Сынып сағаты «Мәңгілік Ел» 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты «Мәңгілік Ел» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар ел тарихынан мағлұматтар алады. Оқушылардың адамгершілік, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттері молайып, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ұлттық мінез, ұлттық намыстары қалыптасады. Елге, жерге деген патриоттық сезімдері оянады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты

Күні:



Сыныбы:


5 «Ә»


Сабақтың тақырыбы:


«Мәңгілік Ел»


Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға ел тарихынан, жетістіктерінен мағлұматтар беру.

  • Оқушылардың адамгершілік, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін молайтып, сөйлеу мәдениетін дамыту

  • Отанды сүюге, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.


Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылар ел тарихынан мағлұматтар алады.

  • Оқушылардың адамгершілік, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттері молайып, сөйлеу мәдениеті дамиды.

  • Ұлттық мінез, ұлттық намыстары қалыптасады. Елге, жерге деген патриоттық сезімдері оянады.


Оқытудағы негізгі идеялар

Оқушылардың топтық жұмысқа тартылуы.

Оқушылырдың өз жұмыстарын көрсете білуі.

Оқушылардың сыни көзқарастарының қалыптасуы, өз ойларын еркін жеткізе білуі.



7 модульдің енгізілуі

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту

2. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 5. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 6. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың түрі:

сынып сағаты


Әдіс-тәсілдері:


Жұмыс түрлері:

Ой-қозғау, мағынаны тану, ой-толғану

сұрақ-жауап, болжау, топтастыру, oйлан -жұптас –талқыла.

топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс



Ресурстар,

құрал-жабдықтар


Интерактивтік тақта, постерлер, суреттер,

ойын элементтері.







Сабақ барысы

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I. Ұйымдастыру кезеңі






5 мин


-Қалыпты жағдай туғызу.

сергіту сәтін жүргізу.

-Топтастыру/3 топқа бөлу/

1-топ «Тарих»

2-топ «Жетістік»

3-топ «Болашақ»




-ОүБ жүйесімен таныстырады

-Сәлемдеседі.

-Сергіту сәтіне катысады.

- Сиқырлы сандықшадан сөздер алу арқылы 3 топқа бөлінеді, топ көшбасшыларын сайлап алады.


-ОүБ жүйесімен

танысады


II. Ой-қозғау


5 мин

«Ойлы болсаң – озып көр»

Астана қаласының тарихы деген слайд қосылады, көріп болған соң оқушыларға сұрақтар қойылады.


/ Көшбасшылар сайысы/

1-топ
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (Тоғыз жүз мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр?
(Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. Жаңа көпірге қандай ат берілді?
(«Сарыарқа»)

2-топ
1. Астанадағы ең басты қатынас жолы
(Республика даңғылы)
2. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (
Астана Тауэр)
3. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады?
(«Атамекен»)

3-топ
7.«Думан» океанариумында теңіз суы мен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр?
(13 үлкен аквариум)
8. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (
Қажымұқан Мұңайтпасов)
9. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім?
(Талғат Мұсабаев)

III. Сабақтың кіріспе бөлімі

мағынаны тану



15 мин

Мәлімет беру

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

  • Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

  • Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

  • Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

1 Мәлімет жинау

«Тарих» тобына Қазақстанның Тәуелсіздікке жету тарихын айту тапсырмасы беріледі.


«Жетістік» тобына Тәуелсіз Қазақстанның 26 жылда жеткен жетістіктері туралы айту тапсырмасы беріледі.


«Болашақ» тобына 2050 жылдағы Қазақстан туралы тапсырма беріледі.

/Дайындалуға , тақырып қорғауға 5 минут беріледі./



5 мин

2. Мәңгілік Ел жобасын жасау.

1 топ «Мәңгілік Ел» топтастыру

2 топ «Мәңгілік Ел» мозаика құрастыру

3 топ «Мәңгілік Ел» 1-2 шумақ өлең шығару


3 топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасап, танытырады.

5 мин

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін. Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ, Құлпыра бер, көркейе бер жарқырап.

/жеке тапсырма/


1.Туған жердей –жер болмас,

туған елдей ел болмас

2. Бақа суында, басшы

Балық көлінде- басшы

Жігіт елінде – басшы

3.Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат.


Сөйлемді аяқта» тренингі

«Мәңгілік Ел» болу үшін .........

IV.Қорытынды

5 мин

Сабағымызды Президентіміздің айтқан сөздерімен аяқтаймыз:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр»

«Бір халық»- бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел»- бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» -бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз-игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді

Бағалау


Формативті бағалау:

топтық және өзара бағалау, мадақтау, сенім білдіру, қолдау.



Жинаған ұпайларын санау

Жеңімпаз топты анықтау


Үйге тапсырма

беру


& Мақал мәтелдер жаттау

? Эссе жазу

«Мәңгілік Ел»



Кері әсер


5 мин

Топтың әр мүшесіне рефлексия жасату.

« Өрмекші торы» тілек айту







-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай әсер алдың?

-«Мәңгілік Ел» болу үшін сен не істер едің? деген сұраққа жауап береді.

Жастарымыз ....

  • салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін,

  • көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін,

  • Адамзаттық озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев



Түсінік хат

Байқауға ұсынып отырған сынып сағатымның алғашы тапсырмасы «Ойлы болсаң – озып көр» Астана қаласының тарихы туралы бірлесе отырып сұрақтарға жауап беру арқылы бір –біріне түсіндіру, білім алушының өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған. Сабақ тақырыбына байланысты мәлімет беру,мәлімет жинау сынды тапсырмалар пайдалана отырып білім алушыларға жұппен, топпен жұмыс жасауға мүмкіндік берілді, жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті артып, сабаққа қызығушылықтары да оянды. Сабақ соңындағы «Сөйлемді аяқта» тренингі білім алушылардың сөздік қорды қолдану, өз бетімен сөйлеуге дағдылану қабілеттерінің бар екендігін көрсетті. Сабақтың қорытынды бөлімінде білім алушылыр «Ақылдың 6 қалпағы» әдісі арқылы бұл сабақтан алған білімдерін көрсетіп, тек тақырып бойынша сөйлеп қана қоймай, дүниетанымдары мен мәдениеттерін де кеңейте алды деп санаймын. Себебі « Өрмекші торы» әдісімен сабаққа кері байланыс жасау кезінде білім алушылардың сабақтан алған әсерлері, сабақ соңындағы көңіл-күйлері мені қуантты , сондай-ақ АКТ –ның ұтымды пайдалана алғанымды дәлелдедім. Сабақтың қорытынды бөлімінде білім алушылар Т.Төрәлінің “Қазақ жастары!” әнін шырқап ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру керек екендігін түсініп, елге, жерге деген патриоттық сезімдері оянды, болашағы зор мәңгілік елде тұрып жатқандарын ұғынды.Ұсынып отырған сабағым сабаққа қатысушылар тарапынан да «өте жақсы» деп бағаланды.







Picture 3 Picture 4 Picture 6























Picture 5 Picture 7















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1040
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі