400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты .Көп ұлтты елді мекенім

Материал туралы қысқаша түсінік
: « Көп ұлтты елді мекенім!» Мақсаты: Отанды сүюге,елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге,олардың салт-дәстүрімен таныса отырып, достық пен татулықтың туын берік ұстауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Көп ұлтты елді мекенім!»

Мақсаты: Отанды сүюге,елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге,олардың салт-дәстүрімен таныса отырып, достық пен татулықтың туын берік ұстауға баулу.

Дамытушылығы: Баян аспабында түрлі халықтардың шығармаларын ойнатау арқылы оқушылардың таным-дүниелерін,тілін,ой-өрісін дамыту,репертуарлық қорларын молайтып,дамыту;

Жүрісі:

1-жүргізуші:Қайырлы күн құрматті ата-аналар,қадірменді ұстаздар мен оқушылар!Бүгін сіздердің назарларыңыға «Көп ұлтты елді мекенім» атты баян сыныбы оқушыларының дайындаған сынып сағатын ұсынамыз.

Қазақстан менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаны

Өзің едің көз тоймайтын алтан бақ,

Құлпыра бер,құлпыра бер жарқылдап.

2-жүргізуші: Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9 орын алады,ал ТМД елдері бойынша 2 орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.территориясы қазба байлықтарға бай өлке.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәмізері-Елтаңбасы, Туы,әнұраны бар.

Қазақстан азаматтары , сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

1-жүргізуші ҚР Президенті Н.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдаунда: «Біз ұлтына және діни наным сенімдеріне қарамастан әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін ерікті қоғамның негізерін нығайтуға тиіспіз» делінген.осы жолдауын басшылыққа ала отырып,Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт-өкілдері мемлекетіміздің өсіп,өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда.Олар орыстар,украиндар,ұйғырлар,корейлер,түріктер,кавказдықтар және т.б ұлттар.

2-жүргізуші: Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құтты болсын достық күн,

Қуанышпен келіңіз

1-оқушы: Бізде берік ұлы достық,

Бірлік құрып,тілек қостық

Ұлы мақсат биігінде

Дос жолында жүрек қостық.

2-оқушы: Достық-біздің тірегіміз,

Бірге соғар жүрегіміз

Отан ыстық бір-біріне,

Достасқан ұлы еліміз.



















Сонау 20 ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес , ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген. Талабы таудай білімді, дарынды, ақылды, инабатты, тәрбиелі жеке тұлғаны тәрбиелеп, жетілдіріп шығару – әрбір ұстаздың міндеті. Дамыта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру осы заман талабы.



Сабақ жосапарларын пайдаланушы мұғалімдер өз мүмкіндігі мен қажеттілігіне қарай тақырып аясын кеңейтіп, дамытып алып кетсе нұр үстіне нұр. Егемнді елімізді бүкіл әлем мойындаған мына дәуірде, еліміздің келешегі жас жеткіншектерді туған елі мен ұлтын сүйетін, оның салт-дәстүрдерін құрметтейтін жауапкершілікпен атқарғанымыз өзімізге сын.



Әр мұғалім – өз сабағының көшбасшысы. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізіп, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету – біздің міндетіміз. Осы міндетімізді Абай атындағы орта білім мектебінде көрсете білді. Өткен аптада бастауыш сынып мұғалімдері қызықты апталық өткізді. Апталықтың әр күні қызықты оқиғаларға толық болды. Өйткені бастауыш сынып оқушылары бұл шараға қызығушылықпен қатысып өзара білім-білік, өнерімен сынға түсті.



Мұғалімдері де бір апталық қойған жоспарларын өте қызықты өткізе білді. Апталықты 2 сынып мұғалімі Кусманова Гульмира Жумагалиевна «Минуттық атақ» сыныптық тыс шарамен ашты. «Менің Отаным – Қазақстан» тәрбие сағатын 1 сынып мұғалімі Оралган Амангүл өткізді, Масакбаева Бакыт Мухтаровна «Ойлы болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс шара өткізді. Ахметова Айгуль Кадыровна шараға орайластырып «Ең үздік қол өнер» (геометриялық фигуралардан құрастыру) атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. «Ойлан тап» викториналар сайысын Кусманова Г.Ж. жүргізді. Міндетті түрде ашық сабақтарда өткізілді. Апталық оқушыларға өте ұнады, апта аяғында әр оқушы марапатталды.Жақсы ұстаз ол – мектептің жүрегі» деп ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин айтпақшы, әр күнгі өткен іс –шара, ашық сабақтар мектебімізде өз дәрежесінде жетті деп ойламын.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор деп ойламын.









Ахметова Айгуль Кадыровна,

Абай атындағы жалпы беретін мектебінің

Музыка баланың дарынынң артып, оның бойындағы ерекшеліктерін аша түседі. Кез-келген баланы алдымен музыка үйірмесіне жаздырса, оның басқа үйірмелерге де зейіні ашылып, үлгерімі арта түседі. Осы ретте, баланы музыка мектебіне берудің 5 пайдасын ұсынып отырмыз.
1. Әлемнің барлық ғұламалары музыка сабағын оқыған. Өйткені, ол баланың дамуына тікелей әсер етеді.
2. Музыкалық сыныптар ерік-жігер мен тәртіпті үйретеді. Өйткені, бала үздіксіз дайындалу арқылы жалқаулықтан арылып, жауапкершілікті сезіне бастайды.


3. Музыкамен айналысатын бала математикалық қабілетін дамытады. Ол кеңістікте оң жақ кілттерге қол жеткізіп, дерексіз дыбыстық фигураларды басқаруды үйреніп, есте сақтау қабілеті артады. Мәселен, Альберт Эйнштейннің скрипка ойнағаны кездейсоқтық  емес. Ал, Оксфордтағы физика профессорлары мен математика профессорларының  70% музыкалық клубтардың мүшелері болған.

4. Музыка мен тіл егіз ұғым. Музыкамен айналысатын баланың тілі тез дамып, оның сөйлеу мәдениеті қалыптасып, жазушылық қыры ашылып, тіпті, шет тілдерін де тез меңгереді. Өйткені, музыкамен айтылған сөз баланың жадында тез сақталады.

5. Музыкалық сабақтар коммуникативті дағдыларды дамытады. Балалар музыканы оқи отырып, Моцартпен,  Прокофьевпен, Бахпен және басқа да көптеген әр түрлі музыкалық тұлғалармен танысады.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.02.2019
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі