400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты: "Мен, елімнің патриотымын!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты: "Мен, елімнің патриотымын!"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Күні:

Тақырыбы: Мен, елімнің патриотымын!
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа

Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.

Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио - де - Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны - 17. 2012 - жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан спортшылары Рио - де - Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек. «Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету. Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек. «Мен кім болам?» тақырыбында ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан - да ыстық.
Отан - нан басталады. т. б
Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.









  • Бекітемін

  • Күні:

Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Кітап көрмесі.

Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жұмбақтар шешу.
а) Теңізде түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең (Білім)
ә) Көп әңгіме - өлеңім,
Күнде ақыл беремін. (Кітап)
б) Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)

ІІІ. Кіріспе сөз
- Балалар, бүгін біз кітап, білім туралы көптеген мағлұмат аламыз. Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнеркәсібімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап қағаз – ағаштан жасалады. Ағаш – табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері еңбек етеді.

1. Біздің елімізде бірде - бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған.
2. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап болып шығару ісі жолға қойылған.
3. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде.
4. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап – Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.

IV. Ән. «Әйбат менің кітабым» (хор)

5. Саған білім жемісін
Оқулығын береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
6. Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
7. Ағаш кесіп қанша адам
Ормандарда жүреді
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі
8. Машинист боп жасынан
Дүбірлетіп даланы
Сол ағашты тасыған
Білер ме көп ағаны
9. Заводтарда күн - түні
Қағаз жасап бағалы
Қанша адамның кім үшін
Маңдай тері тамады.
10. Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып.

11. Әдемілеп берсем деп
Бояу жағып не түрлі
Суретшілер көркемдеп
Қанша уақыт отырды.
12. Әріп теру үшін де
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Талай тыным көрмеді.
13. Оқулықты мектебің
Берер саған теп тегін
Білмейсің - ау сен бірақ
Қанша еңбек кеткенін
14. Оқулығың – құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
15. Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке

V. Көрініс. «Ең асыл жеміс» (Ертегі)

VI. «Білім керек бәріне» Тоқтар аға ұқсап сен
Әкең кітап әкелсе Ұшуды да ойлайсың
Сұрайсың да, қалайсың. Көк ала аспан кеңісін
Суретіне зер салып, Білу керек әуелі
Қайта - қайта қарайсың Балдырғандар ол үшін
Сол кітаптың мәнісін Білім керек әуелі.
Білу керек мәуелі
Балдырғандар ол үшін
Білім керек әуелі.
Айтып айтпай не керек
Сүйсең туған еліңді
Еңбек етем елге деп,
Қуандырсаң атаңды,
Әр нәрсенің мәнісін
Білу керек мәуелі,
Балдырғандар ол үшін
Білім керек әуелі.

VII. Даналардың білім туралы ойларынан
1. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген. (Әл - Фараби)
2. Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны. (И. Гете)
3. Білім мен даналық - адам көркі. (Ә. Науаи)
4. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ)
5. Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз – білім. (Ф. Бэкон)
6. Көп білген емес, ең керектісін білген адам ақылды. Адамның білгені аз болған сайын көп білетіндей болып көрінеді.(Ж. Ж. Руссо)
7. Білім мақсат емес, білім – қару. (Л. Толстой)
8. Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов)
9. Білім – дүниенің кілті. (Абай)
10. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім. (М. Әуезов)
VIII. Оқу, білім туралы мақал - мәтелдер.
1. Оқу – білім бұлағы, 2. Оқу - білім азығы
Білім - өмір шырағы. Білім – ырыс қазығы.

3. Ақыл – тозбайтын тон. 5. Қына тасқа бітеді
Білім - таусылмайтын кен. Білім басқа бітеді.

4. Білімдінің күні жарық 6. Кітап жанашыр адал досың
Білімсіздің күні кәріп.

IX. Би. «Біз – бақытты баламыз»
«Тарту» (А. Байтұрсынов)

Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсіп байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па.
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.

