Сынып
жетекшісі: Дузелбай
Д
Тақырыбы: Рухани жаңғыру- болашақ
Қазақстан негізі.
Мақсаты: БІЛІМДІЛІК: Еліміздің тұңғыш
президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік
беру. Жас
ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін
таныту.ДАМЫТУШЫЛЫҚ:Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап
берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын
ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеруТӘРБИЕЛІК:Оқушыларды
Отан сүйгіштігіне, адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет
етуге, президент өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер:
сызбалар, ребус, елбасының суреттері мен нақыл
сөздер.
Барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны орындалады.Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар! Бүгінгі біздің « Рухани жаңғыру- болашақ Қазақстан
негізі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі
біздің тәрбие сағатымызды бастайық.! Қызығушылығын ояту.
Психологиялық дайындық. «Менің мақсатым» Әр оқушы биылғы оқу
жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын стикерге жазады. Өз
еркімен өз мақсатын жариялғысы келген оқушылар оқып беріп, сол
мақсаттарын арман ағашына орналастырды. Әр адамның өз алдына қоятын
мақсаты болды. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да мүмкін.
Біздің әрқайсысымыз үлкен гүдденген мемлекетіміздің кішкентай
бөлшегіміз. Біз- біртұтас елміз. Олай болса, біздің де алдына
қойған үлкен мақсаттары бар. Ол-бірлік , даму және ел қамы үшін
көркею.Үй тапсырмасының тақырыбы: «Табиғатты танып білейік»Табиғат
туралы не айтамыз. Үйден салып келген суреттеріне мәлімет беріп
кетеді. Табиғатқа тілек білдіріп жаңа сабағымызды бастаймыз Тәрбие
сағаты мынадай кезеңдерден тұрады:Кезеңмен таныстыру.I-кезең.
«Менің балалық шағымның аспаны».ІІ-кезең. Елбасымыздың қызмет
еткен кезеңдері..II-кезең. «Біздің тұңғыш Президентіміз».III-кезең.
«Жырым саған арналады, Елбасы».ІҮ- кезең. Елбасымыздың Қазақстан
халқына арнаған жолдауы..Ү–кезең . Елбасымыздың қанатты сөздеріне
тоқталайық. / ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС/ Сұрақ-жауап
жүргізу:1.Н.Ә.Назарбаев 1960 жылы қандай техникалық училещені
бітірген (Днепродзержинск)2.Елбасының анасының аты
(Әлжан)3.Елбасының әжесінің аты? (Мырзабала)4.Харалықарлық «бөбек»
балалар қайырымдылық қорын басқаратын кім?(Сара)5.Елбасының
бастамасымен ашылған оқу орын түрі? (Университет)6.Назарбаев-
қазақстанның ең жоғары ерекше үлгідегі қандай орденімен
марапатталды? (қыран)7 Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі \Әнұран\8
Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі
\Қарағанды\9 Елордамыз қай қала? \Астана\10 Қазақстанда шығатын ең
басты қазба байлығы, қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\11 Ащы және тұщы
судан тұратын Қазақстанның ірі көдлдерінің бірі \Балқаш\12
Еліміздің бұрыңғы астанасы, \Алматы\13Қазақстанның ең суық жері
\Атбасар\14Қазақстанның мемлекеттік Рәміздерінің бірі Әнұранның
авторы \Жұмекен\(жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі сабағымыздың
негізгі кейіпкері)Мұғалім: – Ендеше, оқушылар, Біздің бүгінгі
сабағымыздың негізгі кейіпкері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы
өз білетінімізді ортаға салайық. Сонымен елбасымыздың балалық
шағына саяхат жасайық!. Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін
сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып Қазақстан - НұрсұлтанНұрсұлтан
мен Қазақстан тұр егіз.Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,Қазақ елін
мойындауда дос таңдап.Елбасының еңбегі мен нұрланаҚазағымның мерейі
тұр аспандап. Ең алдымен бізге қонаққа Есік қорғанынан табылған
қазақ тарихының «алтын » куәгері Алтын адам келе жатқанын
айтамыз.Қазіргі айтылатын мәліметтерге мән беріп отырыңыздар. Алтын
адамның сұрақтары да сол туралы болады.Елбасының жүрген
жолына саяхат жасау –ол әрине, балалық шағынан бастау алады.
