Тақырыбы:
Отбасы –
тәрбие бастауы
Мақсаты:
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын
арттыру.
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары екенін ұғындыру, баламен қарым – қатынасты
жақсарту. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын
дәлелдеу.
Әдісі: дөңгелек
үстел
Көрнекілігі: Слайдтар, видеоролик, нақыл
сөздер
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Тақырыпты ашу
(ана,әке сөздеріне ассоциация)
2. Видеороликтер көру.
3. «Мен үшін
қымбат…» (Ой
қозғау- оқушыларға)
4.
«Бала деген
кім?»
(Ой қозғау-ата-аналарға)
5 «Кім шапшаң» -ойыны (баламды 100 пайыз тани аламын)
6. «Жүректен шыққан жылы сөз» (рольге еніп тығырықтан шығу)
7. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
8. Жаттығу «Тілек шырағданы»
9. Қорытынды
І. Кіріспе
бөлім:
–
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді
көргенімізге қуаныштымыз. Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт
әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын
адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір
сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат
табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала –
шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман
әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті
болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы.
Баламыз өмірден өз орнын тауып,
бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан
естен шығармайық дегім келеді.
Негізгі
бөлім.
1.
Ата-аналар 3 топқа бөлініп отырады. Сиқырлы таяқша арқылы
ата-аналардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сұрақтар қоямын
.Өздерін таныстырып шығады.
2. Тақырыпты ашу.
Отбасында
жанұяның тірегі – әке,ана десек, осы сөздерге теңеу жазайық Әке
Ана
3.Осы
тақырыпты ашу мақсатында келесі бейнероликке кезек
берейік.
4.«Мен үшін
қымбат»- ой қозғау. Оқушылар осы бейнероликтен кейін сендер үшін
кім , не қымбат екенін жазып айтып берсеңдер
5.Ата-аналар, сіздер бала деген-кім соны жазсаңыздар
.
6. Келесі
кезекте – «Кім шапшаң?» ойыны. Әр топтан 1 ата-анадан шықсын. Барлығымыз
өз балдарымызды толық білеміз деп ойлаймыз.Енді қаншалықты толық
біледі екенбіз. Осындай мақсатпен мына сұрақтар төңірегінде жауап
берсеңіздер .
Балаңыздың
туылған күні
Балаңыздың
ең жақын досы
Балаңыздың
оқитын газет-журнал, кітабын атап берсеңіз
Бос уақытын
қалай өткізеді
Сүйікті
тағамдары
Сізден
айырмашылығын айтыңыз
Бүгін
сабақтан қандай баға алды
Балаңыз 1-ші
сыныпқа қашан барды
Балаңызды
еркелетіп қандай сөз айтасыз
Қай пәнді
жақсы көреді
Балаңыздың
арманы
7. «Жүректен
шыққан жылы сөздер».
Баланы
жастан бақпасаң,
Жамандықтан
қашпасаң-
Қадірден
жұрдай қасқа боп
Кешкенің
өмір босқа тек,- дей отырып ендігі кезекте сіздердің қаншалықты
жағдаяттан шығуыңыз және өмірде қаншалықты әртістік қасиеттеріңіз
бар екені анықталады. Әр топ өздеріне берілген
ситуациялық
жағдайлар бойынша рөлге еніп орындап берулері
керек.
1-топ.
Балаңыз қатты ауырып қалды. Сіз қатты уайымдадыңыз. Мұғалім
үйіңізге хабарласты. Сіздің айтар жауабыңыз. Сонан соң балаңыздың
қасына барып жылы-жылы сөздер айтып,
маңдайынан
сипап ,көңіл көтеріп жатырсыз.
2-топ.
Балаңыз күнделікті «Мектепке қосымша сабақтар дайындығына барып жүр
мін» дейді бірақ ол өтірік екен. Оны сізге балаңыздың досы айтып
қойды. Сіз ашуланасыз ба,әлде жаймен түсіндіресіз
бе?
3-топ.
Балаңыз 11-сыныпты бітіріп жоғары оқу орнына түсіпті. Қалаға оқуға
кететін де уақыт болды. Сіздің көңіліңіз
бұзылып,жылап-сықтап,сондай бір күйде тұрсыз. Балаңызда сізге қарап
жалтақтап тұр.Сіз сол кезде не істер едіңіз?
8.
Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
Қазіргі
заманның өмір талабына байланысты көптеген ата-аналар балаларын
«қайтсем бағамын» деген мақсатпен бала тәрбиесіне көңілдерін өте аз
бөлуде. Осыған байланысты қиын баланың шығуы мүмкін.Ал енді сіздер
осы тұрғыда не айтар едіңіздер?
1.Мәселен,
таңертеңнен кешке дейін базарда тұрған ата-ана үйіне шаршап
барғанда баласының қойған сұрағына да жауап беруге шамасы келмеуі
мүмкін.
2.Қала
баласы мен ауыл баласының айырмашылығы болады ма? Болса айтып
берсеңіздер.
3.Теледидарды қазір балаларымыз көз алмай көреді,
компьютерге, тағы да басқа техникаларға аса мән береді. Олардың не
көріп жатқанына біз мән бере бермейміз. Ол баланың психикасына
осының бәрі әсер етеді деп ойлайсыздар ма?
Баланы дұрыс
тәрбиелеу-бұл біздің қарттық шағымыз,ал жаман тәрбиелеу- бұл біздің
келешек қасіретіміз. А.С.Макаренко
«Күллі
ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы- жақсы тәрбиеленген адам» Грек
философы Эпикет.
9.Тілек
шырағданы
Отбасы,ұшқан
жанұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне
үңілер
болсақ,оттың
да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық.
Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы»
жаттығуын бір-бірімізге тілек айта
отырып
жүргізейік.
«Ата-анаға
көз қуаныш-
Алдына алған
еркесі
Көңіліне көп
жұбаныш
Гүлденіп
ой-өлкесі»,- деп Абай атамыз айтқандай ,қолымыздағы алтынымызды
жақсылап тәрбиелейік, біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі
екендігімізді ұмытпайық.
10.
Қорытынды.
Баламыздың
болашақта саналы ,халқының қалаулы,елінің елеулі азаматы болу үшін
мақтан тұтатындай тәрбиелі, ақылды,ізетті,парасатты,мейірімді
азамат болып қалыптасуындағы дамуында тек қана мұғалім тарапынан
іс-әрекет болмай,ата-ананың да бала тәрбиесінде маңызды рөлі бар
екендігін ұмытпаңыздар! Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн
сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес
.Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға
бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі дөңгелек
үстелге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!