400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты: "Наурыз-думан". 6-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларымен өтілген "Наурыз-думан" сынып сағатында оқушылардың наурыз мейрамының соншалықты маңыждылығын ұғына отырып, өз өнерлерін ортаға салып, барынша көтеріңкі көңіл-күйлерін көрсете білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий Наурыз – думан


1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, Алаш жұрты

2-жүргізуші: Арма қадірменді көрермен!

3-жүргізуші: Міне, ойдағы мен қырдағымыз есендікте қауыштық

1-жүргізуші: Жеті дәммен бал татыған наурыз көжені алдыға алған боларсыздар?

2-жүргізуші: Ендеше мерекеге орай бізден де бір тарту!

3-жүргізуші: Ішінде ерен өнер, жақсы ән, ерекше қонақтары бар «Наурыз» мәзірімізді қабыл алыңыздар!

1,2,3-жүргізушілер: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!


1-жүргізуші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына әнші құстарды сайратып, дархан даламызды жайнатып жаңа жыл келді.

2-жүргізуші: Наурыз – жыл басы, наурыз - көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған.

3-жүргізуші: Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.

1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.

2-жүргізуші: Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай (науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

2-ж: Көктем мезгілі жеткенде әдетте әжелеріміз бәле-жәледен аман болсын деп аластайтын еді. Есіңде ме?

1-ж: Есімде, бала кездегі сәттерімнің бәрі есімде, біздің наурыз думанымызға арнайы келген әдемі әжелерімізді шақырайын.

1-ә: Мерей:

Алас, алас, Алтайдан, Атырауға дейін,

Каспийден Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр кең далама,

Кесапатын тигізетін кеселден алас,

Бар пәледен алас!

2-ә: Айжан:

Елімнің елдігінен айырғысы келетіндерден,

Ерлердің ер мінезінен тайдырғысы келетіндерден,

Алас, алас, алас,

Барша жамандықтан алас, алас!

3-ә: Гүлсезім:

Алас, алас, әр бәледен алас,

Ескі жыл кетті, жаңа жыл келді,

Айдан аман, жылдан есен болайық,

Алас, алас!

4-ә: Шұғыла:

Алас, алас, мың пәлден алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта

Алас, алас!

5-ә: Айдана:

Алас, алас, жақсылыққа жанас,

Алас, алас, думанды тойға ұлас!

Болашаққа қарасам, бақыт кеп тұр бұл елге,

Күн көзіне қарасам, ырзық кеп тұр жеріме.

Әжелер:

Жер-Ана күш-қуат бере гөр! Тәу-тәу!

Атадан ақ ниет бере гөр, Тәу-тәу!

Самал жел жаңа леп бере гөр! Тәу-тәу!


Ұлболсын:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).

Шашу!!!
шашу шашылсын!
Ел мерейін асырсын!!!

                                             (Шашу шашылып жатқанда оқылады.)


Ұлыс күні. Мақсұт Неталиев
Мерей:

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Аида:
Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!
Әлихан:
Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы... 1
Айжан:
Жылғалардан су аққанда сырғанап,
Шаң - тозаңнан тазарады нұрлы алап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын –
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!
Р.Қуаныш:
Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –
Жүрсе, Бақыт қонатынын хабарлап,
Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!
Аяна:
Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

3-жүргізуші:

Назар аударыңдар! Керемет ойындар ойнайық!

1-жүргізуші:

Не болды, бала болып кеткенің бе? Мерекемізді тоқтатпақпысың? Сен осы ұялы телефонның ойынынан шаршамайды екенсің!

3-жүргізуші:

О, не дегенің? Менің ойнататын ойындарым - ұлттық ойындар. Асық, қолкүрес, арқан тарту, тайжарыс, қой көтеру т.б.

2-жүргізуші: Сен кәдімгідей дайындалып келген сияқтысың. Ойнат бір ойыныңды.

3-жүргізуші: «Асық» ойыны. (Шартын түсіндіріп ойнатады).

1-жүргізуші: Сен осы сондай көріктісің. Сені көрсем көктемді көремін. Менің саған бірнеше сұрақтарым бар. Ақылың сымбатыңа сай ма екен, білгім кеп тұрғаны!?

2-жүргізуші: Қоя бер, шаманың келгенінше жауабымды берейін.

1-жүргізуші, 2-жүргізуші:

Жыл басының алғашқы көгі – бәйшешек, жыл басының алғашқы асы – наурыз, жыл басының алғашқы белгісі – көрісу, жыл басының алғашқы сый тамағы – ұйқыашар, жігіттердің қыздарға берген сыйы – селтеткізер.

1-жүргізуші: «Селтеткізер» дегенді жай айта салдың-ау, осы?

2-жүргізуші: Қателесесің! «Селтеткізерді» білмейді деп ойласаң қарашы, керемет емес пе? (Жігіттер қыздарға сыйлықтар береді)

1-жүргізуші: Енді бір тағы оңай сұрағым: келесі шығатын әнші кім?

2-жүргізуші: – Мадина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас.

1-жүргізуші: Жоқ, өзіміздің әншілеріміз жетерлік.

2-жүргізуші: Ммм, онда Ниязбекқызы Нұрила «Мерекем» әнімен ортаға шықсын.

Наурызым. Ибрагим Исаев
Нұрсұлтан:

Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз даланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің – көктем,
Әсем едің, шіркін, неткен,
Наурызым! 2
Аружан:
Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар.
Сылқылдайды бал бұлақтар,
Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым!
Елдар:
Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,
Наурызым!
Нұрила:
Аңсап жүрсең осы күнді,
Ашып таста есігіңді.
Болайықшы кешірімді,
Ән тербетсін бесігіңді,
Наурызым!
Айдана:
Бұл әлем қалғығандай,
Ұшты көкке ән қырандай.
Наурыз көже дәмді балдай,
Сенің көшің сәнді қандай,
Наурызым!
Ұлболсын:
Аталардың – Қара Нардың,
Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,
Ақ батасын ала барғын,
Наурызым!
Ердәулет:
Ғашықтардың түр - түсінде,
Сәбилердің күлкісінде.
Ел үшін де, жұрт үшін де,
Қара Жерге кір түсірме,
Наурызым!

Көрініс:

  • Оооу, қарындастар, қарлығаштар! Неткен сұлусыңдар? Жай жүрсіңдер ме? Аққу сияқты жиналып қалыпсыңдар.

  • Аққуға теңегенің бізге ұнап тұр. Сұлу екеніміз де рас. Бізді не үшін жүр деп ойлайсыңдар?

  • Пай, пай, неткен керемет иіс, наурыз көженің иісі аңқып кетті ғой! Сірә, сендер наурыз көже пісіріп жүргенге ұқсайсыңдар!

  • Жігіт, дәл таптың! Тек наурыз көже емес, наурыз-думанға келдік. Ммм... сендер жаңа бізді аққуға жай теңемеген боларсыңдар. Сендер көжеден дәм татып, біздің «Аққу» биін тамашалаңдар!

Би: «Аққу»

3-жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Әр шаңыраққа бақыт әкелсін! (Осы сөздерді айтып жүріп бірнеше адамды құшақтап жүреді)

1-жүргізуші: Сен бүгін шынында шабыттанып келіпсің. Біз де көрісіп қояйықшы, бәріміз. Дәл қазір ат терлетіп келген айтыскер құрбыларымызға кезекті берсек:

Ұл:

Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз 3

Қыз:

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Ұл:

Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап

Қыз:

Үй жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді

Ұл:                                                                                                                                                                   

Түрлендіріп қамшы өрсем,

Қыздарың таң қалады                                                                                                                                             

Күмбірлетіп күй шертсем,                                                                                                                                      

Мұнда думан болады                                                                                                                                                 

Қыз:

Мақтандың ғой жігітім 

Өнеріңді көрейік                                                                                                                                                                                      

Көрсет сәнді қамшыңды                                                                                                                                                             

Біздер баға берейік                                                                                                                                                                        

Ұл:

Тойға барам деген соң                                                                                                                                    

Домбыра ұстап жетіп ем                                                                                                                                       

Шашақталған қамшымды                                                                                                                                                     

Үйге тастап кетіп ем                                                                                                                                            

Қыз:

Қалып қойса қамшыңыз                                                                                                                                                 

Тағы тойға келерсіз                                                                                                                                                        

Сол қамшыны мына бізге                                                                                                                       Сонда сыйға берерсіз                                                                                                                                                  

Ұл:

Қоштасайық халықпен                                                                                                                                   

Ақындарын пір тұтқан                                                                                                                                                Сөз өнерін шөлдегенде                                                                                                                                                                

Рахаттана бір жұтқан

2-жүргізуші: Мен сондай керемет сезімде тұрмын. Осы айтыстан кейін қалайша Аянаның «Қазақ елі» әнін тыңдамасқа!

Ән: «Қазақ елі». Нүрекеева Аяна

3-жүргізуші: Қараңдар, қараңдар! Ойын ойнауға жараңдар!

«Арқантартыс» ойыны. (Шартымен түсіндіреді).

3-жүргізуші: Жігіттер, шабыттанып кеттіңдер ме?! Ойын жетеді. «Тайжарыс» ойынын ойнаудың реті келіп тұрғандай.

1-жүргізуші: Шұғыланың көңіл күйі маған ауысқан секілді. Мен де Мерейдің «Елге сәлем» әнін тыңдап алайыншы!
Ән: «Елге сәлем». Мерей

3-жүргізуші: Менің де делебем қозып кетті. Бірақ менің ән емес, билегім келіп тұр. «Қара жорғаны» қосыңдаршы!

Би: «Қара жорға»

1-жүргізуші:
Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
2-жүргізуші:
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.
3-жүргізуші: Пай-пай, біздің де әнші бұлбұлымыз бар. Қарсы алайық!

«Қош келдің, Жаңа жыл қазағыма» әнімен Қуандық Айдана

Қыздар мен жігіттер айтысы:


Қыздар-ай



























Қызыл туша, ақ туша, туша-туша, қыздар-ай,
Қыздар сұлу көрінер белін буса, қыздар-ай.

Сала берме әр қызға көздеріңді ұлдар-ай,

Бұл қылығың қалар-ау бізге мәңгі ұнамай!
Беу, беу, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.
Ойнап-күлсек жарасар,

Әзіліңді ұғам-ай



Қызыл бидай, ақ бидай, бидай-бидай, қыздар-ай,
Қыздар сұлу көрінбес белін бумай, қыздар-ай.

Бидайларды қуырар сендер емес ұлдар-ай,

Алысырақ жүріңдер, ойыныңмен қинамай!

Ей, ей, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.

Ойнап-күлсек жарасар,

Әзіліңді ұғам-ай

Әсемсіңдер қыздар-ай, сұлусыңдар қыздар-ай,
Сұлулыққа тамсанып, әзер тұрмын құламай.

Түкіріңдер тамсанбай, көз тимесін ұлдар-ай,

Осы айтқан сөзімді қайсысың бар ұғар –ай.



Ей, ей, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.

Ойнап-күлсек жарасар,

Әзіліңді ұғам-ай



Shape1

Қызыл туша, ақ туша, туша-туша, қыздар-ай,
Қыздар сұлу көрінер белін буса, қыздар-ай.

Сала берме әр қызға көздеріңді ұлдар-ай,

Бұл қылығың қалар-ау бізге мәңгі ұнамай!
Беу, беу, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.
Ойнап-күлсек жарасар,

Әзіліңді ұғам-ай



Қызыл бидай, ақ бидай, бидай-бидай, қыздар-ай,
Қыздар сұлу көрінбес белін бумай, қыздар-ай.

Бидайларды қуырар сендер емес ұлдар-ай,

Алысырақ жүріңдер, ойыныңмен қинамай!

Ей, ей, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.

Ойнап-күлсек жарасар,

Әзіліңді ұғам-ай

Әсемсіңдер қыздар-ай, сұлусыңдар қыздар-ай,
Сұлулыққа тамсанып, әзер тұрмын құламай.

Түкіріңдер тамсанбай, көз тимесін ұлдар-ай,

Осы айтқан сөзімді қайсысың бар ұғар –ай.



Ей, ей, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.

Ойнап-күлсек жарасар,

Әзіліңді ұғам-ай















































































1-жүргізуші: Таңқаларлық! Мен бір алапат күш иесін таптым! Бөренені оп-оңай жарып, қалың темірді майша майыстырып дегендей таусылмас өнерге кен екен.

2-жүргізуші: Қойшы, нағыз Қажымұқан десеңші. Ондайларды тек теледидардан ғана көріп жүрміз.

1-жүргізуші: Енді шынайы көретін боласың, дайын бол! Ортада қас батырдың нақ өзі, алып күштің иесі, Қажымұқанның ұрпағы – Елдар.

Елдар: Шанамен бірнеше қыздарды иегімен сүрейді, банканың крышкасын майыстырады, сымды оңай майыстырып жібереді.

3-жүргізуші: Менің тағы таңдай қақтырар ойыным бар. «Қой көтеру» ойыны. (Шартымен түсіндіреді).

Би: «Өзбекше »

1-жүргізуші:
Жадырап күннің жанары,
Бетті өпсе жылы самалы.
Сай - сайға ақса жылғалар,
Бұл Наурыз хабары.
2-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің адамы,
Бейбіт күн берік қамалы.
Құт болсын дейік ағайын,
Жаңа күн Наурыз қадамы.
3-жүргізуші:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!


Хор: «Наурызым».

"Наурыз көктем"

Келді көктемім

Гүлдер бүршігін жарып

Келді көктемім

Жаңа бір үміт алып  


Қуанып жасымызда кәрімізде

Саламыз шаттық әнге бәрімізде

Көктем ару келді

Наурыз  


Ағайын, құтты болсын Наурыз

Жадырасын жанымыз, жанымыз

Наурыз, құтты болсын ағайын

Алғысыңды алайын, алайын  


Жаңарып көне

Түрленді күллі дала

Көңілді жүрміз

Гүлденді әсем қала

 

Қуанып жасымызда кәрімізде

Саламыз шаттық әнге бәрімізде

Көктем ару келді

Наурыз  


Ағайын, құтты болсын Наурыз

Жадырасын жанымыз, жанымыз

Наурыз, құтты болсын ағайын

Алғысыңды алайын, алайын  


Ағайын, құтты болсын Наурыз

Жадырасын жанымыз, жанымыз

Наурыз, құтты болсын ағайын

Алғысыңды алайын, алайын


























САБАҚ:

Мектеп: №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ерлан Жүніс. Өмірі мен шығармашылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.Т/Ж1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.А/И.1 – шығарма композициясындағы бенегіздеме жасау;

Сабақтың мақсаты

Ерлан Жүністің әдебитеттегі шығармашылық іс-әрекеті арқылы оның образын ашу

Бағалау критерийі

Мәтін құрылымын сақтайды;

Құрылымына сәйкес жоспар құрады;

Мәтіндегі сөздерді орынды қолданады;

Мәтіндегі сөздердің тиімді қолдануын түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Диалог құруға, жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Автор және ақын

Пәнаралық байланыс

Тарих пен қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Тарихи және көркемдік құндылығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көз

дер

Сабақтың басы


5 минут


Сабақтың ортасы

5 минут





10 минут







7 минут



2 минут








6 минут


Қызығушылықты ояту.

Жас ақындартуралы сөз қозғау

Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты түсіндіріледі.

Ойқозғау сұрақтары

Бағалау. Оқушылар жауап берген сыныптастарын бағалап отырады.


Топтық жұмыс.

«Топтастыру» стратегиясы

Ерлан Жүніс (7 қараша 1984 жыл Алматы облысыЖамбыл ауданы) - ақын.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты.

М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін «әдебиетші, филолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • 2001 жылы «Абай оқуларынан» Бас жүлде алған

  • 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Президент Кубогі және Гран-При иеленген.

  • 2009 жылы Баянауыл тақырыбында жазған «Үздік журанлист» Алтын белгісін алған.

  • 2012-2013 жылдардағы Мемлекеттік Стипендия иегері.

2001 жылы «Жыр-Перзент», 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» жыр кітаптары жарық көрген.

Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Ар-Ай» газетінде, Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби консультант қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі.

Дескрипторлар:

  • Тақырыпты зерттейді

  • мінездеме береді;

  • салыстырады.



Оқушылар екі топқа бөлініп, өз пікірлерін қорғайды.

Дескрипторлар:

  • өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығады;

  • нақты дәлелдер мен фактілер келтіреді;

  • Уақытты тиімді пайдаланады (2,5 минут).








Сабақтың соңы

5 минут

Үйге: Ерлан Жүніс. Өмірі, шығармашылығы

Рефлексия

«БББ» кестесі



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Кері байланыс, бірін-бірі бағалау

Дене шынықтыру пәнімен байланыстырылады.

Оқушы бойында ынтымақтастық, құрмет дағдылары қалыптасады.


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым

Мектеп: №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 6


Қатысқандар:

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы:

Ерлан Жүніс. «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі

Оқу мақсаты:



6.Т/Ж - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

6.А/И4. -әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты сипаттама бере алады.

Көпшілігі орындай алады: Берілген сұрақты дұрыс түсініп, шағын диалогке қатысады

Кейбір оқушылар орындай алады : өлеңде көтерілген мәселелерді анықтап, мәнерлеп оқиды, постер жасайды

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

Мәтінге қатысты сипаттама береді.

Шағын диалогке қатысып, сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтап мәнерлеп оқиды.

Тілдік мақсаттар:

Постер жасауға арналған тірек сөздер:

Тәуелсіздік, асқақ аңыз, ұлы ел, тарих( бұл сөздермен постер жасайды)

сөз тіркестері:


Негізгі сөздер мен тіркестер.

Алып тұлғалар, алып сөздер, аыңз, жаралған күннен, менің тегім, жарық күн

Пән аралық байланыс:

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Ерлан Жүніс. Өмірі, шығармашылығы

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған

жаттығу түрлері



Ресурстар



Сабақтың басы

3 минут






2минут










5 мин









2 мин























Сабақтың ортасы:


10 мин









































Сергіту сәті

2 минут





































Топтық жұмыс


10 минут


Психологиялық ахуал Балаларды шеңберге тұрғызамын,

балалар «Жылжымалы микрофон» арқылы бір-біріне жылы тілектер айтады

Сабақтың алдыңғы білімін тексеру мақсатында

«Кофе араластырғыш таяқшалар» тәсілі арқылы әр топтан оқушы шығып, таяқшыларда жазылған сұрақтарға жауап беріп отырады

Қойылатын сұрақтар: МК

1.Сенің Отаның қай ел?

2.Қазақстанның қандай рәміздерін білесіңдер?

3.Қазақстан қандай мемлекет?

(Оқушылардан осындай жауапты күтемін

Қазақстан егеменді ел. Қазақстанның өзінің рәміздері бар. Астананың символы – Бәйтерек.)

Топқа бөлу. «Пазл» әдісі арқылы мына берілген суреттер арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.

1 «Бүркіт»тобы2 –«Көгершін»тобы


1- тапсырма

(ТЖ) Бейнематериалды «Сәйкестендіру» әдісі арқылы көріп шығады

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында / https://www.zharar.com/kz/olen/8498-tauelsizdik.html сайтынан Ерлан Жүністің «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңін ақынның өзінің орындауында тыңдайды. Содан кейін өз ойларын тұжырымдайды.

(ӨЖ)Тыңдалған бейнематериал бойынша өлеңнің негізгі мазмұнын түсініп және нақты ақпаратты анықтау үшін,өлеңнен өздеріне керекті сөздермен сөз тіркестерін теріп жазып алады.

Өлеңмен жұмыс.

...Алып қорғанның құлағанын көрдім,

Небары алты жасымда,

Алып тұлғалар жылағанын көрдім,

Бастарын сүйеп ғасырға.

Алып таулардың шайқалғанын көрдім,

Алты жасымда соны ұқтым:

Алып сөздерді айта алғанын көрдім,

Ат төбеліндей халықтың.

Алып кітаптар торыққанын көрдім,

Сол сәтте-ақ одан безінгем,

Алып ойлардың қорыққанын көрдім,

Ең бір нәзік сезімнен.

Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,

Өлшенді уақыт жаңадан,

Алып жүректер ақталарын көрдім,

Алты-ақ жасар баладан.

Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,

Темір бұғаулар тозғасын,

Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім – Империяның көз жасын!

Алып мұхиттар толқығанын көрдім,

Бір тамшы суға байланып,

Алып тәждердің балқығанын көрдім,

Елтаңбаларға айналып.

Алып мүсіндер қирағанын көрдім,

Сұлаған жаудай жебеден,

Алып саналар жиналарын көрдім,

Тұрғызу үшін жаңа әлем!

Құрыштардың да шірігенін көрдім,

Сен боса, болат, тас егіл!

Темір шымылдық түрілерін көрдім,

Сахнаға шықты жас өмір!

Алты жасымда! Жылаған жоқпын, сұраған жоқпын анамнан,

Сол күні жаңа әнұран айтып оралған,

Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын

Ұл жайлы Күннен жаралған.

Түсінбесем де тыңдаймын,

Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...

Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,

Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы!

Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:

Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!

Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте

Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.

Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,

Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,

«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,

Ол, бəлкім, менен Сөз күтті!

Ал бүгін, енді, Тарихты өзім білемін,

Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.

Ұлылық жайлы ойлайды басқа,

Жап-жас шақ Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім –

Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың! ...Тәуелсіздік ше?

Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.

Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым,

Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!

КБ.


(ЖЖ)

1 топ: Лирика –поэзияның негізгі үш (эпос, лирика, драма) түрінің бірі. Көлемі жөніненэпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам, қабат-қабат оқиғалы сюжеті жоқ, одан гөрі отты сезім басымдау, композициясы бас-аяғы жинақы бір алуан ойға құрылады.

2 топ: Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімімен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер

Бас бармақ әдісі арқылы бағалау



ҚБ


ЖЖ 2- тапсырма. «Ашық - жабық сұрақ» әдісі арқылы. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, шағын диалог құрастырады.Оқушылар өлеңді оқып сұраққа жауап береді.


Үлгі: -Елбасы кім? Н.Ә.Назарбаев


- Қазақстан рәміздері қай жылы қабылданды?

-Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды?

- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

-«Тәуелсіздік» өлеңінің авторы – кім?

  • Өлең не туралы

  • Еркіндігім , қасиеттім, қастерлім сөздері өлеңнің қандай шумағында кездеседі?


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінге сай негізгі ақпаратты анықтайды.


1

Дұрыс, бұрыс кестесін толтырады.


1 –ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

Қ Б

Шағын диалогке қатысып, сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

2

Ашық, жабық сұрақтарына жауап береді.

Қ Б

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.




Шағын диалогке қатысады


Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер қорғайды, табылған ақпаратты өз сөзімен дәлелдейді.


3

Негізгі сөздерді пайдаланып, постер жасайды.

2. Постерді қорғау және дәлелдеу


Бағдаршам әдісі арқылы бағалау



Топпен кері байланыс орнату


Үлгі:

- Сіздерге берілген сұрақтар оңай болды ма?

- Қай сұрақ арқылы өз ойыңды білдіре алдың?


ТЖ.3-тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестер, сөйлемдер бойынша өз ойларыңды жазып, әңгімелеңдер. Саралау тапсырмалары

Үлгі: Тәуелсіздік, кең -байтақ, ұлт өкілдері, тату, ел, табиғат, астана



1

Ұлт өкілдері



-топ Тәуелсіздік тақырыбына класстер құру





Овал 1

табиғат



Овал 2

Кең байтақ




Поле 1

Тәуелсіздік






Овал 3

Тату, ел









2- топ: Қазақстан тақырыбына өз ойларын топтастыру

Овал 4

Еліміздің рәміздерірәміздер






Тәуелсіз елімді мақтан етемін



Достастық




Қазақстан







Бір шаңырақ астында









Шапалақ әдісі арқылы бағалау

Қ Б







Жылжымалы микрофон»






«Бүркіт» тобы

«Көгершін» тобы


Рисунок 3

Рисунок 2


youtube.com/watch?v=vTv6Sz_VUUY





Қалқаман Сарин ақынның суреттері,

слайдтар









































Жаса Қазақстан өлеңі арқылы қимылдар жасау


















































ҚБ арқылы бағалау


«Бабл – Габл» әдісі






















Шапалақ әдісі


ҚБ











Сабақтың соңы:

10 минут




































Рефлексия:



2 мин

ӨЖ. ЖЖ. ТЖ. «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы

ӨЖ. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады

ЖЖ. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды

ТЖ. Бірігіп тірек сөздер арқылы постер жасайды


Үлгі: Тәуелсіздік, кең -байтақ, ұлт өкілдері, тату, ел, табиғат, астана


Бағалау критерий

Тапсырма

Дескриптор

Бал

1

Мәтінге сай негізгі ақпаратты анықтайды.


1-

Тап

Дұрыс, бұрыс кестесін толтырады.


1 –ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат


2

Шағын диалогке қатысып, сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

2 – тап

Ашық, жабық сұрақтарына жауап береді.


3

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер қорғайды, табылған ақпаратты өз сөзімен дәлелдейді.


3-тап

Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Негізгі сөздерді пайдаланып, постер жасайды.

2. Постерді қорғау және дәлелдеу







Кері байланыс

321 стратегиясы


1. Бүгінгі cабақтан есте қалған 3 нәрсені жазыңыз.

2. Сабақ барысында естіген 2 маңызды ұғым жазыңыз.

3. Талқылау барысында туындаған 1 сұрақ жазыңыз.





Тірек сөздер,

түрі-түсті фламастерлер

Үй тапсырмасы:

2минут












«Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңін жаттап келу.






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Мен өз сабақ жоспарлауымда негізгі ОЙЛАН, ЖҰПТАС,БӨЛІС стратегиясы тиімді екенін аштым.


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерақтивті тақтаға жазып көрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыландым.


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.

Өз сабағымда әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалауды қолданып отырдым. Оқушылардың сабақ кезінде тақырыпты қалай меңгергенің білу үшін мынадай әдіс – тәсілдерді пайдалану тиімді деп шештім: SWOT әдісі, БББ кестесі, қарым – қатынас аймағы әдісін және ойлан, жұптас, бөліс стратегиясы арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыруда қолдандым.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын пайдаландым.

Шаттық шеңбері мен сергіту сәттерін пайдалану тиімді деп шештім.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Меніңше, сабақ мақсатының тиімділігі өте зор. Өйткені сабақ жоспарлау кезінде мен көптеген әдіс – тәсілдерді қолдануда , оқушылардың көпшілігі мақсатқа жете алады деп шештім.




Қорытынды сөзім.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.04.2019
1067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі