Сабақтың
тақырыбы: Қазақтың
ұлттық ойындар
Мақсаты
: Қазақтың
ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес,
тақия тастамақ ойындары арқылы балалрға
қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын,
туған елге, жерге, өз Отанына деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Міндеттері:
1.
Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен
таныстыра отырып ойын шартын дұрыс
бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау
барысында балалардың ойлау, есте сақтау
қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол
моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық
ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: аралас
ойын
Сабақтың
әдісі: Әңгіме
ойын түрінде
Көрнекілік: асық,
ләнгі,
арқан, ойындарға қатысты суреттер
(шапан,
желетке, тақия)
Сәлеметсіздер
ме, балалар!
Біздің
бүгінгі сабағымызға қонақтар келді.
Келген қонақтармен амандасайықшы.
Сәлеметсіздер
ме?
(2минут)
1.
Шаттық шеңбері
Дөңгелене
тұрайық,
Киіз үйді құрайық,
Кереге
болып керіліп,
Уыктар боп иіліп,
Киіз
үйді құрайық.
Жарайсыңдар!
(8минут)
Балалар
бүгін қай қай күн? Қандай ай? Қай жыл
мезгілі?
Балалардың
жауабы: күн жұма, науырыз айы, көктем
мезгілі, балар көктем мезгілінде қандай
мерекелер бар (8-науырыз халқаралық
әйелдер мейрамы, 22-науырыз – үлкен
мереке. Науырыз – жыл басы 22 науырыз
күн мен түн теңеледі. Табиғат оянады.
Адамдар мейрамға дайындалады. Әжелер
мен аналар ұлттық тағам, Науырызкөже
әзірлейді, жастар түрлі ұлттық ойындар
ойнайды. Бүгін біз сол ұлттық ойындар
туралы тәрбие сағат өтеміз, қане балар
тақтада қандай сөздер көріп отырсыңдар
осы сөздерге байланысты суреттерді осы
сөздерге сәйкестендіріп тақтаға ілейік.
Ойындарға
сипаттама
1.Көкпар
Көкпар -
ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын
атауының шығу тегіне байланысты бірнеше
нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк
бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар"
сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау,
пәрелеу деген сөздерден шыққандығы
айтылады.
Дәстүрлі
қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған
серкенің семізі таңдалған. Семіз серке
терісі жыртылмайды. Орташа салмағы
20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі
жыртылғыш болғандықтан Көкпарға
тартпайды.
Аударыспақ,
аеңге ілу , алтыбақан, көкпар,
ақсерек-көксерек, ләнгі тебу, Бәйге- тай
жарыс, құнан бәйге, аламан бәйге,(30кл
жоғары шапса аламан бәйге) жорға жарыс
, қыз қуу, жамбы ату т.б
(6минут)
Оң
қолымда бес саусақ ,
Сол
қолымда бес саусақ,
Қосып
едім екеуін,
Болып
шықты он саусақ
1.
Асық ату Шеңбер
сызып аламыз, асықты ортасына тізіп
қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық
тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр
баланын сақасы әртүрлі түспен боялады.
Рет ретімен сосын ойнаймыз.
Асықтардың
түстеріне орысша, ағылшынша тоқталып
кетейік балалар
Қызыл
– красный -
red
Көк
– синий - blue
Жасыл
- зеленый – Green
Қоңыр
– карични - Brown
(6минут)
2.
Қол күрес
Бұл
ойын стол үстінде екі баланың білек
сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын
столға тіреп қол бастарын айқастырады.
Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске
жетеді.
3.
Сергіту сәті: (2минут)
Қара
жорға
(6минут)
4.
Бес
тас —
өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ
халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек
құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін
ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден
бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын
ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе
кішірек бес домалаң тас.
Ойынды
кімнің бірінші болып бастайтынын шешу
үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп
бес тасты алақандарына салады да, жоғары
серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен
тосып алады да, қайта серпіп жіберіп,
ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады.
Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек
алады да, қалғандары да сол ретпен
кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше
тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар
дөңгелене отырады.
(6минут)
5.
Ақсерек – көксерек -
бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа
бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара
қашықтық 20- 30 қадам.
1-ші
топ. Ойынды бастайды
Ақсерек
– ау ақ серек,
Бізден
сізге кім керек.
Ақсерек-ау
ақ серек
Сізден
бізге (Ербол) керек
Аты
аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп
барып ортасынан ұстасқан қолдары
ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе
қайтады, өте алмаса сол топта қалады.
Ойын осылай жалғаса береді.
(3минут)
6.
Бекіту –
Балалар бүгінгі біздің өткен тақырыбымыз
түсінікті болдыма ? Қане балар айтыңдаршы
қандай ойындармен таныстық (көкпар,
асықату, ләнгі, ақсерек-көксерек, қыз
қуу, бес тас, көкпар, аударыспақ т.б)
-
Жарайсыңдар!
-
Ойын ойнаған ұнадыма?
-
Ия, ұнады?
7.
Қоштасу шеңбері.
Біздің
сынып ұлдары,
Тату
тәтті ойнаймыз.
Баршаңызға,
бәріне
Тек
қуаныш сыйлаймыз.
Сау
болыңыздар!
«Т.Кенжебаев
атындағы ортамектебі»
коммуналдық
мемелекеттік мекемесі
«Т.Кенжебаев
атындағы ортамектебі»
коммуналдық
мемелекеттік мекемесі
Тәрбие
сағаты
«Ұлттық
салт - дәстүрлер»
Сынып
жетекші: Сағатбекқызы Ж
1-сынып
2019-2020
оқу жылы