Материалдар / Сынып сағаты Мәңгілік ел - болашаққа бастар жол!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты Мәңгілік ел - болашаққа бастар жол!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш мұғалімдерге сыныптан тыс жұмыс жүргізуге жарамды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып:

4

Өтілетін күні:

30.04.2019 жыл

Тақырыбы:

«Мәңгілік ел – болашаққа жарқын жол»

Құзіреттілікке жеткізген мақсат – міндеттері:


А) Ақпараттық құзіреттілік:


Ә) Коммуникативтік құзіреттілік:


Б) Проблеманы шешу құзіреттілік:


Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну . «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру.

Барша қазақстандықтардың мақсаты,мүддесі,тағдыры бір екендігін ұғындыру.


Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту .

Сынып сағатының түрі:

Танымдық кеш

Сынып сағатында қолданылатын әдістері:

Флипчарт, көрнекіліктер, сұрақ – жауап.


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Қызығушылық ояту

мин

  • Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!

«Күн шуақ» әдісі арқылы бір-бірлеріне жылуларын сыйлайды.

Музыка қойылып өлең жолдары оқылады.

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз.

Сол кезде шаңырақ көтеріледі.

- Біз ненің астына жиналдық?

- Шаңырақ

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Тәуелсіз

-Біздің еліміз қандай болу керек?

-Мәңгілік

- Жарайсыздар ендеше қолдарымыздағы түске қарай

топтарға бөлінеміз.

Оқушыларға «Адасқан әріптер» таратылады.

Бір-бірлеріне жылуын сыйлайды.


Шаңырақ астына

жиналады.

Сұрақтарға жауап береді.

Топқа бөлінеді. Өз орындарын тауып отырады. Адасқан әріптерді табады.

1-топ. «Жаңа Қазақстан»

2-топ. «Бейбітшілік»

3-топ. «Мәңгілік ел»

Топтар өздерінің аттарына сипаттама беріп кетеді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.


Полилиния 2






Күн шуақтары




Шаңырақ







Топтың аты жазылған қағаздар

«Адасқан әріптер»

Маркер


Негізгі бөлім

мин

2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.


Оқушыларға «Мәңгілік ел» туралы видео көрсетіледі.


  • Сонымен мәңгілік ел дегеніміз не?


Оқушыларға суреттер мен қима қағаздар таратылды. Сол арқылы постер жасап оны қорғайды.



Оқушылар тыңдайды.




















Видео көріп өз түсініктерін постерге түсіріп оны қорғайды.





Өз ойларын айтады.






















Видеокөрсетілім

Қима суреттер, жазылған сөздер

мин

  • Қазақстанда қандай монументтерді білеміз?

  • «Тәуелсіздік монументі», «Қазақ елі монументі», «Бәйтерек монументі», «Мәңгілк ел» монументі.

  • Дұрыс айтсыздар, балалар! Ендеше қазір мен сіздерге монументтердің макетін таратамын, ал, сіздер құрастырып қандай монумент шыққанын айтатын боласыздар.


Монумент құрастырады.

Өздері білетін мағұлматты ортаға салады.


,

макеттер

Кері байланыс

мин


«Бәйтерек». Біз мәңгілік ел болу үшін қандай болуымыз қажет? Бір сөзбен жазып бәйтерекке жапсырады.

Стикерге жазып, бәйтерекке жапсырады.

Бәйтерек

Стикер, «Бәйтерек»

Қорытынды

мин

Ән: «Елім менің» караокеде орындау.

Әр оқушыға әріптер таратылады. Барлығы бір – бірлерінің қолынан ұстап: « Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!»

-Міне оқушылар біздің елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастап кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.- «Мәңгілік  Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға  айналуы  тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік  болуына аянбай  еңбек  етуіміз  керек.


Караокемен ән айтады.


Қима қағаздарды орналастырады.


Оқушылар ойларын қорытады.


Карточка


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!