Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Сынып сағаты: "Қарттарым , аман-сау жүрші!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Қарттарым , аман-сау жүрші!

Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап,тыңдай білуге,халқының салт -дәстүрін дәріптеп,инабаттылық пен мейірімділік ұасиеттерге тәрбиеленеді

Сабақтың барысы:

Дүниеге келер бір рет,

Дария кеуде тас мүсін

Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым ,аман-сау жүрші.

Зымыраған сағат тілінінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей де қаламыз.Неткен шіркін,уақыт десеңізші,осылайша ортамызда жүрген қариялардың бір кезде елі,халқы,келешек ұрпағы үшін жасаған игі істеріерекше орын алады.Ғұмырларын Отан деп ,тынымсыз еңбектерімен еліміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Ендеше,құрметті қонақтар ата-әжелер бүгін 4"а"сынып оқушыларының "Қарттарым,аман-сау жүрші"атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал,құрметті оқушылар сендерді еркелетіп,бар жылы-жұмсағын алдарыңа тосатын кімдер?

-Әрине,ата-әже.

Назым:Ата-әкенің әкесі .Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ.Ел жұрт,"ақсақел"деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы.Мұндай кісілер төрден орын алады,оларға әрқашан құрмет көрсетіледі."Ауылыңда қартың болса,жазып қойған хатпен тең"-дегендей ата ел ұйытқысы батагөйі, ақылшысы, қамқоры болып ес ептеледі.Жастар атадан бата алуы тиіс."Аталы ел ,баталы "ел деген мақал бар.Атаның айтқаны заң,ісі-үлгі.Ол ер бірлігін,тірлігін,тұрмысын,болашағын бағдарлап,байқап отыратын дана,көреген қария.

Әже-әкенің шешесі.

Ел іші,отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы. Ол салт-дәстүрді сақтап,кейінгі жастарға отбасының, дастархан берекесінің,ағайын,абысындардың бірлігін саққтайтын тәрбиеші әрі ақылгөйі есептеледі. Ұлы мен келіні әжесінің тапсырмасы мен өтінішін сөзсіз орындауға тиіс. Қазақ халқының заңы бойынша, әжені де, атаны да, әрбір адам танысын,танымасын сәлем беріп,құрмет көрсетуге тиіс. Бұл кісілер тек өз ұрпақтары ғана емес,жалпы елге ата, әже болып есептеледі.

"Елге сәлем" әнімен Зейнулла Дайана

Гауһар: Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында,бала-шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ,көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

Ақниет:Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған.Бірақ кәріліктің өзінің сәні-мәні бар.Ұлықпан хакім мың жасаған дейді.Ешкім мың жасамайды,тек өсіп-өніп,тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Иә,ұрпағының өсіп,жетілір айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Би : Балдәурен

Ажар: Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы- "Ұрпағым" деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл біздің ұлы қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,зейнеткерлерге жағдай жасау.

Алтынай: Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар

Неменеңе жетістің,бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға

Неменеңе жетістің,бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр...

Ән : "Әкеме" орындайтын : Ғазымжан Мұрат

Әминә: Атам менің әманда

Әділетті бол деген

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен.

Ей,тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені?

Мен қазақтың баласы

Атаң болса анаңмен

Алтыннан соққан қорғанмын

Санаң болса ақылды.

Ешкімнен кем болмдың

Інің болса мақалшы

Семсер қылыш білесің

Ақылды қыз,ақылды ұл-

Өкпе,бауыр,жүресің.

Ән: "Асыл әжем" орындайтын:

Арай: Қазақтар - "Төріңнен қарт кетпесін" деп тілеген халық. Жалпы үлкенге құтмет ету,қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген,тіршілігіңе нәр бергената-анасының алдында парзы-міндет өлшеусіз. Қазақ ғұпындағы ата-ананың ерекше алған биік орны,қадір қасиетке ие! Ананың ақ сүтін,әкенің адал күші ақтау-өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең,алдыңа сол қайтады. Дүние. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, қағатын болады.

Ән : "Қазақ қазы"орындайтын: Зейнулла Дайана

Гүлмира: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің,жұртың,ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар.

Ән:"Анашым"орындайтын: Естаева Гауһар

Айтбала: Балалар,орыс жазушысы Лев Толстойдыңң "қарт пен немере" мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата,бала келін,немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп,келіні атасына тамақты темір тәрелкемен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам ,не істеп отырсың- деп сұрайды.

-Ертең сендер қартайып,атам сияқты болғанда тамақ ішетін астау жасап отырмын,-депті баласы. "Әкесін сыйламағанды,баласы сыйламайды",-деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп,адамдық ардан безген жан болып саналады.

Бабалар сөзі кешегі өткен қариялардан,ғұлама ойшылдар мен шешен билерден- мұра мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты,ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздері бар.

Ендеше,ата-ана туралы айтылған ұлы сөздерді тыңдап көрейік.

Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет қылуды мойынға ал. Себебі,баланың түп негізі болып ата-ана табылады.

Махаббат: Сен ата-анаңның еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл-санаңмен,адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болсы,ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.

Исламбек: Сен ата-анаңды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің кере.

Назым: Борыш-ата-анаға,үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап,әкесінің еңбегін,анасының ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсаң,сен әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсат қоямыз.

Құрметті ата-әже,әке-шеше,аттарыңызға кір келтірмеуге ант етеміз!

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12