400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Мен елімнің патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен елімнің патриотымын" атты сынып сағатының жоспары 1-қыркүйек білім күнінде өткіздім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мен-патриотпын»

Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ»

Мақсаты: Оқушылар Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиеленеді Оқушылардың таным белсенділіктері, қызығушылықтары дамиды, өз ой-пікірін білдіре алады.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, нақыл сөздер, бүктемелер

Барысы:

Ұйымдастыру 

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Талдықорған, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

«... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы»

I-блок. Уәждемелік

Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және кестені толтыру ұсынылады:

Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау

Патриотқа тән қасиет


Патриот емес адамның қасиеті

Маған тән қасиеттер

Болжамды жауаптар:

жауапкершілік;

әділеттілік;

төзімділік;

адалдық;

батылдылық;

шыдамдылық;

ризашылдық;

зейінділік.


Болжамды жауаптар:

өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;

жауапсыздық;

отбасы алдындағы борыштың болмауы;

берекесіздік;

бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);

арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;

Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы.


Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады

II-блок. Практикаға бағдарланған

ᴥ Жобалық пікірталас.

Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз:

1) Көршілерде өрт болды...

2) Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...

3) Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...

ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.

ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақтың нәтижесінде білім алушылар:

- құндылықтарды декларациялау ( «Патриот болу - бұл азаматтық ұстанымының болуы»);

- құндылықты оған қол сұғушылықтан қорғауды;

- іс-әрекеттерді білдіретін құндылық қарым-қатынасты (көмекке келу немесе адамға көмектесуді сұрау);

- құндылықтарға деген нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды ұйымдастыруды ( «Іс-шаралар өткізетін жер болуы үшін мектеп айналасын тәртіпке келтіру») меңгереді.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын балаларымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?

Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?

Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау.


Мұғалім: Жалпы «Патриот, Патриотизм» - дегеніміз кең ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен түсіндіру мүмкін емес. Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді. Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді.


Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. 
Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.

Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. 
Қорытынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады. 
Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды. 
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
906
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі