Материалдар / Сынып сағаты: “Оян, ар мен адалдық”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты: “Оян, ар мен адалдық”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие бағыты: Патриоттық тәрбие Тақырыбы: Оян, ар мен адалдық Мақсаты:Оқушыларға ар мен адалдық сезімдерін ұғындыру; Міндеттері: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққатәрбиелеу, жат әдеттерден аулақжүругеүйрету. Оқушылардың адамгершілік қасиетіннығайту. Оқушылардың бойына рухани адамгершілікқасиеттерді ұялату үшінмейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды т. б адамдық асылқасиеттердіигеруге ықпал ету. Материалдар мен жабдықтар: Интерактивті тақта, стикерлер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2023
15563
234 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағатының сценарийі

Тәрбие бағыты: Патриоттық тәрбие

Тақырыбы: Оян, ар мен адалдық

Мақсаты:Оқушыларға ар мен адалдық сезімдерін ұғындыру;

Міндеттері:

Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққатәрбиелеу, жат әдеттерден аулақжүругеүйрету.

Оқушылардың адамгершілік қасиетіннығайту.

Оқушылардың бойына рухани адамгершілікқасиеттерді ұялату үшінмейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды т. б адамдық асылқасиеттердіигеруге ықпал ету.

Материалдар мен жабдықтар: Интерактивті тақта, стикерлер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіндерме балалар! Көніл күйлерін қалай? Сынып сағатымызды бастамай тұрып, бір ойын ойнайық. Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Кубик арқылы бір-бірімізбен сәлемдесейік. Жарайсындар балалар, орнымызға жайғасайық. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы “Оян, ар мен адалдық”. Кім біледі ар деген не, адалдық деген не? Дұрыс айтасындар балалар.

II. Негізгі бөлімі

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердін бірі. «Адалдық» деген сөз шыншылық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы.

Ар — моральдық сана-сезім ұғымы әрі этика категориясы: жеке адамның өзінің қоғамдағы маңызын сезінуін және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды. Өзінің мазмұны және өзіңде көрініс табатын моральдық көзқарастың табиғаты жөнінен Ар-ұждан ұғымы "намыс" ұғымымен теңдес.

Ар мен адалдық тақырыбы бойынша қазақтың небір ғалымдары өз ойларын жазып, келешек ұрпаққа қалдырып кеткен.

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.”- Шоқан Уалиханов

Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.” – Ғабит Мүсрепов

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар. – Жамбыл Жабаев

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей. – Тоқсары

Адалдық сөзін естіген кезде адал досымыз есімізге келеді. Адамда екі дос болады, бірі адал дос, екіншісі амал дос.

Адал дос - өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.

Амал дос - тек өзіне қажет уақытта дос кейпін танытып, басыңа қиындық түскен кезде сені жалғыз қалдырып кетеді, тіпті "сатып" та кетіп жатады.

Сондықтанда балалар досты дұрыс тандау керек. Балалар сендердін адал достарын бар ма? (Балалар өз жауаптарын аитады).

Адал дос пен амал досты ажырата білу үшін бір ойын ойнайық.

Ойын ережесі: Балалар экранда шыққан сөздерді сәйкестендіріп адал дос пен амал достын қаблетін ажырату қажет.

Өте керемет!

Сынып сағатымызды әрі қарай жалғастырайық. Адалдық, ар-намыс сияқты қасиет әр адмның бойында болу керек. Бұл қасиеттер өмірде өз орнынды тауып, адал еңбекпен нан табуға көмектеседі.

Балалар назарымызды кішігірім видиороиликке аудараиық:

Адалдықтың өтемі”

Балалар бұл жағдаяттан не түсіндіндер? (Оқушылыр өз түсінгендерін аитады)

Дұрыс аитасындар, керемет!

Ал енді сынып сағатымыз қызықты өту үшін “Мақал-мәтел тапқыры” атты тағы бір ойын ойнайық. Ең алдымен 4 топқа бөлінейік. Мен сіздерге қазір стикер таратамын, кімде бірдей стикерлер болады солар бір топта жұмыс жасайды. (Оқушылар топқа бөлінеді).

Ойын шарты:Сіздер ар және адалдық туралы мақал-мітел тауып жарысасыздар. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қай топ көп мақал-мәтел тапса, сол топ жеңіске жетеді.

Бірінші топтың атауы: «Адалдық» тобы

Екінші топтын атауы: «Ар-намыс» тобы

Үшінші топтын атауы: «Адамгершілік» тобы

Төртінші топтын атауы: «Шыншыл» тобы


III. Қорытынды

Бүгінгі сынып сағатымыз соңына келіп жетті. Сіздерге таратылған сары және қызғылт түсті қағаздар арқылы өз алған әсерлерінді білдіре аласындар. Сынып сағаты ұнаса қызғылт қағазды көтерініздер, сынып сағаты жалықтырарлық болса сары қағазды көтерініздер.

Сынып сағатымызды қорытындылай келе әрқашан адал болуымыз керек. Қандай жағдай болмасын адал жолмен жасау керек. Қазақта «Адалдық – ардын ісі» деген сөз бар. Ар-намысымыз жерге тапталмас үшін адалынан нан тауып білуіміз керек. Адал дос пен амал досты ажырата білуіміз керек. Өмірімзде ең маңызды тандаулардын бірі - дос тандау. Сол себепті досты дұрыс тандай білейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!