Тақырыбы:
«Мен
және менің
отбасым»
Мақсаты: Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты
нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз,
ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық.
Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді
сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген-
тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар,
мультимедиалық проектор
Түрі: танымдық
сайыс, пікір талас
Барысы:
І.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Мұғалім: Құрметті
оқушылар! Бүгін біз «Мен және менің отбасым»
тақырыбындағы сынып сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы
бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп
қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,
сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі
толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы
өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім
алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен
алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.
Ал енді балалар өздерің
осы тақырыпта не айта алар едіңдер? Қане бәріміз өз отбасымыз ,
ондағы сенің орның жайлы пікірлесейік.
«Тіл өнері» мақал
мәтелдің жалғасын табайық.
Яғни
мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап
береді.
-
Атаға
қарап - ..............., анаға қарап - ..................(ұл
өсер,қыз өсер)
-
Ананың
көңілі балада, .......................... (Баланың көңілі
далада)
-
Ата-ананың қадірін -
................................`(балалы болғанда
білерсін)
-
атаның баласы
болма,............................. ( халықтың баласы
бол)
-
Ұяда не көрсең ,
....................................( ұшқанда соны
ілерсің)
-
Балалы үй базар,
..................................( баласыз үй қу
мазар)
-
ата көрген оқ жонар,
..........................( ана көрген тон
пішер)
-
Ананың сүті – бал,
................................( баланың тілі –
бал)
-
Туған үйдің түтіні жылы,
..............................( туған ананың күтімі
жылы)
-
Анаңа ауыр сөз айтпа,
...............................( артыңа ауыр жүк
артпа)
-
............ – ананың бауыр
еті, көз нұры. ( бала)
-
Әке – асқар тау,
.............................( ана- шалқар
көл)
«Сөз тапқанға .....» деп
аталады.
Берілген әріптерден
басталатын создермен жауап бересіздер.
І
топ
1.Тілді қадірлейсіз
бе?
2. Орысша сөйлеуге
қызығасың ба?
3. Мерекеге қандай киім
киесіз?
4. Кітап оқығанды ұнатасың
ба?
5. Лотореядан акша ұтсаңыз,
не істейсіз?
6 Достарың кімдер, коп
пе?
7 Тілімізді, дінімізді
жоғалтпау үшін не істеу керек?
8 Түнде аспанда не
болады?
9 Баланың бас ұстазы –
ата-ана ма?
10 16-желтоқсан қандай
мереке тойлаймыз?
ІІ
топ
-
Тіл сүйектен өте
ме?
-
Жаңа жылға қандай сыйлық
алғың келеді?
-
мектепке немен
келесіз?
-
көршіңмен татусың
ба?
-
ауа райы салқын
ба?
-
Дүниедегі қымбат
жан
-
Түлкі неге қу
аң
-
Су тіршілік көзі
ме?
-
Бақыт дегеніміз
не?
-
Ит жеті қазынаның бірі
ме?
Қорытынды
Бүгінгі сынып сағатын
қорытынды сұрақтармен аяқтаймыз.
І
топ
-
Тәрбие мен білімнің ордасы
( мектеп)
-
18жасқа толмаған адам (
бала)
-
«Өзін-өзі тану»
бағдарламасының авторы кім? (
С.Назарбаева)
-
Екі адамның бір-біріне
деген адалдығы ( достық)
-
Қазақстанда қандай білім
алу міндетті түрде ( орта)
-
Бес асылды атаңыз (талап,
еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
-
Үш арсызды ата? ( ұйқы,
тамақ, күлкі)
-
Үш қуаныш ( алғыс алу,
өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
ІІ
топ
1. Балдан тәтті не? (
бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? (
кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы?
(ата)
4. Әкеден балаңа берілетін
зат ( мұра(
5. Үйдегі алтын адам кім? (
ана)
6. Бес дұшпанды атаңдар? (
өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал
шашпақ)
7. «Ұл атадан көрмейінше
сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт
ата)
8. ҚР баланың құқықтары
туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж
8-тамыз)
9. Жасөспірім бала неше
жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14
жас)
10.Мемлекеттік
рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)