400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Мен өз Отанымның патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектептегі тәрбие жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушыларға арналған сценарий үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»


Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.

  • Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.

  • Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.

Көрнекілік:интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ,

флипчарт, түрлі-түсті фломастерлер, жапсырма қағаз, плакат.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.

II.Қызығушылықты ояту:

Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.

1. Біздің еліміз қалай аталады?

2. Рәміздеріміздің бірі

3. Орман неден құралады?

4. Бал жинайтын жәндік?

5. Пайдалы қазба

6. Қамбар ата төлі

7. Рәміздердің бірі.

8. Астанадағы Қазақстан символы?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса аласыңдар.

Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын» деп аталады.

(Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі)

Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.

Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.

  • Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?

ІІІ. Көрініс: «Туған жер»

(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі:

 Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы:

 Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі:

 Ата, «Өткен өмір» деген не?

Атасы:

 Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі:

 Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Есімі еш адамның өшпейді екен,

Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,

Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата – бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.

Немересі: 

Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?

Атасы: 

Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: 

Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы:  Жарайсың, балам!

Мұғалім:

  • Көрініс не жайлы болды?

  • Сенің туған жерің қалай аталады?

  • Ендеше, Қазақстанның кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.

ІҮ. Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

Кеше (өткен  тарихқа шолу)

1–оқушы:

Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.

Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді.  Шолу жасап өтейін.

  • Жоңғар  шапқыншылығы ;

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

  • 1928-1932 жылдардағы аштық;

  • 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан   соғысы;

  • 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.

Бүгін (бүгінгі  күннің  тарихына   шолу)

2-оқушы :

Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.  Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

3-оқушы:

Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.

4-оқушы :

 Еліміз мұнайға,пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

5-оқушы :

 Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда.

6-оқушы :

Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.

Ертең («Сұхбат алу» әдісі арқылы ертеңгі   күнге   болжау  жасау )

  • Үш тілділік;

  • Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.

  • Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.

  • Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.

Мұғалім:

Рақмет, балалар! Сендердің ертеңгі күнге деген болжамдарың міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатта елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер.

- Осы бағдарлама Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр. Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік.

  • Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар?


7-оқушы: Отан (М.Мақатаев)

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.  

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!  

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

8-оқушы: Туған өлкем (Өтебай Тұрманжанов)

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

13-оқушы: Туған жер (Қасым Аманжолов)

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?  

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем  білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.  



Ү. Қорытынды

Құрметті оқушылар!

Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік.

-     Айналайын!

Атамекен, Ақ мекен! 

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой, 

Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық.

Рефлекция

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
1389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі