15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты Сам орта мектеп 1 сынып
Алғыс айту – парызым.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1.Ризашылық, рақмет, алғыс туралы түсінік беру;
2.Үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық, қарым –
қатынасын дамыту;
3.Әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер
Барысы: Ұй ымдастыру.
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп – мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған. Тәуелсіз қазақстандағы аянбай тер төгіп жүрген барлық азаматтардың бір – біріне құрмет білдіретін күні. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Алғыс – біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рақмет айтуы. Алғыс сөзбен немесе қимыл, іс – әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым – қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым – қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп алғыс алған адам бақытты болады. «Алғыспен ер көгерер» деген.
Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той – томалақта адамдардың бір –біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге қарайық. Бастысы алғыс айта білу.
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытқаны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түнде жарығы үшін,
Досқа – қасымда болғаның үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Атаға – жылы құшағың үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – бар байлығын бергені үшін, Отқа – жылулығы үшін...
Проблемалық сұрақ: Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз керек?
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар.»Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ ұлпа қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға
Қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс – әрекетіне қатысты да айтылады. Бір – біреуге үлкендердің кішіге ерекше қатынасын білдірген. Сол себепті қазақ жастары үлкеннен алғыс алуға тырысқан. Мәселен: Үлкен кісілерді аттан демеп түсірген, қолдарына су құйып, орамал беріп қызмет етеді. Сол кезде риза болған ақсақалдар «қарағым ғұмырлы бол, өркенің өссін» деп алғыстарын білдіреді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген