400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сынып сағаты "Отан-ортақ үйіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдерге сынып сағаты үлгі ретінде ұсынылып отыр. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыларды өз Отанын, отбасын, үйін сүюге тәрбиелеуге бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты «Отан- ортақ үйіміз» (Бастауыш сыныптар үшін)

Мұғалім сөзі: Балалар, біз бүгін Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағатында кездесіп отырмыз. Қанеки, бәріміз тұрып, қол ұстасып тіл жаттықтырып жіберейік.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын кең де, көл де ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

  1. Қызығушылықтарын ояту кезеңі.

Енді отырып, бір сәт ойланайық. «Отан» деген сөзді айтқанда қандай ой келеді?

Shape1 Осы Отан тақырыбына 5 мин. эссе жазып көріңіз.

(«Авторлық орындық» стратегиясы арқылы шығармаларын оқыту)

Кең байтақ Қазақстан даласында талай ұлы ғұламалар өмірге келген. Солардың бірі - Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай – Алтынсарин халық ағартушысы, педагог, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ыбырай атамыз көптеген әңгімелерін сендер сияқты балаларға арналған. Біз бүгін сол атамыздың «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» атты әңгімесімен танысамыз.

2 Мағынаны ажырату кезеңі.

Топпен жұмыс. 1 – ші кідіріске дейін оқыңыздар.

Қалай ойлайсыздар, әкесі баласынан жәндіктер туралы не білмек?

(Балалар болжам әңгіме құрайды.)

Топпен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, әңгімені соңына дейін оқыңыздар.

3 Ой толғаныс кезеңі.

Болжамдарыңыз әңгімемен сәйкес келді ме? Сіздер әңгімеде неге таң қалдыңыздар? Еңбек не үшін керек?

Топқа тапсырма: Ойланыңыздар, әңгіменің негізгі идеясын осы бүгінгі сынып сағатының тақырыбымен қалай байланыстыруға болады?

Топтар бойынша сурет салу арқылы сұраққа жауап беру.1-ші топ суреттерінде біздің елде адамдар жұмыс істемеген жағдайда еліміз қандай күйде болатындығын салады. 2-ші топ суреттерінде біздің елде адамдар жұмыс істеген жағдайда елдің қандай болатындығын салады.

Енді суреттеріңізді қорғап, дәлелдеңіздер.

Shape2

Балалар, қандай ой келеді?

Енді осы тақырыпқа «5-мин.» эссе жазайық. (Топпен жұмыс)

«Авторлық орындық» стратегиясы.

Грамматикалық тапсырма

  1. Екі топқа мына сөздерді жіктеңдер: әке, үй, шеше, отбасы

.

  1. «Мен журналистпін» ойыны.Әр топтың спикері екінші топтың оқушыларынан отбасы туралы мәлімет жинайды.

«3 қадамнан тұратын стратегия»

  1. «Ойлап тап» ойыны

Балалар, сіздер қазір мына дөңгелек кесте бойынша сөздер құрастырыңдар және сөзжұмбақтар шешіңдер.(Кестеден және сөзжұмбақтан отбасы мүшелерінің атауларын табады)

  1. Ал енді барлық тапсырманы орындап болдық.



Сонымен, әр адам үшін оның үйі және отбасы, Отаны қадірлі ме? Олай болса, әр адамның үйі және отбасы, өз Отанының болуы міндетті ме?

IV. Сынып сағатын қорытындылау: Сонымен, еліміз жылдан – жылға көркейе түсу үшін Отанымыздың әр адамы оны шын жүректен сүйюі керек және оның көркеюіне еңбегін аямай өз үлесін қосуы керек.

Балалық шақтарыңыз бақытты болсын, елімізде тыныштық болсын, мәңгіге достық орнасын!- демекпін. Енді бәріміз қосылып «Дос болайық, бәріміз» әнін шырқап жіберейік

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
1150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі