15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты "Сәлем саған, Алтын күз" 2 сынып
Тақырыбы: Салем саған алтын күз
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жоспары:
-
Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)
-
Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушының екеуі де мәнерлеп оқуы керек)
-
Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)
-
Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімджерден үйден дайындап әкелуі керек)
-
Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)
-
Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
-
Білгенге-маржан (сұрақ-жауап)
-
Қорытынды
1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазтра даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
2-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін ардайымсезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып жатса,
1-жүргізуші: Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат көрген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн барма байлығын ол тегін берген!?
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
1-жүргізуші: Нағыс сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
2-жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1-жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
2-жүргізуші:
Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болды,
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды,
Барша жұртты шақырды
Би де билеп, ән айтты,
Қуаныштан шалқыды. Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.
1-жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.
2-жүргізуші: Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
1-жүргізуші:
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен.
2-жүргізуші: Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
1-жүргізуші:
Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастарханмәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін.
2-жүргізуші: Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.
1-жүргізуші:
Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт
Ой да, қыр да, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып,
Ал, балалар, кім біледі,
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?
«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай сары қауын,
Көп піскен соң бақ ішінде. Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне кезек берейік.
О заманда қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар – дарындар
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын.
2-жүргізуші: Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
2-жүргізуші: Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен.
1-жүргізуші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол ніріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
2-жүргізуші:
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
БЕЛОВОД ОРТА МЕКТЕБІ

Тақырыбы:
«Сәлем саған алтын күз»
Өткізген:Алдабергенова Д.С
2014-2015 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген