Сынып сағатының
тақырыбы:Қонақ келсе –
құт.келер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ата- дәстүр бойынша қазақтың қонақжайлығы туралы
әңгімелеу,жерлесіміз, ақын Жұмағали Сайн туралы мәлімет беру
арқылы,
сөйлесу әрекеттерін жандандыру,
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстыра сөйлеу қабілеті мен танымдық
деңгейін арттыру,
Тәрбиелік: Халықтар арасындағы достық, қарым – қатынасты күшейте
отырып,халықты сыйлауға биік адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: ұлттық тәрбиені насихаттау
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ- ж
ауап, диалог құру, талдаулар, өлең оқу
Сабақтың көрнекілігі: нақыл
сөздер
Сабақтың эпиграфы: «Қонақжайлылық- халық жанының айнасы»,
«Гостеприимство –зеркало души человечество»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Шаттық шеңбері.
Үлкеге де Сіз( оң қолды алға созу)
Кішіге де Сіз (сол қолды алға созу)
Барша жанды құрметтеп (екі қолды кеудеге қою)
Бас иеміз біз (бастарын иеді)
«Ой қозғау»
«Қонақ» деген сөзге ассоциация құру.
Туған қүн, гүл, тілек, би билеу, ән салу, домбыра ойнау,амандасу,
мереке,дастарқан жасау
Кіріспе сөз. Әр халықтың өз салт – дәстүрлері бар. Қазақ халқы –
өте бауырмал, қонақжай халық. Олар келген адамды әрқашан құшақ жая
қарсы алып, оған мал сойып, табақ тартқан.
«Қазақтың дастарқаны» туралы әңгімелеу.
Ет тағамдары Сүт тағамдары Нан тағамдары
Қазақша ет Ірімшік Бауырсақ
Қуырдақ Құрт Шелпек
Қарта Май Тоқаш
Қазы Қаймақ Таба нан
жая Қымыз Самса т.б.
Шұжық т.б Шұбат
Диалог «Қонаққа шақыру»
Балалар қонақ жайлылық туралы қандай дәстүрлерді білеміз ?
Оқушылар жауабы..
Тақырыпқа байланысты қандай мақал- мәтелдерді білесіңдер ?
1.Сылап берсе, суын іш.
2. Той тамағы – тәтті.
3. Сыйласқанның суын іш.
4.Тату үйдің тамағы тәтті.
5. Қонақ келсе, құт болар.
6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
7. Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Сергіту сәті
- Үйге келген қонақты күлімдеп қарсы алу (қол шапалақтау)
- Біреудің затын сұрамай алу (екі қолды екі жаққа жаю)
- Сабаққа тиянақты дайындалу
- Үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру
- Кішілерді ренжіту
- Қарттарға көмектесу, айтқанын тыңдау
- Үлкендердің сөзін бөлу
- Қонақтарды сыйлау
Мәтінді тыңдап, мазмұнын айту.
Қазақ халқы – өте қонақжай халық. Қонақ келсе ол дастарқанға
барлығын қояды, сыйлап күтеді, Ата –бабамыздың ежелден келе жатқан
игі дәстүрінің бірі – қонақжайлылық. «Қонақпен еріп құт келеді»
деген сенім бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі
ашып,алдымен қонағын кіргізеді. Жөн сұрасып болған соң, үй иесі
қонағына барын беріп, риза етуге тырысады. Қонақ шөлдеп келсе,
қымыз беріп, шөлін басады. Тамақ ішіп болған соң, сыйлы, қадірлі,
жасы үлкен адам бата береді, ас қайырады.
Ас қайыру деген – қонақ күткен үй иелеріне жақсы тілек айтқызу.
Бата.
Басқа амандық берсін,
Жанға саулық берсін,
Босаға тең болсын.
Пейілің кең болсын,
Үйден ат кетпесін,
Алдан ас кетпесін.
Кетпес байлық,
Қайтпас ырыс берсін,
Дәулетің тасып жатсын,
Жасың жүзден асып жатсын.
Қорытындылау.
Қадыр Мырза- Әлидің сөзімен
қорытындылау:
- Қазақ осы – ашық- жарқын қабағы,
- Қонақ келсе, шабылып бір қалады.
- Байқа да тұр, кетерінде ол саған
- Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Бекіту:
- Қазақ халқы қандай халық?
- Ол қонағын қалай күтеді?
Бағалау.
Үйге: қайталау.