жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты "Наурыз айы туғанда"
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты

5 «А» сынып жетекшісі: Б.Б.Жұмаділова
Наурыз айы туғанда...
Мақсаты:1.Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып, ата-баба салтын сақтау, құрметтеуге тәрбиелеу;
2. Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, табиғатпен үндестікке үйрету;
3.Сыпайылыққа,бірін-бірі сыйлауға көмектесуге, кешірімді бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: нақыл сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар
Мұғалім: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын!Ұлыс оң болсын!
Миуа:-Армысыздар қымбатты қонақтар, асыл жүрек абзал аналарымыз!
Бала, бала,бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған –демекші өткен көктемнің шуақты да нұрлы күні аналар мейрамымен аналарымызды құттықтаймыз. Сіздер әрдайым біздің жүрегімізде жүресіздер.
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын!
Аман-есен болайық!
Ән «Анаға» қыздар тобы
-Бүгінгі «Наурыз айы туғанда...» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Әлия:
-Уа, жараңдар,жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды.
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік.
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың,
Жарапазан жыры бар.
Толғанай мен Аружан кіріп келеді. Қолтықтасқан құрбылар таң-тамаша болып, не болып жатқанын түсінбей сұрайды
-Мұнда не болып жатыр?
-Енді түсіндім, бүгін ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі емес пе, құрбым?
Толғанай :- Ендеше не тұрыс
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық. Шашу шашайық мына тойға. (шашу шашылады)
Аружан:-Наурыз тойын әдемі,
Апам еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді. Көжелеріңіз барма,құрдастар?
-Бар, бар (екеуі отырады)
Данияр:-Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Санжар:-Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңыздар,
Бұдан кейін ән тыңдаңыздар!
Ән «Менің анам»
Ақмарал:-Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Ақерке:-Жаратылыс жаңарып,
Теңелген кез күн мен түн.
Ел сұрасып жаңалық,
Бір-біріне кірген күн.
Бағалы:-Наурыз көже татысып,
Үйден үйге кірген күн.
Ән мен биге қатысып,
Қауым боп ойнап күлген күн.
Миуа:-Ортамызға Қызыр ата келген екен, атамыздан бата сұрайық.
Елдар(Қызыр ата):-Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
Жасұлан:-Наурыз-жаңа жылдың алғашқы айы. Наурыз-күн мен түннің теңелуі. Наурыз айында тек жақсы тілектер айтылады. Наурыз айында жағымсыз әдеттерге тыйым салынған.
Динара:-Наурыз сөзі- парсы тілінде «Жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн –ата-бабалармыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңесіп, бұдан былай күн түннен ұзара береді.
Саят:-Ұлыстың ұлы күні түнгі сағат бірді соға бастағаннан ел елжірей қуана есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды.
Ермек:-Ұлыстың ұлы күні әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе-наздары болса, бәрін кешіріп, бірін-бірі мейман етеді. Сыйласым үстінде әрбір тойшыға лайықты сыбаға беріліп, сый-сияпаттың жаңаша түрлерін көрсетеді.
Айжан:-Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылдық, молшылық, мәнді де дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.
Айбота:-Наурыз айында жер-ана босаңсып көк шыға бастағанда «Наурыз тал»
егеді.
Арман:-Наурыз айы-ақ мол болатын, елдің аузы аққа толатын берекелі ай. Әжелер сүрленген еттерін, қазы-қарталарын наурыз көжеге сақтайды.
Айдана:-Наурызда оюлы,
Ұлттық киім киеміз.
Бастап ән-күй, ойынды,
Би билеуді сүйеміз.
Би «Толғанай»
Ал енді ойын ойнатылады.
Тойғұлан:-Көзін ашып бұлақтың
Көпшілік көшет еккен күн.
Туыс, жекжат-жұраттың,
Қадіріне жеткен күн.
Назерке:-Қораларда төл төлдеп
Бау-бақша гүл ашқан күн.
Көңілдер шат көкке өрлеп,
Әр іс оңға басқан күн.
Ән «Қазақы дастархан»
Қуаныш:-Құтты болсын Наурыз,
Қалдырмасын қауіп із.
Бейбітшілік сақтауда,
Болмасын еш дауымыз.
Аружан Т:-Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
Ойын ойнатылады.
Миуа:-Қазір біз сіздерге мектептегі жағдаяттардан көріністер қойып береміз. Тамашалаңыздар
Толғанай:-Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар,
Ошақта шоқ көп әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Миуа:- «Наурыз көжені тойып ішсең, жыл бойы тоқ жүресің» деген ырым өз бар. Ендеше мерекеміздің асы наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.
Жұмбақтар
1.Жерге тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады,
Шешуін кім табады? (жаңбыр)
2. Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып. (бұлт)
3. Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)
4. Желіні толы-сүт,
Жерге тамса-құт. (бұлт, жауын)
5. Жүйрік өзі тұлпардан,
Ұшқыр өзі сұңқардан.
Күні-түні жүйткиді,
Кең далада кең тарлан. (жел)
6.Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп, селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)
7. Түбі тесік шелектен,
Су тамшылап тұрғандай.
Басталып еді ол еппен,
Ақтарылды түк қалмай. (жаңбыр)
8. Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,
Мен мүдірсем, ол да мүдіреді. (көлеңке)
Жүзік
Моншақ
Тарақ
Сөмке
Телефон
Су
Шелек
Қалам
Кітап
Парта
Ұстаз
Мектеп
Сандық
Сырға
Ұлттық тағамдарды атаңыз?
Киіз үй жиһаздарын атаңыз?
Жүннен жасалатын бұйымдарды атаңыз?
Ұлттық киімдерді атаңыз?
Төл атауларын атаңыз?
Металдан жасалатын бұйымдарды атаңыз?
Зергерлік бұйымдарды атаңыз?
Теріден жасалатын ыдыс атаулары?
Ұлттық тағамдарды атаңыз?
Соғым басы дегеніміз не?
Сабан той дегеніміз не?
Беташар дегеніміз не?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген