Тақырыбы: Тәуелсіз
елім- Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерімен, тарихымен таныстыру.
Дамытушылық. Оқушылардың
дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын,
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Болашаққа
өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз
ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық,
эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: суреттер,
ҚР-ның рәміздері, музыка, слайдтар
Сұрақ-жауап
“Тәуелсіздік
күніне арналған тәрбие сағатын бастамас
бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен
таныстырып өтейін.
-
тәуелсіздік мерекесі егеменді еліміздің
мерекесі,
отанымыздың
мерекесі
-
ал Отан деген не?
-
Туған жеріміз деп нені айтамыз
-
туған жер туралы қандай мақал-мәтел
білесіңдер?
Алтайдан
Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен
еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті
арман еткен. Осынау кең даланы көк
найзаның ұшымен, сом білектің күшімен
қорғаған бабаларымыздың аманатын
орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке
барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан,
Шотан батырлар, беріректе Бауыржан,
Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел
қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан
болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен
дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда
Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова
сияқты қыршын жастардың құрбандыққа
баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып,
егеменді ел болдық.
Міне
содан бері 28 жыл!
Слайд
тамашалау «Еліміздің батырлары»
Қазақстан
Республикасы- біздің туып өскен жеріміз,
Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден
тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер
игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін
болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған,
яғни біз үшін!
Қазіргі
кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі
түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп
жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз
бар.
Қазақ
халқы осы еркіндікке жету үшін- қаншама
қиындықты басынан өткізді.
Слайд
тамашалау «Тәуелсіздікке апарған жол»
Ең
бастысы- біз Қазақстан деген ортақ
үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып,
ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-
тәтті көптеген ұл өкілдері өмір сүріп
жатырмыз.
Әр
халыққа тән өз биі болады , сол бидің
әуенін жасырамын, ал сендер тауып
көріңдер
Грузин,
еврей, орыс, беларус, украин халықтарының
ұлттық би әуендерін табу
Ал
қазақ халқының биі Қаражорғаны біз
қазір барлығымыз билейтін боламыз
Қаражорға
биін сыныппен орындау
Қорытынды: -
Сабағымызды аяқтай келе сіздерді
Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен
құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды
«Көк тудың желбірегені» атты өлеңімен
қортындылайық
«Көк
тудың желбірегені» әнін сыныппен орындау