«Қарағым» (М. Жұмабаев)

X. Кітапханашыға сөз беру
XI. «Білім артық па, байлық артық па?»
VII ғасырда өмір сүрген 4 халифаның бірі Әзірет Әлінің білім туралы жауабы.
XII. Көрнекілікке шолу. (Кітаптың шығу тарихы туралы)
- Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
XIII. Ән «Мен әдепті баламын» (Хор)



























Бекітемін

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Табиғат тамашасы. 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғатпен жақын болу, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрату, сөйлету, жалпылау, болымсыз есімдікті бекіту.
Дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:дәстүрлі, алған білімдерін бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жартылай ізденіс, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. Шаттық шеңберін құру.\
Аспанға қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылдым 
Егеменді ел көрдім. 
4. Тіл дамыту сәтін өткізу. Қазір қай сабақ? Нешінші сабақ? Жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын ата. Қазір кай ай?
ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
1.Сұрақтарға жауап беру: Бурабай қандай көл?
Оның суы қандай?
Көлдің айналасы қандай?
Ауасы қандай?
Табиғаты қалай?
Көлдің қасында нелер бар?
Бурабайдың табиғаты туралы нелер жазылған? 
2.Жалпылау және болымсыздық есімдікті қайталап бекіту:
ЕРЕЖЕ: Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер есімдік деп аталады.Есімдіктің түрлері: жалпылау және болымсыздық . 
Жалпылау есімдіктері: бәрі, бүкіл, барлық, түгел.
Болымсыздық есімдіктер: ешкім, ешқашан, ешқайда,ештеңе, ешбір.
3.Тапсырманы орындау. Өз бетімен жұмыс.
Берілген сөйлемдерден жалпылау есімдіктерді тауып, астын сызыңдар.
Бір құмырсқа барлық құмырсқаға жол көрсетіпті.
Құстың ұшатының жұрттың бәрі біледі.
Еріншектік- бүкіл дүниедегі адамның дұшпаны.
Баршаның міндеті- табиғатты қорғау.
ІІІ. Сөздікпен жұмыс. 1.Тақырып бойынша оқулықта берілген сөздермен жұмыс.
таза ауа- чистый воздух
жарамсыз- непригодный
мәселе- проблема
мөлдір- прозрачный
көңіл- настроение
демалу- отдыхать
2. Осы сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру .
Сергіту сәті: Бір, екі үш
Ал кәнеки ұш
Төрт,бес, алты, жеті
Анау ауыл шеті
Сегіз, тоғыз, он
Ал кәнеки қоң!
IV. Мәтінмен жұмыс.
КОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қоршаған ортаны қорғау- қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол- еліміздің болашағы, халықтың байлығы.
5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты- табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу,сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.
Келер ұрпаққа жасыл орман. Мөлдір де таза өзен- көл мен таза ауа қалдыру- біздің борышымыз.
V. Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей 
1.Есімдіктерді теріп жазу.
2. Тазалау сөзіне фонетикалық талдау жасандар.
II деңгей
1.«Табиғат тамашасы» тақырыбына 5 сөйлем құрастыру.
I деңгей тақырып бойынша диалог құрастыру
Ү. Бекіту.
Тест сұрақтары:
1.Қоршаған ортаны қорғау дүниежүзілік күні.
а)әдемі 
ә) ескі
б) таза
в)үлкен
2. Келер ұрпаққа не қалдыру керек :
а) таза ауа 
ә) көңіл
б) мәселе
в) қазына
3. Бурабай қайдағы көл?
а) Сарыарқадағы
ә) Қарасудағы
б)Көкшетаудағы
в)Швейцариядағы
4. «Окружающая среда » аудармасын тап:
а) айналасы
ә) Көлдің айналасы
б) Қоршаған орта
в) ойлайсыңдар
Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
ҮI. Үйге тапсырма. « Қоршаған ортаны қорғау»тақырыбына сурет салу.
Тест сұрақтары:
1.Қоршаған ортаны қорғау дүниежүзілік күні.
а)әдемі 
ә) ескі
б) таза
в)үлкен
2. Келер ұрпаққа не қалдыру керек :
а) таза ауа 
ә) көңіл
б) мәселе
в) қазына
3. Бурабай қайдағы көл?
а) Сарыарқадағы
ә) Қарасудағы
б)Көкшетаудағы
в)Швейцариядағы
4. «Окружающая среда » аудармасын тап:
а) айналасы
ә) Көлдің айналасы
б) Қоршаған орта
в) ойлайсыңдар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі