жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты: "Тәуелсіз менің елім - Қазақстан" 2-сынып
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
«Архангельское орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Дукетбаева Анаргуль Тлегеновна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз менің елім – Қазақстан!
Тәрбие сағатының мақсаты:
-
оқушыларды өз елімізді, Отанымызды сүюге, құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу
-
оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылықтарын дамыту
-
оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру
Көрнекілігі: плакаттар, Қазақстан картасы, слайд, суреттер
Тәрбие сағатының барысы
Психологиялық дайындық.
«Шаттық шеңбері»
Бір, екі үш,
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасаймыз,
Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан тұрамыз.
Бір, екі, үш,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір, екі, үш
Бұрыламыз солға бір, екі, үш
Жоғары қолды созамыз,
Біздер тату баламыз.
-
Балалар, біз қандай баламыз?
-
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-
Еліміздің астанасы қай қала?
-
Еліміз қандай мемлекет?
-
Ендеше, осындай егеменді, тәуелсіз, жас мемлекетте өмір сүріп жатқан біздер БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!
-
Еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Әнұран айтылады.
Жүргізуші.
-Бүгін біз сан жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
-
Қазақстан көп ғасырлық тарихы мен мәдениеті бар мемлекет. Бұл жерде қазақ халқы ерте заманнан бері өмір сүріп келеді. Қазақтар мал бағып, егіншілікпен шұғылданып, жаулардан өз жерлерін қорғады. Осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткізді. Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздік алуға тырысты.
Мұғалім:
- Құрметті қонақтар сүйікті балалар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 22 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
-
1990 жылы 25 қазанда Мемлекет суверенитет туралы Декларация қабылдады. «Суверенитет» деген «тәуелсіздік» дегенді білдіреді.
-
1991 жылы 16 желтоқсан елімізде «Қазақстан Республикасы мемлекетінің Тәуелсіздігі туралы» Ата Заңы қабылданды. Сол уақыттан бері 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
1-бала
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
2-бала
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде
1-бала:
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
2-бала:
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады
3-бала:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
4-бала
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
5-бала
Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығымның атын айтса - Қазақстан!
Ән: «Қазақ елі»
Картадан Қазақстан жерлерін көрсету.
Мұғалім
Балалар, біздің еліміздің картасы өте үлкен. Себебі, біздің жеріміз өте кең, байтақ жер. Біздің республикамыз Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан және ғаламат жер көлемін алып жатыр. Мемлекет аумағы батыста Каспий теңізінен, шығыста Алтай тауларына дейін 3000км, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань сілемдеріне дейін 1700км-ге созылып жатыр.
Қазақстан қалаларына саяхат
слайд: «Здравствуй, столица»
Ойын ойнату. «Кім көп қала атын біледі?» Қазақстандағы қала аттарын атап шығу. Ортаға 4 оқушы шығады, оларды 2 жұпқа бөлеміз де әр жұп кезектесе отырып қала атын атау керек. Қай жұп жаңылмай атайды сол жұп жеңеді.
-
Еліміздің астанасы қай қала?
-
Астананың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
слайд: «Астана»
Астана туралы өлең шумақтары оқылады.
1-оқушы
Алтын ордам – арайланған Астанам,
Жаңа дәуір көшін алға бастаған.
Сенсің менің жаңа қалам, бас қалам,
Шалқып жатқан той думаны, асқақ ән.
2-оқушы:
Астана –арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана-сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
3-оқушы:
Сәулесі түскен Есілге,
Сарыарқа төсінде.
Армандай әсем қала бар,
Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.
4-оқушы:
Астанам саған табынам,
Аңсаймын, сағынам.
Таңдарың қандай жарқын,
Жандарың қандай алтын,
5-оқушы:
Бақытқа бастаған Астанам.
Биікте болсын байрағың,
Мақтаным, айбарым.
Күн өткен сайын құлпырып,
6-оқушы:
Көктемгі әсем гүлдей жайнағын.
Елордам менің еңселі,
Ерліктің өлшемі.
Арудай қала, аяулым,
Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.
Мұғалім:
Балалар, енді сендер еліміздің рәміздерін атаңдаршы.
-
Рәміздерді біз қай жерлерде орналастырамыз?
-
Әнұран қай кезде орындалады?
-
Сендердің рәміздерде қаншалықты білетіндіктеріңді мына ойын арқылы тексереміз. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. 1-топ Әнұран, 2-топ Елтаңба, 3-топ Ту. Әр топ өзіне сәйкес келетін белгілері мен авторларын жинастырады.
Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Шәкен Ниязбеков, Шәмші Қалдыаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
Слайд: Рәміздер көрсетіледі.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
1-бала: Анамыздай тілеуі-ақ,
Отан бізде біреу-ақ!
Ол – біздің Қазақстан!
2-бала:Алтай – Жайық арасы –
Жарты әлемдей даласы
Ол – біздің Қазақстан!
3-бала:Кенге толы қойнауы ,
Төлге толы жайлауы.
Ол – біздің Қазақстан!
4-бала:Жастан сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусар ән.
Ол – біздің Қазақстан!
Мұғалім:
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты, біртұтас, жас, сауатты, демократиялы, бақытты мемлекет.
-
Балалар өз жауаптарын тақтаға барып жазады.
Слайд: Қазақстан қандай мемлекет?
Мұғалім:
-
Енді. білімімізді толықтырып, тексере түсу үшін ойын ойнаймыз. Сұрақтар Қазақстан тақырыбы бойынша алынады.
Ойын: «Әріптер сөйлейді»
-
А – Еліміздің оңтүстік астанасы. (Алматы)
-
Ә – Абылай ханның шын есімі. (Әбілмансұр)
-
Б – Астана қаласының символы. (Бәйтерек)
-
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға. (Валюта енгізілді)
-
Г – Тарихтың атасы (Герадот)
-
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ? (Ғасыр адамы)
-
Е – «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қаласының маңынан)
-
Ё – Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусым)
-
И – Елбасының мамандығы. (инженер-металлург)
-
Т – Қазақстанды ең алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет. (Түркия)
Тәрбие сағатын қорытындылау
-
Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе елімізге, Отанымызға әр бала өз тілегін жолдасын.
-
«Қазақстан» деген сөздегі әрбір әріпке сәйкес тілек айту
-
Қ – қайратты
-
А - азаматшыл
-
З - зейінді
-
А - айбынды
-
Қ - қажырлы
-
С - салауатты
-
Т - табысты
-
А - ардақты
-
Н - намысты
-
Ендеше Тәуелсіз Қазақстан елімізге өз тілектерімізді тілей отырып, әр бала өз кішкентай қырандарын апарып еліміздің көк аспанына жапсырады.
Балалар жапсырып жатқанда күй ойналып тұрады.
1-бала:
Еліміздің белгісі көк туымыз әрқашан желбірей берсін.
2-бала:
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Жаса, Қазақстан!
3-бала:
Той тойға ұлассын!
Тәуелсіздік баянды болсын!
Ұзағынан сүйіндірсін!
Мұғалім:
-
Біздің Елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз».
2-сынып оқушыларының орындауында «Қазақ биі»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген