400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сынып сағаты "Мен - патриотпын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың негізгі мақсаты оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: сынып сағаты


Мектеп: Ақтерек ОМ


Сабақтың тақырыбы:

Мен – патриотпын!


Сабақтың арқауы:

Мен –кіші Отанымның патриотымын!

Күні : 02 .09.2017ж

Мұғалімнің аты –жөні:Жарменбетова А.Б

Сынып :2 « Ә »сынып

Қатысқаны -

Қатыспағаны -


Негізгі мақсат


Оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


1. Оқушыларға Отан – отбасынан басталатындығын түсіндіру,Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты ашады.

Өз ойларын анық жеткізе алады.





Құндылықтарды дарыту

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы

Түйінді идеялар

Отан туралы,туған жер туралы оқушылардың өз ойларынашық айта білуге мүмкіндік туғызу.

- Жоспар

Сынып сағатының кезеңдері

Сынып сағатына жоспарланған «с - әрекет

Дереккөздер/Ресурстар

Ұйымдастыру :













  1. Оқушыларды түгендеу

  2. Психологиялық ахуал

  3. Топқа бөлу


Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!


Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!





Шаттық шеңбер


Қызуғышылығын ояту сатысы















































Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?



Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Отан дейміз кең-байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Ия балалар Отан – отбасынан басталады деген осы. Сендердің кіші Отандарың туып ,өсіп,өніп келе жатқан Қоңыртөбе бөктерінде орналасқан, ауасы таза,табиғаты көркем Ақтерек ауылынан басталады. Солай емес пе, балалар?

Ендеше мына бейнебаян қарайық. (Ақтерек ауылының көрінісі)



«Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

«Мақалды тап» ойынын ойнайық.





Отан -   да ыстық







Отан  -нан басталады. Т.б






























Ой қорыту

















.

Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Атазаңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.







Рефлексия сатысы





«Жүректен - жүрекке» сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.











































Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең! 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі