400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Сынып сағаты: "Менің ғажайып ертеңім" 8-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне сынып сағатын өткізуде көмек бере алады. Білім алушының (тәрбиеленушінің) ой-өрісін кеңейтетін, еліне деген сүйіспеншілігін оятатын, патриоттық сезіміне әсер ететін материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің ғажайып ертеңім».

Мақсаты: Оқушылардың рухани жан-дүниесін байыту, отансүйгіштік, патриоттық, еңбексүйгіштік сезімдерге тәрбиелеу. Елбасының «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауын басшылыққа ала отырып, балалардың қиялын дамыту. Баланың еркін, жүйелі сөйлеуіне ерік беру, өз ісінен нәтиже шығарып, қорытынды жасай білуге үйрету. Ұжымдық – достық, татулық, ынтымақтыққа шақыру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, плакаттар, «Болашақ» мектебінің макеті, түрлі суреттер, мультимедиялық проекциялау құрылғысы, дербес электрондық есептеуіш техника, Yamaha.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

1. Мұғалім: Мынау ғаламда бір- бірінсіз қандай да бір оқиға іске асуы мүмкін емес кеңістіктің үш ұғымы бар. Олар:

Адамзат

Тағылым

Уақыт

Адам ата мен Хау анадан жаратылған адамзат баласы талай тарихты артқа тастап келеді. Уақыт деген тоқтаусыз, ұшы – қиарсыз кең ұғым. Ол ешнерсеге бағынбайды. Тарихты жасап жатқан адам іс- әрекеті уақытпен өлшенеді.

Ал, тарих ше? Тарихта қандай кезең мен қилы тағдыр кездесе де, адам тарихына тәуелді деп айтар едік. Себебі, басыңнан өтетін тағдырыңа сенің мойынсұнбауға билігің жетер ме екен...

Ал, Адамзат... «Адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ» деп Абай дана айтқандай, шынымен тарихты жасайтын да осы адамзат емес пе?

Бүгін осы киелі үш ұғым сіздердің алдарыңызда ой сынаспақшы, қиялға берілмекші, шығармашылықпен жұмыс жасамақшы.

Ортамызда отырған топтармен таныстырайын:

1. Адамзат

2. Тағылым

3. Уақыт

Оларға қойылатын шарттар:

1. – Символика. Эмблема қорғау.

2. – «Ойым – Елім, сен жайлы...» (шығармашылық жұмыс)

3. – Жүйрік ой, ой қазына «Менің қиялымдағы» (жоба қорғау)

4. – Жұздызды сәт . «Біз кімбіз?»


І бөлім


Даламның кеңдігіндей жүрегім бар

Мөп- мөлдір елге арнаған тілегім бар.

Қатардағы қазақтың перзентімін

Отаныма, еліме берерім бар – дегендей

І бөліміміз «Символика» деп аталады. Оның мақсаты әр топ өз топтарына таңдаған аттары бойынша қорғап өтеді. Олай болса сөз кезегі сіздерде...

1. Адамзат

2. Тағылым

3. Уақыт


II бөлім


Мынадай нақыл сөздерге тоқталып өтсек:

1) Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін аттана бермейді. Олар артына ой қалдырады ,ойдан мұра қалдырады.

2) Адам елеусіз тозаң сияқты із-түссіз құрып кету үшін тумайды. Адам жер бетінде, басқа адамдармен ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады екен.

3) Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оюлап - әшекейлеп, өрнектеуге әсер етеді.

Бұл бөліміміз «Ойым – Елім, сен жайлы» шығармашылықпен жұмыс жасауға арналған. (Яғни шығарма жазу, өлең шығару, сурет салумен шұғылданады).

Олай болса сөз кезегін сыршыл жүректерден шыққан туындыларға берейік.


III бөлім


Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің

Әспеттей көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім.


Алдарыңда таудай талап тұр, өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады. Оған жету үшін талмай іздену керек дер едім. Біздің топ оқушылары да ізденімпазымдық танытып, өз жобаларын қорғамақ. Жоба тақырыбы «Менің қиялымдағы...» деп алынды. Үш топ үш бағытта жобалырын қорғайды.

Адамзат – Менің қиялымдағы өлкем.

Уақыт –менің қиялымдағы мектеп.

Тағылым – Менің қиялымдағы Қазақстан.


IV бөлім


Барлық бала өзіңді ғана сүйеді,

Отаны үшін отқа түсетінін біледі.

Кеудесінде намысы бар ұрпағың

Елім деп соғар лүпілдеген жүрегі. – дегендей


Жұлдызды сәт бөлімнің тақырыбын «Біз кімбіз?» деп алдық

Өткен мың жылдаған тарихи тағылымымыз бар. Сол тарихымызды жасайтын жасампаз адамзатымыз болса, ал ертеңгімізді уақыт көрсетеді. Сол ертеңгімізді жасайтын, болашағымызды нұрландыратын бүгінгі мына біздер, олай болса «Біз кімбіз?»

Олай болса « Біз кімбіз? » деген сұраққа ойларыңды бір сөйлемге сидырып қалай айта аласыздар.


1. Интернет жүйесіне қосылған жарық таза мектепте білім – тәрбие алып жатырмыз.

2. Біз спортты сүйеміз. Салауатты өмір салтын ұстанатын балалармыз.

3. Ертеңгі күні ел үш әр салада еңбек ететін бүгінгі ұрпақпыз.

4. Біз – Тәуелсіздіктің тіректеріміз.

5. Біз – бейбітшілікті жақтаушы балалармыз.

6. Біз – болашаққа ақыл – парасатымызбен, сапалы білімімізбен баратын ұрпақпыз.

7. Біз – кішкентай жүрегі «Елім» деп соққан ұрпақпыз.

8. Біз – қайсар да қайратты, еркін де азат «Қазақ» атты ұлы халықтың перзентіміз.

9. Біз – Тіл тағдыры үшін күресетін ұрпақпыз.

10. Біз – ата – бабам қалдырып кеткен ұлан байтақ жерімізді сақтайтын ұрпақпыз.

11. Біз – рухы күшті елдің ұрпағымыз.


Рухы күшті ел – алынбайтын қамал. Осындай елдің ұрпағы болғандарыңыз үшін қуанамыз. Бүгінгі күніміз қандай мерейлі, берекелі болса, ертеңіміз сіздердің арқаларыңызда бұданда мерейлі, мерекелі, гүлденген Қазақстанға айналарымызға сеніміміз мол.

Қорытынды


Қазақстан, менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның

Өзің едің көз тоймайтвн алтын бақ

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.


Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі