400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты: “Музыкалық аспаптар әлемі”

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатының сценарийі Тәрбие бағыты: Көркем-эстетикалық тәрбие Тақырыбы: Музыкалық аспаптар әлемі Мақсаты:Балаларды музыкалық аспаптарымен таныстыру аспаптардың әуендерін тыңдатып және оларды ажыратып, айта білуге үйрету. Міндетті: 1)Аспаптар жайлы мәлімет беру. 2)Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға, тәрбиелеуге, құрметтеуге баулу. 3)Музыкаға деген қызығышылығын арттыру. Материалдар мен жабдықтар: Аспаптардың суреті, интерактивтік тақта. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Балалар қараңдаршы біз бүгін «Музыкалық аспаптар әлемінде» қонақтамыз. Кім біледі аспаптар дегеніміз не? Оларға нелер жатады? Дұрыс айтасыңдар. Бұл әлемде шулы, үрмелі, ұрмалы, ішекті аспаптар өмір сүреді. Олар тамаша әуендерді сүймелдей алады. Олардың даңқы бүкіл әлемге танылған. 1)Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? 2)Домбыра аспабының құрылыс кім айтып бере алады? 3)Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер? Видио арқылы ойын: htt
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағатының сценарийі

Тәрбие бағыты: Көркем-эстетикалық тәрбие

Тақырыбы: Музыкалық аспаптар әлемі

Мақсаты:Балаларды музыкалық аспаптарымен таныстыру аспаптардың әуендерін тыңдатып және оларды ажыратып, айта білуге үйрету.

Міндетті:

1)Аспаптар жайлы мәлімет беру.

2)Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға, тәрбиелеуге, құрметтеуге баулу.

3)Музыкаға деген қызығышылығын арттыру.

Материалдар мен жабдықтар: Аспаптардың суреті, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?

Балалар қараңдаршы біз бүгін «Музыкалық аспаптар әлемінде» қонақтамыз. Кім біледі аспаптар дегеніміз не? Оларға нелер жатады? Дұрыс айтасыңдар. Бұл әлемде шулы, үрмелі, ұрмалы, ішекті аспаптар өмір сүреді. Олар тамаша әуендерді сүймелдей алады. Олардың даңқы бүкіл әлемге танылған.

1)Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

2)Домбыра аспабының құрылыс кім айтып бере алады?

3)Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер?

II.Негізгі бөлім

Домбыра: Қазақ халқының тұрмысында кең тараған музыкалық аспап .Екі шекті домбыра бұрынғы заманда ән,жыр,ертегі,аңызды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса,қазір жеке шығармалар орындайды. Домбыраның екі шегі, екі құлағы, тиегі және мойнында 19-22 пернелері болады.

Гитара - кең таралған 6 ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Ішектері металл немесе нейлоннан жасалады. Жеке орындауда, әнді сүйемелдеуде және басқа аспаптармен бірге ансамбльдерде ойналады.

Гитардың арғы тарихы ежелгі Бабилонға барып тіреледі. 3000 жыл бұрынғы Хеттылердің жартас оймаларында гитараға ұқсайтын ежелгі шертпелі аспаптың кескіні бар, олар оны бағызы Бабилондықтардан алған екен. Испанияда 12ғ. бастап белгілі бола бастайды.

Жетіген: жеті ішекті ,шертіп ойналатын музыкалық аспап .Бұрауы жоқ.Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерілі –кейінді орналастыру арқылы келтіреді.

Сыбызғы: ерекше жаттағуды талап ететін аспап.Түтігінің жоғары аузын маңдай тіске тақап, ерін мен тілдің көмегімен түтікке тербелген ауа толқыны белгілі бір қысыммен бағытталады.Осының нәтижесінде ызыңдаған үн шығады.Бұл үн тесіктер арқылы музыкалық жүйеге келтіріледі.

Пианино (итал. pіаnіnо — жайлап ойнау немесе кішкене фортепиано) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепианоның бір түрі. Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800). Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты.

Скрипка (орыс. скрипеть — сықырлау, итал.итал. vіolіno) — ысқылы ішекті музыкалық аспап. Скрипка тектес аспаптардың (С., альт., виолончель, контрабас) ең жоғары регистрлі түрі. Скрипканың 4 ішегі квинталық бұрауға келтіріледі. 15 — 16 ғасырларда С-ның классик. түрі қалыптасты. 16 — 18 ғасырларда Солт. Италияда Скрипка жасау шеберлерінің ірі мектептері орын тепті.

Ойын.

1)Топтан бір оқушы шығып, көрсетілген аспапты топқа мимкамен жеткізу керек.

2) Жарайсыңдар келесі тапсырма «Әуенді ажырат» деп аталады. Сіздердің міндеттеріңіз- ұсынылған әуенді табу. Бұнда әр бір топқа әуендер беріледі.

III.Қорытынды

Өте жақсы балалар, міне біздің жарысымызда аяқталды. Жақсы білімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі алған білімімізді «Луллий шеңбері» арқылы қорытындыласақ. Ол үшін Луллий шеңберін пайдалана отырып білгенімізді айтсақ. Жарайсыздар! Сау болыңыздар!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24.11.2023
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі