400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Тәуелсіз елім - тірегім" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты "Тәуелсіз елім - тірегім" 2сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пән мұғалімі: Баян Уразбаева


Тақырыбы: «Тәуелсіздік – таң нұры»

Мақсаты:Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды елін, туған жерін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд материалдары, тәуелсіздік туралы бейнероликтер, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.

Сәлемдесу.

Сергіту сәті

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан әр күнге

-Балалар жақында қандай мереке келе жатыр?

Тәуелсіз Қазақстанға 25жыл

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік – таң нұры»

-Балалар бүгінгі күнгітәрбие сағатымызда мен елбасының сөзін алдым.

«Өз тарихын білмеген халық, өзінде сыйламайды.» (Н Ә Назарбаев)

-Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

Қазақстан

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан

-Отан деген не, кім қалай түсінеді?

-Қазақстан туралы не білесіңдер?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

«Тәуелсіз» мемлекет

«Тәуелсіздік» сөзін қалай түсінеміз?



Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынан не кешпеген, не өтпеген. Қаншама ерлеріміз халық қамы үшін құрбан болған. Азаттық үшін қылыштарын сермеген, бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. Азаттықтың таңы ертеме кешпе ататынына кәміл сенді.

Тәуелсіздікке біз қалай қол жеткіздік?


Тарих қойнауынан үзінді (видео)


Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты бастан кешірді. Біздің ата бабаларымыз мойынсынбады.Ерте ме кеш пе еркіндікке қол жеткізетініне сенді.

оқушы:

Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Бірақ бұдан да асқан жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.

оқушы:

Отаршылдыққа қарсы Сырым, Исатай мен Махамбет, Кеңесары Жанғожа мен Есет, Амангелді т б күресті, бодандықтан азат болуды аңсады.

оқушы:

1925-1933ж. Елімізді басқарған Голощекин «Қазақстанда әлі ревалюция болмаған» деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық тығырына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, 3-миллиондай қазақ аштықтан қырылды.

оқушы :

Асыра сілтеу қазақ әдебиетінде жайқалған теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан,Міржақып Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс, Сәкен т б өзі өлседе аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ бас иіп , олардың жолын жалғастырады.

оқушы.

1941-1945 жылдары Азамат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті.Жүзге тарта қазақ қаһармандарына « Кеңес одағының батыры» деген атақ берілді» .

-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан?

Ия, осылай деп тебіренген қазақ елінің қамын ойлаған Қаздауысты Қазыбек би болатын.

«Өткен жылдар өткен жоқ санада тұр,

Талай сауыт тоздырды дала батыр» деп Мұқағали ақын жырлағандай. Өткен жылдар ұмытылмас тарих болып қалады. Соның бірі беріде болған, барша қазақтың жүрегін сыздатқан «Тәуелсіздікке» қол жеткізудің бірден – бір себебі болған 86-жылдың 16-желтоқсаны.

Желтоқсан көтерілісі үзінді (видео)

Желтоқсан көтерілісі туралы не айтасындар?

оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

оқушы. Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.


Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетітің 1-хатшысы, Қазақстанға 20-жылдай басшылық еткен ДінмұхамедҚонаевті қызметінен босатты. Оның орнына орыс ұлт өкілі Григорий Колбинді саяси бюроның шешімімен сайлайды. Бұл шешімге наразы білдірген қазақ жастары алаңға шықты.

Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан, «Тәуелсіздік» үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны «Тәуелсіздік» күні болып тарихқа енді. Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған.Тәуелсіздік таңы атып, еліміздің қанаты жайылды, төбемізде туымыз желбіреп, өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ел Ордамыз –Астанада бой көтерді.

«Әріптерді сөйлету» оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

«Тәуелсіздік» сөзінің әріптерінің мағынасына тоқталайық.

Т-білдіреді теңдікті

Ә-әдептілік әлдікті

У-уайымсыз уақытты

Е-егемендік елдікті

Л-дейді лағып лепірме

С-сенімділік секілді ең

І-ілтипат қой

З-зиялылық тілек қой

Д-шақырады достыққа

І-ізет қой

К-дейді күн боп көктегі

Міне, «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын ашып алдық. Ал енді, Қазақстан республикасы туралы не білеміз?

Ия балалар, Қазақстан республикасының жері үлкен, өте әдемі, табиғаты әсем, байлығы мол елдің біріміз.

Жер көлемі жағынан дүние жүзінде 9-орын аламыз. Қазақ елі төрт облыстан, 14-қаладан тұрады.Көп ұлтты мемлекеттердің қатарындамыз. Әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың дені көбі қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін жақсы меңгерген. Әр түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Дүние жүзінде көптеген таныған елміз.

Олай болса балалар «Қазақстан» картасын құрастырайықшы!

Әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады. Сондай-ақ біздің еліміздіңде нышандары бар.

Рәміздеріміз қай жылы қабылданды?

1992 жылы қабылданды.Олар: елтаңба, ту, әнұранымыз .



Елтаңба –қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар, жоғарысында бес бұрышты жұлдыз жанады, «Қазақстан» жазуы жарқырайды.

Туымызға қарасақ, көңілімізді мақтаныш кернейді. Туымыз әлемнің барша елдерімен тереземізді теңестіргенде бойымызда алау оты жанады. Туымыз асқақ желбіреп тұрады.

Әнұран-біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өміршең үніміз қалықтай шырқалғанда туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылы еліміз мына тал секілді болатын. Себебі, біз енді «Тәуелсіз» алған мемлекет едік.


Ал енді 25 жылдық тарихы бар еліміз мына тал секілді жайқала шықты.


Осы тал секілді біз елімізде көркейіп, сұлуланып жылдан-жылға дамып келеді.

25 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып, 1991-2016 жылдар аралығын таразыласақ.

Олай болса тәуелсіздік шежіресіне тоқталайық.

Оқушыларға сұрақ қойылады.

Ал, Тәуелсіздік жылы қай жылы қол жеткіздік?

(балалар қолдарына жыл жазылған қағаздар)

1.1991ж 16-желтоқсанда Қ Р өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж 15-қараша Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі

4.1994ж Орталық Азия Бірлестігінің құрылуы

5.1995ж 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

6.1996ж Ең алғаш рет Олимпиадаға қатысып, 3алтын, 4күміс, 4қола акелген.

7.1997ж 10-қазанда «Қазақстан -2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы жарыққа шықты.

8.1998ж Халықаралық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы

9. 1999ж Ұлттық тұрғындар санағы

10.2000ж Мәдениет жылы

11.2001ж Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай экономиканы өркентету.

12.2002жДенсаулық жылы

13. 2003жАуылды дамыту жылы

14. 2004жПарламент мәжілісінің кезекті сайлауы

15. 2005ж 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қ Р Президент сайлауы

16.2006ж «Қазақ елі» монументінің ашылуы

17.2007ж Қазақстанның 2010 жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

18. 2008ж Астананың 10 жылдық мерей тойы

19. 2009ж 25-ақпанда ҚР Халықтық санақ жүргізді

20.2010ж «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу» Жолдау

21. 2011ж Қаңтар –ақпан айларында ҚР Азия ойындары өтті.

22. 2012ж 1-желтоқсан алғаш президент күні болып жарияланды.

23.2013ж «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру.

24.2014ж Астана күні қарсаңында елордада жаңадан ұлттық музей ашылды.

25. 2015ж Қазақ хандығңына 550 жыл

26. 2016ж Тәуелсіздікке 25 жыл


Міне балалар, Өткен күн, Кеше,- тарих

Келер күн, Ертен,- сыр

Ал бүгін күн, -үлкен сый –деп Төлеби атамыз бекер айтпаған.

Кеше – бабалар аңсаған азаттық

Ертен –Мәңгілік ел мұратым

Бүгін –Тәуелсіздікке 25жыл

Қазақ елін арманына апаратын бірден –бір жол ол «Мәңгілік ел» идеясы.

«Мәңгілік ел» дегенді қалай түсінеміз?


Оқушы: Мәңгілік ел –ата бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

-Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қалайтын.

-Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

-Ол Мәңгілік Ел идеясы. (видео)


Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.

-Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті.

Олар кімдер?

-Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдар « Қазақстан -2050» стратегиясяның түп қазығы.


Балалар, мына суретке назар аударайық!

Бұл ненің суреті ?

Бұрын бұл суретті көрдіңдер ме?

Бұл неге ұқсайды?

Бүгінгі сабақта осы суреттің қатысы бар ма!

(оқушылар ойларын ортаға салады)

Олай болса «Пазыл құрастыру» ойынын жалғастырамыз.

Тақтадағы суретті өшіремін, алдарыңда берілген қиынды қағаздан біздің Мәңгілік еліміздің логотипі шығу керек. Осы логотиптің мағынасын ашу.


Бұл белгілерде мемлекеттіліктің түпкі негіздері көрсетілген: Мемлекеттік Елтаңба, шаңырақ,киіз үйдің жиналатын керегесі, сайын даладағы күн шүғыласы, тұңғиық теңіздің тереңдігі, туысқан аға-іні мен ана –сіңілілердің, әке мен баланың елдің бүкіл тұрғындарының бір-бірінің қолының қысуы.

Белгінің маңыздылығы –бірлікте, демек,қуаттылықта.

Сондай-ақ бір-бірімен қабаттаса келген сызықтардан біз байланыстардың беріктігін, мызғымас достықты және түсіністікті көре аламыз. Ол ағалармен әпкелердің, әкелермен балалардың, еліміздегі барлық адамдардың қол алысуын білдіріп тұр. Сондықтан біріге, бірлесе отырып, қазақстандықтарға алға қойылатын мақсаттарды орындай алады және елді даму мен дәулеттіліктің жаңа деңгейіне шығара алады деген нық сенімдеміз.


«Ендігі ұрпақ –Мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы –Мәңгілік Ел !-деп елбасымыз айтқандай Мәңгілік елімізідің болашағы мына сендерсіңдер!


Осынау қарыштап дамып келе жатқан мемлекетіміздің көркейту үшін

«біз кім?» кәне, ойымызды ортаға салайық!

-Тәртібімізбен сапалы білімімізбен үлес қосатын ұрпақтармыз.

-Озық технологиялармен жабдықталған мектектепке қол жетккізген ұрпақтармыз.

-Интернет жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған,білімге құштар оқушылармыз.

-Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушымыз

- Үш тілді жетік меңгеретін ұрпақтармыз

-Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау оқушылармыз.

-Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Тәуелсіздік мейрамына орай тақтаға күн дөңгелегін оналастырамыз. Күннің әр арайына 25жылдыққа тілектеріңді білдіреміз.

Күн шапағатын шаша, сәулесін төгіп, еліміздегі тұрақтылықпен бейбітшіліктің символын көрсеттік.

Күн ортасына қыран құстың бейнесі орналасқан. Қыран құстың бейнесі елдегі еркіндікті айшықтап тұрды. Парасат байымға толы 25 жылдық белесі бар күн шапағына тілектер жазылды.


Қорытынды:

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар.Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талантпен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінгімізді ертеңіне жалғайтын, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік!






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі