтерде тек жасыл түсі жанғанда, жаяу жүргіншілер жолымен яғни түсті жолақтармен ғана жүру керектігі тағы да бір рет ескертілді.

Екінші мәселе бойынша жалпы тазалық, жеке бас гигиенасына тоқталдым.Аптасына 2 рет бас жуу,аптасына 1 рет тырнақтарды алу,әжетханаға кірер алдында және шығар кезде қолды жуу туралы айтып өтілді.

Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:

1. Жол ережесін сақтау әрбір оқушыға тапсырылсын.

2.Сыныптағы тәртіпті,тазалықты,ұйымшылдықты сақтау сынып белсенділеріне міндеттелсін.

Сынып жетекшісі: _____________ С. Тұрмаханбетова

Хатшы: ---------------------- К.Полатбек











Х А Т Т А М А № 3

«26» қазан 2023 жыл

А.Назарбеков атындағы 87 орта мектептің 8 «б» сыныбында сынып жиналысы өткізілді

Барлығы - 25 оқушы

Қатысқаны - 24 оқушы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1- тоқсанының қорытындысы

2.Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері

Тыңдалды:

2023 жылдың 26- қазан күні 8 «Б» сыныбында үшінші сынып жиналысы болды. Сынып жетекші С. Тұрмаханбетова күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

І-оқу тоқсанының қорытындысы бойынша жақсы нәтежие көрсеткен оқушылар: Үздіктер:Амангелді Сания, Қалдарова Балауса,

Екпінділер: Абдарман Назерке, Бектай Даниял,Жандарбек Ұлдай, Орынбасар Дария,Полатбек Каусар,Райымжан Шыңғыс, Сейілханова Жаннұр, Тұр,анбек Диас, Юсупбек Лилия сынды оқушыларға мұғалім тарапынан мақтау-мадақтаулар айтылды. Кейбір оқушыларға сабақ үлгерімдеріне байланысты ескертулер жасалды.

Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!