МАҢҒЫСТАУ
ОБЛЫСЫ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ, №2 ОРТА МЕКТЕП
Сынып
сағаты
Тақырыбы:
«Оқу
және еңбек»
Мұғалімі:
Жарху А.Е.
2019
жыл
Тақырыбы:
«Оқу және еңбек»
Мақсаты: Еңбек
- адамгершілік құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту, еңбектің адам
өміріндегі мәні туралы түсінік беру,
еңбек етуге деген қызығушылықтарын
ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
Еңбек
ету, еңбектің мәні туралы түсініктері
кеңейеді;
Еңбек
етуге деген қызығушылығы оянады;
Еңбексүйгіштікке
тәрбиеленеді;
Еңбекті
құрметтеуге үйренеді;
Ұқыптылық,
еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы
қалыптасады.
Көрнекіліктер: Слайд,
нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан»
- суреттер, көрме, ойынға қажетті
құрал-жабдықтар.
Мұғалімнің
кіріспе сөзі.
Қазақ
халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру
жүйесінде жас кезінен бастап баланы
еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған.
Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ
болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол
дегенді баланың санасына құйып отырған.
Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей” деген мақал
рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай
ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы
қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың
кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер?
(Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)
Олай
болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз
еңбек туралы болмақ.
Оқушылар
2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған
жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта
мақал-мәтелдер жазылған парақшалар
үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз
тобын анықтап орындарына отырады.
Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім
көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер
жазып, оның мағынасын түсіндіреді.
Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда
ата-аналар отбасындағы бала еңбегі
туралы айтып береді.
Еңбек
туралы мақал-мәтелдер:
Еңбегіне
қарай — құрмет,
Жасына қарай —
ізет.
Еңбек
ер атандырады.
Еңбек
ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке
жеткізер.
Еңбек
еткен — мұратқа жеткен.
Еңбек
етпей елге өкпелеме,
Егін екпей
жерге өкпелеме.
Еңбеккер
ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек
ұйқыдан қирап тұрады.
Әлің
барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
Ердің
атын еңбек шығарады.
Бақыт
кілті еңбекте.
Еңбек
ширатады,
Өмір
үйретеді.
Маңдайы
терлемегеннің
Қазаны
қайнамайды.
Еріншектің
ертеңі бітпес,
Жеңілтектің
селтеңі бітпес.
Еңбек
етсең ерінбей,
Тояды
қарның тіленбей.
Келесі
тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл
кезде балаларға тапсырмалар беріледі.
Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан
өз ойлары бойынша шеберліктерін салып
әр түрлі нәрселер жасайды. )
Сергіту
сәті. Ойын: «Кім жылдам?»
Ата-аналар
мен оқушыларға қиықша қағаздар
үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар
қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар
ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты:
үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі
жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа
апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты,
шапшаңдықты талап етеді.
Қ.Бердіғалиевтің
орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен
Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін»
үнтаспадан тыңдату.
«Жүректен
жүрекке» Оқушылар
тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек
айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа
сәйкес болуы керек. Мысалы,
-
еңбегің жемісті болсын!
-, еңбек
етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
-
сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан
өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
-
өмірдегі тірегің еңбек болсын.
-,
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас
азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай
ешқашан жалқау болма.
-
еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!
-,
отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты
бол
-
ата-анаңның еңбегін бағалай біл
-,
еңбектің жемісі маңдай термен келетінін
білесің, сондықтан еңбекті құрметте
-
еңбектің пайдасы сол, ол қуантады,
қуанышты күндерің көп болсын
-
еңбек шынықтырады, ширатады дейді,
шыныққан, шымыр мықты бол!
-
бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын
шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.
Қорытындылау. Еңбектің
пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді,
күш береді, қуантады, бақытты етеді,
өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға
үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан
әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген
нақылды есімізден шығармайық.