400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты. Отбасы және отбасылық құндылықтар сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және отбасылық құндылықтар сынып сағаты, тәрбие сағаты жоспары. ҚМЖ. Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Отбасы және отбасылық құндылықтар»

Сынып сағатының мақсаты:

а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау

Сынып сағатының өту формасы: топтық

Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, плакат, сурет

Сынып сағатының барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Ойланайық, пікірлесейік.«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу. «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

2.Тақырыппен таныстыру

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

3. Шығармашылық жұмыс. «Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау. Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтағына орналастыру. Тамырына отбасыдығы-ең негізгі, діңіне-орташа құндылықтарды, бұтақтарына- маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт-7-10 минут.

  • Мықты денсаулық

  • Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  • Ауызбіршілік

  • Ортақ қызығушылық

  • Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  • Қамқорлық

  • Тәртіп

  • Бос уақытты бірге өткізу

  • Сенімділік

  • Ата-ананың сөзі заң

  • Ата-ана отбасының үлгісі

  • Әлеуметтік жағдай

  • Отбасылық қарым-қатынас

  • Махаббат

  • Мейірімділік

  • Шынайылық

  • Береке

  • Сырт көзге үлгі болу

  • Сыйластық

  • Көп бала

4. Отбасына қатысты мақал жарысы.

1. Отан ... басталады. отбасынан
2. Інісі бардың тынысы бар, .....
Ағасы бардың жағасы бар.
3. Алты аға бірігіп әке болмас,... жеті жеңге бірігіп жеңге болмас.
4. Отбасы – алтын ұяң.
5. Ата - анаңа не істесең, ... алдыңа сол келер.
6. Ана үйдегі бақ, ... әке отырған тақ.

7. Ананың көңілі балада, .......
Баланың көңілі далада.
8. Ата – бәйтерек, .........
Бала – жапырақ.

5. Қорытынды:

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.





  • Мықты денсаулық

  • Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  • Ауызбіршілік

  • Ортақ қызығушылық

  • Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  • Қамқорлық

  • Тәртіп

  • Бос уақытты бірге өткізу

  • Сенімділік

  • Ата-ананың сөзі заң

  • Ата-ана отбасының үлгісі

  • Әлеуметтік жағдай

  • Отбасылық қарым-қатынас

  • Махаббат

  • Мейірімділік

  • Шынайылық

  • Береке

  • Сырт көзге үлгі болу

  • Сыйластық

  • Көп бала



  • Мықты денсаулық

  • Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  • Ауызбіршілік

  • Ортақ қызығушылық

  • Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  • Қамқорлық

  • Тәртіп

  • Бос уақытты бірге өткізу

  • Сенімділік

  • Ата-ананың сөзі заң

  • Ата-ана отбасының үлгісі

  • Әлеуметтік жағдай

  • Отбасылық қарым-қатынас

  • Махаббат

  • Мейірімділік

  • Шынайылық

  • Береке

  • Сырт көзге үлгі болу

  • Сыйластық

  • Көп бала



  • Мықты денсаулық

  • Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  • Ауызбіршілік

  • Ортақ қызығушылық

  • Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  • Қамқорлық

  • Тәртіп

  • Бос уақытты бірге өткізу

  • Сенімділік

  • Ата-ананың сөзі заң

  • Ата-ана отбасының үлгісі

  • Әлеуметтік жағдай

  • Отбасылық қарым-қатынас

  • Махаббат

  • Мейірімділік

  • Шынайылық

  • Береке

  • Сырт көзге үлгі болу

  • Сыйластық

  • Көп бала



  • Мықты денсаулық

  • Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  • Ауызбіршілік

  • Ортақ қызығушылық

  • Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  • Қамқорлық

  • Тәртіп

  • Бос уақытты бірге өткізу

  • Сенімділік

  • Ата-ананың сөзі заң

  • Ата-ана отбасының үлгісі

  • Әлеуметтік жағдай

  • Отбасылық қарым-қатынас

  • Махаббат

  • Мейірімділік

  • Шынайылық

  • Береке

  • Сырт көзге үлгі болу

  • Сыйластық

  • Көп бала



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
22.09.2023
2897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі