жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты "Тамақтану - денсаулық кепілі" 1 сынып
Тамақтану денсаулық кепілі
1 «А» сыныбындағы ашық тәрбие сабағы.
Мақсаты:Салауатты өмір сүруге, еңбекке, спортқа баулу. Жаман әдеттен, денсаулыққа зиянды заттардан алыс жүруге үйрету.
Ұйымдастыру кезені.
Мұғалім сөзі: Балалар, мынау сұраққа жауап беріндерші.
1.Сендер қалай ойлайсындар көнілді болуы неге байланысты?
2.Дені сау адамның көңілі шат, және жақсы болады. Ендеше , балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы :
«Денсаулық – зор байлық» (хормен )
1.Ендеше казір біз сендермен « Қай заттың орны ауысты ?»- ойынын ойнаймыз.Көздеріңді жұмындар .Темекі , алма ,сүт , айран – заттардың орны аустырылып қойылады .
2. – Осы заттардың ішінде адам дансаулығына не зиянды ?
- Шылым .
- Неге .
Шылым шеккен адам өзіне де өзгелерге де зиян келтіреді .Темекіден өкпе ,тамақ аурулары пайда болады .Тағыда ауаны , айналаны ластайды.
3.Қалған заттардың адамға пайдасы бар ма ?
-Ия .Оларда көп дәрумендер бар .
4.Тағы біздің денсаулығымызға пайдалы не ?
-Ол спорт .Спортпен шұғылданған адамның денесі ширақ , шымыр болады .Салқын тиіп ауырмайды.Спорттың қандай түрін білеміз ?
5.Ал мына сұраққа жауап беріңдерші .Сендер күн режимін сақтайсындарма?Күн режимін аташы ?
Ал күніне сендер тістерінді неше рет тазалайсыңдар?(өлнң )
6.Мынау не балалар ?(ол қоржын )Бұл сиқырлы қоржын .Қоржын ішінде әр түрлі тағамдар бар .Сол тағамдардың пайдасы барма ?Алма ,мандарин, сәбіз, кәмпит...Жеке ,жеке айту.
7.Тіс ауруы,кәмпит жайында көрініс .
-Бір крокодил болыпты .Олтәттіні жақсы көреді екен .Бір күні кәмпит жеп тісі аурады .
-Ой ,тісім қақсап барады .Жанымды қоятын жер жоқ – деп дауыстап жылайды .Мұны естіп арыстан мен жолбарыс жетіп келеді .
ЖОЛБАРЫС :-Балалар ,қараңдар мына сұмдықты.. Крокодилге не болған.
КРОКОДИЛ :Тісім аурып барады .
АРЫСТАН :Не болды,жасырма айтшы өзің.Неліктен ісінген бас ,көзің ?
КРОКОЛИЛ :Тісім аурып барады.(жылайды)
АРЫСТАН МНЕ ЖОЛБАРЫС ДӘРІГЕРГЕ АПАРАДЫ .
ДӘРІГЕР:Не болды крокодил саған?.Отыр.Аузыңды аш.Бір сәтке тойынар тәп-тәтті кәмпит үшін.Тәртіпті бұзыпсың қарныңның қамы үшін .Дәрігер емдеп болған соң ,крокодил рақмет айтып кетеді .
8.Міне балалар ,кәмпиттікөп жеуге бломайды екен ,ол тісімізге зиян.Енді осы тіс жайлы не білеміз екен ?
-
Кәмпит жесең көбірек.Тісің жүрер мазалап.
-
Болсың десең тазалық,жүрген жақсы қаралып.
-
Әр тісіңді тазала,үстің,астың бәрінде.
-
Ұшықтырай ауруға,ішің ,сыртың тазала.
-
Бәрін былғап жейберсең,қиын болар өзіңе!
9.Осы денсаулық жайында ,қандай мақал – мәтел білеміз?
-
Аурудың алдын ал.
-
Дені саудың-жаны сау.
-
Тазалық денсаулық негізі.
-
Денсаулық байлық негізі.
ЖҰМБАҚ.
-отыз екі батыр,екіге бөлніп қамалып жатыр.Ол не?(тіс)
-қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым.(тіс,тіл)
ҚОРТУ:Міне ,балалар.Біз бүгін сендермен денсаулық туралы соның ішінде тісті күту туралы коп нәрсе білдік .Ал мына тіс жуатын пасталар түрі екен.Аттарын атау.Тістеріңді күтіп ұстаңдар.
БАҒАЛАУ.
СУРЕТ САЛУ .
Садовый орта мектебі»ММ
Бекітемін
Директордың ТЖ
бойыншаорынбасары
Қуанышева К.Е
__________________
«___»_______ 2017 ж
Сынып сағаты

1 «А» сыныбы
Мұғалім: Абдуова М.А.
Тәрбие құралы.
Төрт түлік сыры.
Досмухамедова А.А
Ата бабамыздың ертеден айналысқан шаруашылығы – мал өсіру.Төрт түлік мал-түйе,жылқы,сиыр және қой ешкінің арғы тегі жабайы аңдар екені мәлім .
Сәлемдескенде «Ассалаумағалекум,ма-басың аман ба ?»дейді .Ең бірінші малды сұрайдыОқушылардың төрт түлік малдың маңызы ,олардың өздерінің ,төлдерінің атаулары туралы білімдері бекітіледі .
-төрт түліктің пайдасы .(алынатын өнімдері )
СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАР ТӨРТ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ.
-
ТОП .Түйе туралы білетіндерін ортаға алады.
1-оқушы.Түйе 1-2 өркешті болып келеді.Қос өркештісін бактриан, ал дара өркештісін нар дейді .Түйе атасын –Ойсылқара деп атайды.Түйені «қос-қос» деп шақырады .2-Түйенің үстіне жүк арту үшін «шөк-шөк» дейді .Сонда ол тізелерін бүгіп шөгеді.Түйені төзімді ,күш-көлік ретінде пайдаланады.
3-Түйеден шұбат алады .Шұбат өте құнарлы,әрі тамақ,әрі сусын.Оның құрамында адам ағзасына қажетті барлық витаминдер,ақуыз,май бар.
4- Қазақ даналығы «Қуырдақтың көкесінтүйе сойғанда көрерсің» демекші еті өте дәмді.
5-Түйе шөлге өте шыдамды.Шөп талғамайды.
6-Апам маған түйе жүнінен кеудеше мен уық тоқып береді Үстіме жамылып жатқан көрпемде түйе жүнінен жасалған,жып-жылы,жеп-жеңіл.Түйенің төлін-бота дейді.Төрт түлік малдың төресі – түйе!
7-Түйенің аталығы-бура .Бура ашулана да біледі.Түйенің осындай да мінезі бар екен.
2-топ.
ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ БІЛЕТІНДЕРІН ОРТАҒА САЛАДЫ .
-
Жылқының еті –бал,сүті шекер,жылқы атасы –Қамбар ата.
-
Жылқынын құрау-құрау деп шақырады. Жылқыға
күш , қуат берсін деп сұлы береді . Жылқы өте таза жануар, ол тек қана мөпмөлдір су ішеді, таза шөп жейді.
-
Жықынын саумалын ашытса қымыз болады. Сары қымыз сауға қуат, ауруға дәрі қымыз. Қымыз
өте пайдалы сусын, мен сүйсіне ішемін.
-
Жылқының төлін құлын дейді. Апам мені еркелетіп
құлыным дейді
-
Ат-ер қанаты . Жылқы өте ақылды жануар. Менің
тайым бар,тайға мініп серуендегенді ұнатамын.
Ол өте жус , бәрін түсінеді
-
Төрт түлік малдың ішіндегі ең төресі – жылқы.
Әкем айтқан: «Машинамыздың күші де ат күшімен есептеледі» деп.
3-топ
-
Сиыр тулары білімерін ортаға салады.
-
Сиыр атасы- Зеңгібаба. Сиырды «аухау-аухау»
деп шақырады.
-
Сиырдың төлін –бұзау дейді.Бұзау өте сүйкімді , кіп-кішкентай ,ол сүтті өте ұнатады.
-
Сиырдың сүті өте пайдалы,одан:айран ,май,ірімшік ,құрт ,қатық жасайды.Еті де өте дәмді.
-
Сиыр да ақылды мал.Олар өрістен өз үйлерін тауып келеді.Бұзауын,иесін таныйды.
4-топ
-
Қазақ халқы қой-ешкіні бір түлікке балап , «қой атасы –Шопан ата» дейді .
-
«Мал өсірсен ,қой өсір өнімі оның көл көрісі»
Қой- өте өнімді түлік .
-
Қойдың төлің –қозы дейді.Менің қозыларым көп.Әкем мені «қозым,қошақаным» дейді .Қойды –«пұшай-пұшай» деп шақырады.
-
Қойдың еті,сүті де өте дәмді, пайдалы.Терісінен тон тігеді.Жүні де керемет
-
(Қошақаным .)-өлеңі.
-
Ешкі –тынымсыз,секектеп жүретің мал.Ешкінің серкесі ақылды болғандықтан,табындағы қойларды жайылымға бастап апарып қайтадан қораға алып келеді.
-
Ешкіні «шөре-шөре»деп шақырады.Ешкінің төлін лақ дейді.
-
Ешкінің сүті, еті,терісі,жүні-бәрі адам үшін өте қажетті әрі пайдалы.Ешкі атасы-Сексек ата.
-
Шошқа мен есек төрт түлікке жатқызылмайды.Есекті «күші-адал,еті-арам»деп тек күш-көлікке санайды.Мұсылмандар шошқа етін жемейді.
Төрт топтан 1-1 оқушыдан тақтаға шығып, төрт түлік малдың суретін салады.Белгілеген мерзімде кім бұрын салады, сол оқушы жоғары бағаға ие болады.-
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген