15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты Сам орта мектеп 1 сынып
Атадан жақсы ұл туса уақыты:01.02.19
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, басқа пәндерден алған
білімдерін адам және қоғам пәнімен байланыстыра отырып,өз бетінше ойлай
білуге, оқушылардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге
қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту.
Тәрбиелік: сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба
салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ауызша журнал
Сабақтың әдісі: пікірсайыс
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » - деп бекер айтылмаса керек.
Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білгенғой.
Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,
осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.
II Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат.
Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді.
Халық мақалы
Әрбір қыз бойжетіп,әке – шешесінің ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келін болып түседі. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана боу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты.
Қыздың, яғни болашақ келіннің қолынан іс келуі – міндетті жағдай. Айналадағы адамдарды сыйлау, ата –ананы құрметтеуден басталады.
Әке – шешесін, бауыларын құрметтеп, қадірлей алмаған адам өзге ешкімді де сыйлап жарытпайды.
Еш уақытта ата – анаңа қарсы келме, ұстаздардың шапылдап бетінен алма, сөз қайтарма, бұл сенің отбасыңнан алған тәрбиеңді көрсететінін ұмытпа!
Ер бала еңбекке ерте бейімделеді.Сөйтіп, ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып,ән салуға бейімделген.Демек, қазақ халқының жігіті сегіз қырлы, бір сырлы блсын дегені тегін емес.
Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан өз ұлына бар өнерін, естіген – білгенін түгел үйретуге тырысқан. Ал әр ұл өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеген.
Парасатты әке балаларына, ата –бабаларының іс –әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып,ағайынның туыстық,жақындық қасиетін түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып отыруды парыз санаған. Қазақ «Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол»,- деп бекер айтпаған.
Ұғымды, ойлы ететін зерде – зейінің.
Сені өрге сүйрейтін – өнер – өрісің.
Тек ілгері бастайтын – талабың.
Ешқашан алдамайтын – тапқырлығың.
Қиындықта сыналатын – қайратың.
Бәрінен де күшті – білімің.
Қорытынды:
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір- біріне көмектесуге дайын тұрады.
Біздің бойымызда мына қасиеттер:
Намысшылдық, ақылдылық, сыпайылылық, қонақжайлылық,парасаттылық, елжандылық, адамгершілік, шыншылдық, қайраттылық, әдәлетшілдік,ар -намысты, әдет - ғұрыпты, ырымдарды сақтаушылық қалыптасты, сондықтан бүгінгі сынып сағатымыз арқылы сендерден қылықты, ибалы, міезді, ата – баба салтын қастерлейтін өнегелі де өнерлі, ұятты және көрікті ұрпақ болып қалыптасады деп сенім артамын.
Назар аударып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген