400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сынып сағаты. «Табиғатым - тағдырым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Тәрбие ісі меңгерушісі: А.Ы.Хасанова

Сынып сағатының тақырыбы: «Табиғатым - тағдырым»
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;
Көрнекі құралдар: слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, қолдан жасаған өз өнері, гүлдер, суреттер, «Өзін - өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм,
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой - толғау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі:
Балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат - Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат - Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Өте керемет!

Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Туған ел төсінде» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
І слайд
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар...
Ендеше, балалар, өзіміздің ауылымыздың төңірегіне саяхатымызды бастайық.

1-слайд Ауылым
Неткен күшті, құріреттісің табиғат,
Дәл сенімен тілдескендей адамзат.
Ауыл маңы орман - тоғай аралас,
Сүйсіндірер сайраған құс ғаламат.


ІІ слайд
ІІІ. Саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы – ауа» деп аталады.

1 - оқушы. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ. Адам бар – жоғы бір - екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
ІІІ слайд Ендігі екінші аялдамамыз «Бұлақ көрсең көзің аш» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен?
2 - оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
«Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз.
Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр.
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Мұғалім:
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат - Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман - тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат - Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді, өзі қандай дархан, кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат - Анадан үйренген мейірімділігімізді бір - бірімізге арнаймыз.

Үйге тапсырма:

Табиғат туралы нақыл сөздер мен мақалдар жинақтап келу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1071
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі