15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты "Наурыз - Ұлыс күні" 3-сынып
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
1-жүргізуші: Думан
Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші: Нұргүл
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
1-жүргізуші: Думан
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
2-жүргізуші: Нұргүл
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.
Қайта оралған намысымдай Наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!
1-жүргізуші
Думан
Ақ сандықты
ашайық.
-Шашу, шашу, шашайық!
Бұл мереке,бұл тойдың,
Бастанғысын жасайық.
1- жүргізуші:
Думан.
Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі,
Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас
бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:
Төле би рөлінде:Мұрат
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмаған сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Қазыбек би рөлінде: Әли
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Жарылқа, Алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ-дәулет,
Қызыр қарап бақ қонып,
Жақсылық үшін қызмет ет!
Әйтеке би рөлінде: Бекзат
Әуелі, құдай, оңдай көр,
Оң жолына бастай көр,
Адасса жолға сала көр,
Сүрінсе қолдап ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр!
Жұлдыздармен жалғастыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
1-жүргізуші: Думан
Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
Келдің бе, Әз Наурызым – Жаңа күнім!
Оятып бәйшешекті – дала гүлін.
Көп болса қандай жақсы болар еді,
Жүректі жадыратар жаңалығың.
2-жүргізуші: Нұргүл
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра- демекші
наурыз тойымыздың шымылдығын
қазақтың қара домбырасымын ашайық.4-сынып оқушыларының
орындауында қазақтың халық әні
«Гүлдерайым»
(Гүлдерайым әні орындалады.)
(Көрініс.)
(Күн-Сабина мен түн – Жанель ортаға шығады)
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі: Бірдей болып біздер, теңелеміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап.
1-жүргізуші: Думан
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
2-жүргізуші: Нұргүл
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Ару көктем шақырады Ынтымақ пен Бірлікке!
Көктем Ару.
Айнеля
Армысыздар халайық
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын.
Көктемнің әрбір ақ таңы
Қуанышпен, ашылсын.
(Дильназ, Даниал, Айгерим, Нұрсат)
1-оқушы:
Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы:
Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3- оқушы:
Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер»деп атаған.
4- оқушы:
Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы:
Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
1-жүргізуші Думан
Көктем Аруы, сіздерге әннен шашу ала келген екен.
2-жүргізуші Нұргүл
Ендеше, Көктем аруының орындауындағы «Наурыз» әнін қарсы алыңыздар!
(Аманова Айнеляның орындауында «Наурыз» әні)
1-жүргізуші Думан: Аяз бен Қыдырдың әңгімесі.
(Көрініс.)
2-жүргізушіНұргүл
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.- дей келе құттықтау сөзді 1-сынып оқушыларына
берейік.
(1-сынып оқушыларының құттықтау, тілектері)
Би. «Домбыра» Байгулова Аянат
Жаттау
Би. «Көктем келді далама»Аблаева Дильназ
1-жүргізуші
Думан
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн - ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
2-жүргізуші Нұргүл
Жақсылық жүрегіне жыр
еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата – әжелер- деп 2-сынып оқушылары да
сіздерді құттықтауға келіп отыр. Қарсы
алайық!
(2-сынып оқушыларының құттықтау, тілектері)
Би. «Алатау» Диара
Ән. «Наурыз келді жеріме»
1-жүргізуші
Думан
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
2-жүргізуші
Нұргүл
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай! Құттықтау сөз 3-сынып
оқушыларына беріледі.
(3-сынып оқушыларының құттықтау, тілектері)
Ән. «Қамажай» Жолболды Аружан
1-жүргізуші Думан
Байлығы мол байтақ жерім
кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын Наурыз мерекең!
2-жүргізуші
Нұргүл
«Туған жер» әнімен Нұлан Айшабибі мен Нұрлан Дарияны қарсы
алыңыздар!
(«Туған жер» әні)
1-жүргізуші Думан
Қазақтың мың бұралған биі
қандай
Әсемдік әлемінен құйылғандай
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар
Тағаты көрерменнің тиылғандай
(Би. «Жаса Қазақстан»)
2-жүргізуші Нұргүл
Еліміздің шаңырағы биік, босағасы берік болсын, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз жасай берсін!
1-жүргізуші
Думан
Наурыз тойымен құттықтау сөз кезегін мектепіміздің директоры Гүлжан
Жұмашқызына береміз.
(оқу ісінің меңгерушісі Дариға Ерденқызына)
(тәрбие ісінің меңгерушісі Жақсылық Каукенқызына)
2-жүргізуші Нұргүл
Мерекемен құттықтау сөзді ақ жаулықты апаларымызға берейік.
2-жүргізуші Нұргүл
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды
1-жүргізуші
Думан
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Бахытын елге бере берсін!
Бірге
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген