400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сынып сағаты Наурыз жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақтарға мұғалімдерге қолдануына болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.  
Сабақ түрі:  дәстүрлі емес.
Сабақ типі: жаңа сабақ,топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер, плакаттар, үлестірмелі материалдар.

Әдістері: сұрақ – жауап, сөйлесу, ойын әдісі.
Сабақтың мақсаты:

1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мән-маңызы жайлы әңгіме жүргізе отырып, қазақ тілінің қоғамдағы атқаратын рөлі, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру.

2. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, оларды өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Ұлттық дәстүрімізді танып – білуге, қазіргі замандағы өзекті мәселелерді оқушыларға өз бетімен шешуге дағдыландыру

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.
 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
 
ІҮ. Сабақты қорыту, бағалау
 
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Психологиялық ортаны қалыптастыру (ортаға шеңбер құру)

Балалар шеңбер жасап тұрайық неге ұқсайды кішкентай шарға шарымызды үлкейтейік үлкен шарға айналды.

Балалар,  терезеге  қараңдаршы!Далада  күн  сәулесі  жарқырап  тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. Көңіл – күйлерің  көтеріледі. Қане, бір – бірлеріңе  жымиыңдар. Бір – бірлеріңе жақсы тілектер айтайық:

Денсаулық ,Бақыт, Көңілді күн тілеймін.

« Наурыз-жыл басы» атты мерекелік шарамызға хош келдіңіздер!!!!
Айнұр: Наурыз - көктем мерекесі
Әлішер:Наурыз - жыл басы
Айнұр:Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп
Әлішер:Наурыз  - қуаныш мерекесі,
Айнұр:Наурыз - Бақыт пен шаттық мерекесі
Әлішер:Наурыз - шаруаның мересі
Айнұр: Наурыз - еңбек мерекесі
Әлішер: Армысыңдар, халайық! Құрметті жиналған жамағат Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын.
Айнұр:  Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 
Бірге: Той құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын.
Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін. 
   
Әлішер:  
 Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Сіздерге арнар сыйы бар.
Айнұр:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!

Әлішер: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. 

Айнұр: Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
Әлішер: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел басындағы татулықты, бірлестікті ерекше бағалаған. Өткен жылан жылында   еліміз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болды.
2-жүргізуші:
Айнұр: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қыдыр ата келеді. Кәне, бәрімез бірге қарсы алайық.
Әлішер: Қане бәріміз, Қош келдіңіз, Қыдыр ата! – деп Қыдыр ата!
Қызыр ата: 
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көп болсын.
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.
Әумин!

1.Бүгін қай күн?
2. Аптанын қай күні?
3. Қазір қай жыл мезгілі?(Көктем)

4. Көктем айларын ата? 3- тілде (Наурыз, сәуір, мамыр)

5. Қыс  мезгілінен  кейін  қандай  мезгіл  келеді? (Көктем)

Наурыз қыз:
Сәлем Ата-аналар!
Айналайын Балалар!
Халқым менің аманба?
Жаса жайлы заманда,
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу шықты.
Ұлыс күнге бүгін мен,
Жеттім міне асыға

Көктем мезгілінің алғашқы айын ата? (Наурыз)

Наурыз  айында  қандай  мерекелер  бар? (8 наурыз, 22 наурыз)

Наурыз көжеге салынатын жеті тағамды ата?
Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата?

Ұлттық тағамдарын ата?

Әлішер: 
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би-билеп,
Ән мен күйді төгілтіп 
Інжу-маржан шашайық,
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез шашайық.

Би: 6-А сынып қыздарының орындауында «Қамажай» биі.
Айнұр: Әлішер, Наурыз мерекесінде ата-бабаларымыз «бұлақ көрсең көзін аш» деп төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атанаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек» деп бұлақ басына тал егу дәстүрін жасаған екен.
Әлішер: Иа, Айнұр, сол дәстүр біздің бүгінгі наурыз мерекесінде де жалғасын тауып жатқандай. 
Айнұр: Олай болса, Дәстүрімізді ұлықтап ұлттық ойын ойнассақ жігіттер ортаға шықса.
 Ойын - (Арқан тартыс) наурыз батыр марапатталады.

 Қыдыр баба сізден бата сұраймыз

Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!

2де-жүргізуші:  
Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!

-Жүргізушілер: Кезекті тағы да әнге берелік 6 жіггітердің орындауында ән.

Мұғалім:

Тарқалмасын Ұлы Наурыз мейрамы,

Тойға ұлассын қазағымның тойлары!

Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін,

Ұлыс күні Ұлы Отанның аймағы! –дей отыра бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз ! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі