Материалдар / Сынып сағаты: «Жыныстық тәрбиенің өзекті мәселелері»

Сынып сағаты: «Жыныстық тәрбиенің өзекті мәселелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өз- өздерін бағалау, ойлау және қиялдау процестерін дамыту; Ұл бала мен қыз баланың арасындағы қарым- қатынасты ажырата білу; Қызға тән міндеттер мен өмірлік ережелерді сақтау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2024
203
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Shape1

«Жыныстық тәрбиенің өзекті мәселелері»
































2023-2024 оқу жылы






Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Жыныстық тәрбиенің өзекті мәселелері.

Сабақтың мақсаты:


Қыздардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өз- өздерін бағалау, ойлау

және қиялдау процестерін дамыту;

Ұл бала мен қыз баланың арасындағы қарым- қатынасты ажырата білу; Қызға тән міндеттер мен өмірлік ережелерді сақтау;

Сабақтың түрі:

 тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: 

қағаз, қалам, плакат, түрлі- түсті бояулар, стикерлер, ноутбук.


Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Сыныпты түгендеу.

Сабаққа назар аударту.


Мұғалімнің/оқушының іс-әрекеттері

Ресурс тар

Ұйымдастыру кезеңі.

I. «Есесіне мен…» жаттығуы

Мақсаты: Жылдамдыққа ұшқыр ойға мүмкіндік беру. Сонымен бірге өз – өздерін бағалау деңгейлерін арттыру.

Нұсқау: Қыздар қанекей мінсіз адам болмайды демекші, өзіміздің қолымыздан

келмейтін істі не болмаса бір мінімізді айтып, бірақ есесіне мен… деп сөйлемді

жалғастырамыз.

Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»

Менің бойым аласа, бірақ та…

Қыз балалардың өз - өздерін бағалау деңгейін анықтау арналған сауалнама (10 минут)

II. Қыздарға арналған пікірталас видеоролигі ұсынылады. (10 минут)

Мақсаты: қыздарға сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға бар зейінімен, ойларын ортаға салу;


Сабақтың ортасы

Жыныстық тәрбие айтарлық, сауатты және әділ бір қоғамдық жанынды мекендейді. Мұндағы негізгі мәселелерден бірі тұрмыс, жеке білім, кәсіпкерлік және саяси қатынас арқылы қоғамның ішкі және сыртқы құрамындағы жыныстық нәрселердің адалдығын қамтамасыз ету қажет. Жыныстық мәселелердің қолданыстағы негізгі қызметі, өйткені олардың ашық болуы мен олардың жаратылуы мен жаңадан жақсыртуы бойынша ауыр жылжымаларды қарастыруы.

Жыныстық тәрбиенің маңызды мәселелері туралы сөйлесе аламыз. Жыныстық тәрбиенің дегені адамдардың жыныстыққа, өзін-өзіне және басқаларға қарым-қатынасына, адалдығына, еркіндігіне, қауіпсіздігіне, басқа адамдармен бірлесіп жүргенде елді, әлемді жақсаруына көмектеседі. Жыныстық тәрбие пайдалы, аділ және байыпты бір қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

ІІI. «Белгісіз сөз» ойын жаттығуы (10 минут)

Өткізілуі: қағазға жасырылған сөздер ұсынылады, сол сөздерді қатысушы бір қызға беріп, жұмбақтап мипаттау арқылы сол сөзді табу.

Мақсаты: оқушылардың сөзге тапқыр, жүйріктілігін анықтау;

Қыздарға кеңес бөлімі:

Әрбір бойжеткен немесе бозбалаға жыныстық өмірді тек жыныстық қатынастардың қауіпсіз және қатерлі тұстарын айырып, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті сезінгенде ғана бастауға болады. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс - бұл, бірінші кезекте, жыныстық қарым-қатынастан бас тарту, бір ғана кісіге адалдық сақтау және мүшеқапты қолдану. Ал қауіпті жүріс-тұрыс – бұл мүшеқапты қолданусыз жасалған жыныстық қарым-қатынас, жыныстық серіктердің көп болуы және жыныстық қатынас барысында есірткі және алкогольді қолдану. Соңғы уақыттарда жыныстық қатынасқа түсудің жас мөлшері айтарлықтай «жасарды». Урбанизацияның күшеюі, жастардың жыныстық қатынасқа қатысты көзқарастарының өзгеруі, материалдық қиындықтар сияқты жағдайлар отбасын құрмай тұрып, жыныстық қатынастарға түсуге әкеп соқтырады. Негізінде бұл мәселе жыныстық өмірді бастайтын екі адамнан да тең жауапкершілікті қажет етеді. Бірак, бұл жердегі ең осал тарап кыз жақтан болатынын ұмытпау керек. Сәйкесінше, әйел затында «Жүктілікті қай уақытқа жоспарлаған дұрыс?», «Бала тууға дайынмын ба?» деген сұрақтарға жауабы алдын -ала дайын тұруы керек. Жыныстық өмірге ерте ұрыну,контрацепция құралдары мен әдістері жайлы хабарсыз болу сияқты жайттар күтілмеген жүктілік, жасанды түсіктер, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырып алу сынды қайшылықтарға алып келеді.Жыныстық өмірді қай уақытта бастауды шешу - әр адамның жеке басының шаруасы. Егер екі адам жыныстық қатынасқа түсуді жоспарласа, алдын ала қорғаныс шаралары туралы ақылдасып алғаны абзал. ЖЖБИ мен күтілмеген жүктілікті болдырмаудың жолы - жыныстық қатынастардан бас тарту. Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады дауыс жуандайды терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкітер бездері дамиды қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды . Енді осы жыныстық қарым-қатынас дегеніміз не?


Қорытын

ды

«Рефлексия» кері байланыс орнату.

Ең бірінші - Үлгілі семья құру, өнегелі ұрпақ өсіру үшін халқымыз ерте кездентәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген.Соның ішінде жастарды отау тігуге даярлау,жыныс тәрбиесіне байланысты көп әнгімелер айтылады. Бала негізі семьяда жыныстық тәрбиенің әліппесін үйренуге тиіс. Егер ата-ана жыныстық тәрбиеге көңіл бөлмесе, ол өзінің баласы алдында парызын толық өтеді деп есептеуге болмайды.

Мектепте жыныстық тәрбиені дұрыс алмаған баланың келешекте көретін қиыншылығы көп болмақ.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