Мұғалім:Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар
аударайық. Елбасының балалық шағы.Оқушылар елбасымыз жайлы
қандай мәліметтер білеміз? (Оқушылар елбасының балалық шағы жайлы
мәліметтер айтады) :
1-оқушы: Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең
ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына,
бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын
жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне
қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол
стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы
оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті
бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия
комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек
еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын
меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын
атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері
жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы
органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында
партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және
республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін
хатшы
болды.4-оқушы: Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси
өмірбаяны
басталады.5-оқушы. 1991
жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
ІІ –кезең: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:Елбасымыздың қызмет
еткен кезеңдері:1960-1969 жылдары-Қарағанды металлургия зауытында
жұмыс істеді.1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау
қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер
атқарды.1973-1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы.1977-1979
жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы. 1979—1984
жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
хатшысы.1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасы.1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы.1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР
Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1991 жылы 1-желтоқсанда
жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев
(98,7)дауыспен жеңіске жетті.1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005
жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым
дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып
сайланды.Президентіміздің қол жеткізген жетістіктерге
тоқталсақ:-Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;—
Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;— Қазақстан халықаралық
мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді
мемлекетке айналды;— ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған
мемлекет;-Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет-
Қазақстан;Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен,
тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге
шақырған үлкен тұлға. Әлем елдерінің бірқатар басшыларының
президентіміз туралы айтқан жылы лебіздері: Кофи Аннан – БҰҰ-ның
бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы
сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық
өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп
жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық
нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».Ким Дэ Чжун –
Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және
экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы
оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып
келеді». Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы
президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен
Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің
жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар,
Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы
мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік
қызметі үшін ризашылығын білдірді».Елбасы – туған халқын, туған
жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де,
шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.
ІІІ кезең «Біздің тұңғыш Президентіміз»Мұғалім: Оқушылар, үйге мен
сендерге шығармашылық тапсырма берген едім. Иә, кім ойлап, не алып
келді екен? Қане, балалар, шығыңдаршы, өз ойларыңды жеткізіңдер.–
Мен шықсам бола ма?– Иә, шыға ғой Сұлтан.– Мен бүгін өз ойымнан
мынаны жасап келдім. Мұның атын мен әлі қойған жоқпын. Бірақ,
осындай ғимарат болса екен деген ой келді де, ағашқа ұқсас діңі
бар, тармақтала жан-жаққа таралған бұталары бар, төбесінде алтын
жұмыртқасы бар ғимарат көз алдымнан кетпей қойды. Содан сой,
осындай әлемде жоқ ғимараттар біздің елімізде болса екен деп
ойладым. Бүгін мен жәй жобасын жасадым. Келешекте осы ғимаратты
шындыққа айналдырғым келеді.-Осы айтқаның періштенің құлағына
шалынып, еліміздің төрінен келешекте осындай ғимараттар орын ала
берсін. Осы бетіңнен тайма. Жарайсың, отыра ғой!Мұғалім: Елбасының
асқақ армандары мен жетістіктері, міне, осы күндерден
басталды.Топтастыру;–Негізгі кейіпкерімізге мінездеме беріп
көрейік. Елбасымыз қандай адам?Ақылды, білімді, қайсар, қайратты,
мәдениетті, өнегелі, тәрбиелі, жігерлі, батыл, ақын, сауатты, аңшы,
спортпен шұғылданады, т.б.Елбасы жайлы мәлімет.
4-оқушы: 1991 жылдың 16
желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз
демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.-Балалар,
еліміздің Рәміздері туралы не білеміз?
5-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік
рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек
Мәлібекұлы, Шотаман
Уәлиханов.9-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан
басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны,
ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан
елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай
мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның
қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл
түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты
жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл
арманды арқалап тұр.
6-оқушы: 2005
ж. желтоқсанның 4 – інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып,
Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.Барлығы:«Осы
тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ
екенімізді сезінеміз»
ІҮ кезең: Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған жолдауы.
Таныстырлым. « Елбасы » әні орындалады.«Елбасы- елдің тұтқасы»
бейнеклибін тамашалайық.«Елім менің» әні, сөзін жазған біздің
негізгі кейіпкеріміз – Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған – Бекболат
Тілеуханов.. Бейнеклипке де назар аударайық. Үкезең: Қазақстан және
ПрезидентОсы бейнеклиптен қандай әсер алдыңдар?Оқушылар , бүгін
біздер елбас ымыз жайлы сабақтан толық мәліметтер алдық деп және
оны өмірлік қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз деп ойлайсыңдар
ма? (Оқушылардың «Өз еліме қосар үлесім» атты тақырыпқа постер
қорғау.) Елбасымыздың қанатты сөздері.Қазақтың кең байтақ жерінде
аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де
қастерлі.